Кемеңгер Елбасы

Сабақтың тақырыбы  Кемеңгер Елбасы

Мақсаты: 
Білімділік: Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып — өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
Тәрбиелік: Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
Дамытушылық: Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу.
Көрнекілігі: слайдтар көрсету, үнтаспа, шарлар, суреттер,  «Нұрсұлтан Назарбаев — тұңғыш президент» Біздің Елбасымыз — Н. Ә. Назарбаев
Барысы: Үнтаспадан «Елім менің» (әні естіліп тұрады)
І бөлім Президенттің өмір жолы

«Миға шабуыл» оқушыларға сұрақтар қойылады.
— Біздің президентіміз кім?
— Н. Ә. Назарбаев
— Қазақстан Республикасында Президент сайлауы қай жылдан басталды?
— 1991 жылы 1 желтоқсанда өткен ең алғашқы бүкілхалықтық сайлауда 98, 7% дауыспен Н. Ә. Назарбаев сайланды.
«Көк тудың желбірегені» әні тыңдалады.

. /№1 слайд/
— Неліктен Тұңғыш Президент күні мерекесі 1 желтоқсанда аталып отыр? /Өйткені
1991 жылы 1желтоқсанда Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайлады./
— Ал Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірі мен қызметі туралы не білесіздер?
Оқушылар өздері білетін мәліметтерін айтып шығады. Сосын жоспар бойынша дайындалған фактілерді слайд арқылы көрсетіп, түсіндіремін.
Жүргізуші:Досымжан
Балалық шағы./ слайд/
• Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6 — шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Балалық шағы таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау — бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды. Өзі еске алғандай, өсірген аз — маз өнімдерін сатып, үй — ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата — анасын қатты құрмет тұтты.

Жүргізуші: Жангүлім

Жұмысшы Нұрсұлтан /слайд/
  Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды. Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург – жұмысшы мамандығын меңгерді. Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.(слайд)
Жүргізуші:Досымжан  Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді. Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды. Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.
Жүргізуші: Жангүлім      : Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды. Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.
!

                                                          ІІ- бөлім

                            Нұрсұлтан Назарбаевтың –  саяси өмірбаяны

    Жүргізуші:Досымжан         1991 жылы 1 — желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды.

 «Елбасына»(Арсен)
Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады-ау кісілік!

16-оқушы: Бағдәулет
Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
Үлкен-кіші, ағайындар – бәріміз.
«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де, әніміз.

17-оқушы: Диас
Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,
Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.
Президентім, елбасы, аман болғай,
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!

1992 жылы 4 маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді. / слайд/

Елтаңба

Қатар шапқан қос тұлпар ,

Ай астында қазақы үй

Қалықтаған жас сұңқар

Шарықтаған таза күй

Бұл- таңбасы елімнің

Елдігімнің белгісі

Мұнда да бар ерлігім

 Мұнда да бар жер күші

Біздің  Ту

Айнымайды аспаннан

Біздің Тудың бояуы

Оны халық қашанда

Биікке іліп қояды

Жанатындай өзі отша

Жалын шарпып бетіңді

Туымызда қазақша

Сөйлеп тұрған секілді

Әнұран

Әнұраным – жан ұраным

Айтар әнім ,сөйлер сөзім

Ол әні ғой жүрегімнің,

Мың қайталап айтам мұны

Бақыт , бірлік- күн талабы

Тоқтамайды дабыр әні.

Мәңгі – бақи шырқалады

Республика  Әнұраны !

    Жүргізуші: Жангүлім               1993 жылы 15 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы – Теңге айналымға енгеніне 20 жыл болды / слайд/
Гүлзира

Ақшам шықты өзімнің тұңғыш рет,
Білдім дербес елімнің үлгісі деп.
Бейнеленген хан, ақын, ғалымдарым,
Беттерінен көз тартып тұрды сурет.
Теңдікті айтып тұр аты теңге деген,
Құт-береке болшы бір елге келген.
Өз туы, елтаңба, әнұраны бар
Айтыңдаршы, енді елім кем де неден?

Жүргізуші:Досымжан      
1995 жылы 28 қаңтарында тәуелсіз ҚР – ның тұңғыш «Ата Заңы» қабылданды./ слайд/
«Ата Заң» Арайлым
Азат елдің басталған айқын жолы тәрізді,
Ата Заң деп аталған Конституциямыз бар біздің.
Ата Заңмен бекіткен дербестігін еліміз,
Ата-баба мұра еткен, тұтастығын жеріміз.
Халық сенген заңымыз әділдікті қолдайды,
Жақсарсын деп халіміз адам құқын қорғайды.
Дейді заңы мемлекет үлкенге де, балаға:
“Оқу оқы, еңбек ет, кәсіп жаса қалаған!”
Әрбір бабы маңызды, әр көңілдің жыры бір,
Бізде 30 тамыз – Ата Заңның күні бұл.
Ермек Өтетілеуұлы.

Мұғалім: Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев туралы біз тағы не білеміз және не айта алар едік?
Сол мақсатта «Менің Президентім» деген тақырыпта жазған бірнеше оқушының шығармаларын тыңдасақ.
Мұғалім: Шығармада аталғандардан басқа Елбасын қандай адам ретінде танисыңдар

    Жүргізуші: Жангүлім     Елбасы үлкен саясаткер болуымен қатар жан — жақты дамыған тұлға, барлық қазақ азаматтары сияқты жылқыны жақсы көреді. Сондай — ақ өнерге де көп көңіл бөлетін адам. Ол кісінің «Елім менің» және «Үшқоңыр» әндері бар. Бұл әндердің сөзі Н. Әбішұлыныкі екенін біз мақтанышпен айтамыз.
слайд
«Үшқоңыр» әнін тыңдау.
      Жүргізуші:Досымжан : «ХХІ ғасыр әлем саясаткерлері Н. Ә. Назарбаев туралы кітабында Еуропаның тіс қаққан кәнігі саясатшылары, мұхиттың арғы жағындағы алпауыттар бас түйістіріп, тілдесе қалса, біздің Елбасымыздың шешендігіне үйіріліп түсе қалады.
(слайдтан Әлем басшылары және Елбасы)
Жүргізуші: Жангүлім

 Өркендеп өскен Қазақстанның әлемдегі бүгінгі орны мен беделін мақтанышпен айтуға болады. «Ел – Елбасына тірек, Елбасы – елге қалқан. Бұл — бүгінгінің шындығы. Нұрсұлтан Назарбаев десе — Қазақстан; ал Қазақстан десе — Назарбаев ойға оралады деп, халықаралық қауымдастықтың мойындағанынан толық аңғаруға болады.
Сонымен қатар, «Қазақстан – бақытты ел, Президенті танымды, халқы қарымды, досы көп ел екенін де мақтан тұтамыз. Ел тарихын тұлғалар жасайды. Тұлға — елдің тұғыры, Тұлға -елдің тұтқасы. Біздің Президентіміз Н. Ә. Назарбаев – осындай тұлға.»

Жүргізуші:Досымжан : Елбасы үнемі Қазақстанның түкпір — түкпірін аралап, барлық обылыстарда болып, елмен етене араласып, олардың жүрекжарды әңгімелерін тыңдап, жағдайларымен танысты.
Мұғалім: Н. Ә. Назарбаевтың жазған «Ғасырлар тоғысында» атты кітабында «Қазақтар талай жерде тұтасымен қырылып кетуге шақ қалды. Бірақ өмірге құштарлық, азаттыққа құштарлық қайтадан жығылған еңсені көтеріп, тәуекелге бел буғызды.»
Мен өз халқымды сүйемін. Оның мені бала кезімнен сабыр мен парасатқа баулығанын мақтаныш тұтамын. Қанша қиындық көрсе де, абзалдылығы мен сабырлылығын, басқа халықтарға деген сыйлаушылығын сақтай білген халықты, қазіргідей қиыр — шиыр тарихи сын кезеңде өзім ажырамас бөлшегіне айналып отырған асыл жұртымды, ХХІ ғасыр табалдырығынан аттап, өз талабын тағы бір сынап көргелі отырған тәуекелшіл ұлтымды қалай мақтаныш етпеспін. Қалайша бас имеспін.»

Жүргізуші: Жангүлім             : Н. Назарбаев — бәрінен бұрын өз міндетін, өз тағайындалуын терең сезінетін, үлесіне тиген міндетті жауапты әрі қажырлықпен атқаратын адам. Ол әр қадамын шын мәнісінде өте мұқият есептейді: ол үшін саясатшы болу — бойға біткен дарынмен қатар күн сайынғы аса ауыр жұмыс және өмір дағдысы.
ІІІ бөлім    Киелі менің Елордам

   Жүргізуші:Досымжан : Астана — ҚР — ның саяси, әкімшілік және мәдени орталығы. Елбасы — Н. Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың басшы орындары Президент кеңесі, ҚР — ның Үкіметі және Парламент көшіп келді. Еліміздің басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады.
Мұғалім: Кезінде Н. Ә. Назарбаев: «Егер келешекте қолымнан іс келетін азамат бола қалсам, қазақ деген халықты дүниежүзіне танытып, терезесін тең етер едім»,- деп армандаған болатын.
Жасыратыны жоқ, бүгінде асқақ арманын орындалды. Қазақты дүние жүзі таныды. Оның кең байтақ даласын, қазынасы мол жерін, дархан жатқан бейбіт елін дүниенің төрт бұрышы біледі.
Кезінде назардан тыс жатқан, материктің ортасындағы Орталық Азиядағы қазақ елі де сыртқы саясатта өз орнын айқындап, төрткүл дүниемен айналасы аз ғана уақыт ішінде байланыс орнатты. Ал ел өміріндегі осындай маңызды тарихи кезеңдерде мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың қосқан үлесінің орасан зор екендігіне ешкімнің күмән келтірмейтіні тарихи шындық,

Жүргізуші: Жангүлім : 1998 жылы 10 — маусымда жаңа астананың ресми тұсау кесері болды. Қала Есіл өзенінің оң жағалауында Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан.
Көтереді шаңырақ Астанам асқақ,
Жаңарып қалам, жасарып далам!
Басыңнан серпі бодандық жүгін,
Кетпейді ойдан Отандық ұғым.
Арыстан жүрек, айбынды елім,
Таниды сені бар әлем бүгін.
(Астана туралы слайд)
Жүргізуші:Досымжан : 2006 жылы 7 — қаңтарда әнұран қабылданды.
Егемен елім әнұраны жанарды,
“Менің Қазақстаным” жер жүзіне таралды.

Сөзін жазған Жұмекен Нажмединов /1956 жыл/ және Нұрсұлтан Назарбаев /2005 жыл/.
Ән: «Елім менің» (сөзі: Н.Назарбаев, әні: Б.Тілеуханов

                 ІҮ. Өлең оқу «Аман жүрші, атамыз».

1 – оқушы  Нұрсұлтан
Биіктей бер, Нұр аға,
Қыран қанат талмасын.
Қадірлемей тұрама,
Халық сіздей тұлғасын.
2 – оқушы Арсен
Гүлдене бер, Отаным,
Көтерген туын Нұр ағам.
Көбейткен достың қатарын,
Нұр аға — біздің ұлы адам.
3 – оқушы Арайлым
Міне осындай егеменді еліміз,
Кең жазира ұлан байтақ жеріміз.
Туған елін, туған жерін сүйетін,
Біз қазақтың ұланымыз еріміз.

4 – оқушы Мирас
Мен қазақтың ұланымын елімнің,
Мен қазақпын, тірегімін жерімнің.
Ұланымын туын көкке көтерген,
Болашаққа алға бастап жетелер
Қиындығын қазағымның әрқашан
Қайыспайтын қаранардай көтерер.

5 – оқушы Диас
Естімейік енді елдің жылағанын,
Қайта құлап, бостандық сұрағанын.
Абылайдың жолымен алға басқан,
Құт болсын «нұрлы жолы» Нұр ағаның.
6 – оқушы Дарын
Бірде шырқап, бірде төмен құлаған,
Өмір жолы болған қиын бұралаң.
Қазағымды жарқын жолға бастады,
Елбасы боп сайланды да Нұр ағам..
7 – оқушы Бағдәулет
Отан дейміз кең байтақ астананы,
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.
8 – оқушы Гүлзира
Көз тойғысыз қазағымның жері бар,
Ну орман, тауы, өзені, көлі бар.
Қазағымның елін, жерін қорғайтын,
Жас жеткіншек, ұланы бар, ері бар.
9 – оқушы Айтолқын
Азат елдің Тәуелсіз азаматы,
Сенің келді мінбеде сөз алатын.
Аттан барыс бейнелі болашаққа,
Барша әлемге шығарушы қазақ атын.

Жүргізуші:Досымжан

«Аман бол, ел ардағы, ел арманы,
Сезімің — қызғалдақ гүл қоғамдағы.
Батырсың баяғыдан күткен елің,
Шақырсын тек бақытқа жол алдағы.

Жүргізуші: Жангүлім

Аман бол, сәулеңді шаш төңірекке
Жалғасыңа жасырмаймын, көп ретте.
Шығарды тарих анаң қалап сені
Халқыңды бастайтұғын ер керек те.
Жүргізуші:Досымжан
Аман бол алтын жүрек, дана басым
Ел үшін өлімге де бара аласың.
Буының бүгілмесін ел алдында
Ертең де еңбегіңді бағаласын.
Жүргізуші: Жангүлім

Аман бол, бір туған ел анадан,
Жамандық өтпес болсын шекарадан
Еңсесі аласармай жүреді еркін,
Елімнің жолы болсын деген адам».
Қорытынды.
Барлығы:«Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз»
«Нұр аға» әні орындалады,,,,,,

Төле бидің сөзі
Уа, халқым, сөз қадірін білесің.
Жаңбыр жаумаса, жер жетім,
Басшысы болмаса, ел жетім.
Көсіле шабар жерім бар,
Тау көтерген елім бар. / слайд/
Қол бастайтын ерім бар,
Атадан қалған сара жолым бар.

Қазақ елі желбіреп көк байрағың
Гүлге оранды ауылың мен аймағың.
Нұрсұлтаның биіктерге бастады,
Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын,- деп тәрбие сағатымызды аяқтаймыз
Ән: «Жаса Қазакстан»