Өз бақытың өз қолыңда

371

Тақырыбы:  Өз бақытың өз қолыңда

Мақсаты:  Балаларға «бақыт» құндылығының маңызын ашу, бұл ұғымның кең екенін , бақытты бола білудің жолдарын ұғындыру;

  • «БАҚЫТ», «СӘТСІЗДІК» үғымдары туралы түсінік қалыптастыру;
  • Балалардың өз ойларын еркін айтуға жағдай жасау;
  • Бақытты сезіне білуге, біреуге бақыт сыйлай білуге үйрету:

Көрнекіліктер: АТҚ, үнтаспалар, түрлі-түсті қағаз, қарындаштар т.б.

Шаттық шеңбері: барлық  оқушылар ортаға шығып, шеңбер жасап тұрады, үнтаспадан М.Мақатаевтың сөзіне жазылған «Бақыт туралы» әнін тыңдап, қосылып айтады.

Әңгімелесу:

  • Сіздердің ойларыңыхша бақыт дегеніміз не?
  • Адам ғұмыр бойы бақытты бола ала ма, әлде өмір бақытты сәттерден тұра ма?

Дәйексөз:

Бақыт  әр түрлі болады. оған іркім өзінің жүрек сезімімен, рухани биіктігінен қарайды.

І. Есенберлин

Мәтінмен жұмыс: оқушыларды  топқа бөлу, әр топ берілген мәтіннің мазмұнымен танысып шығады.

І топ. Бақыттың сыры (ел аузынан)

ІІ топ. Бақыт деген (аңыз әңгіме)

Бақыттың сыры

Бір саудагердің «Мен бақытсызбын» дей беретін ұлы бар екен. Саудагер бақыттың сыры неде екенін үйреніп келсін деп баласын бір данышпан кісіге жіберіпті. Жігіт данышпанның үйіне жеткенше шөл даламен 40 күн жүріп әзер жетеді. Данышпанның  сарайына жетеді, қараса адам көп екен. Ол  кезекке тұрады. Данышпанға кезегі келіп кіргенде ол бақыттың сырын неде екенін білгісі келгенін айтады. данышпан оған қазір бақыттың сырын түсіндіретін уақыты жоқ екенін айтып, оған «сен қазір 2 сағаттай мына сарайды аралап шық, сосын келесің» депті. Кетерде қолына екі қасық беріп, ішіне май құйып беріпті. «Аралап жүргенде мына майды төгіп алма» депті. Жас жігіт қолына қасықтарды ұстап, баспалдақпен түсіп, сарайдың ішін, сыртын аралап келіпті. 2 сағаттан кейін данышпанға келіпті.

Данышпан: қалай, сарайды аралап шықтың ба?

Жігіт: иә, жақсылап аралап шықтым, үлкен екен.

Данышпан: үлкен бөлмедегі кілемдер әдемі екен бе? Суреттер қалай екен? Бақша, гүлдерді көрдің бе? Кітапханадағы кітаптарды қарадың ба?

Жігіт данышпанға оларды көрмегенін мойындапты, өйткені жүрген кезде қолына ұстаған қасықтағы майды төгіп алмау үшін үнемі соларды қарағанын айтыпты. Данышпан оған «айналасын жақсы танымаған, білмеген адам, айналасындағы кереметтерді көре алмаған адам ешқашан бақыттың сырын түсіне алмайды» деп қолындағы қасықтарға қайтадан май құйып, «бар, қайтадан аралап кел» депті. Жігіт бұл жолы асықпай, әр нәрсені мұқият қарап, аралап келіпті. Көргендерін данышпанға баяндапты. Данышпан «жақсы, ал қасықтағы май қайда» деп сұрапты. Жігіт қолына қараса, қасықтардағы май төгіліп қалған екен.

Сол кезде данышпан былай депті: «дүниенің барлық кереметтерін тамашалап оларды шын  мағынасында көріп қана бақыттың сырын ұға аласын, бірақ қолыңдағы майды ұмытып қана…»

Бақыт деген

(Аңыз әңгіме)

Бір бай өлер уақытында ұлын шақырып алып:

  • Ұлым, мен өлген соң жұма сайын қыз алып, қала сайын үй сал. Ас жесең, бал же,- деп өсиет айтыпты.

Бай дүниеден өтіп, ұлы атасының өсиетін орындай бастайды: жұма сайын қыз алып, қала сайын үй салады. Ас ішсе, бал ішіп, ақшасын бітіреді. Сөйтіп, жігіт далаға шығып біраз жүріп, бір ұйілген тастық тасасына отырып, бөркін қолына алып, басын ұстап отырған уақытта, бір жақтан бір шал келіп жігітке сәлем береді. жігіт сәлемін алған соң, ол адам жанына отырады да, жігітке:

  • Неғып отырсың?-дейді.

Жігіт:

  • Жәй отырмын,-деп жауап береді.

Шал:

  • Шыныңды айт!- деп қыса бастайды.

Жігіт еш нәрсе айтпайды. Шал:

— Сырыңды жасырма! Мен саған жақсылық көрсетемін,-дейді . Жігіт:

— Менің атам бай адам еді, сол атамның өлер алдында айтқан өсиетін орындаймын деп, кедей болдым,-дейді. Шал:

— Қандай өсиет айтып еді?-дейді.  Жігіт:

— Әуелгі өсиеті: «Мен өлген соң жұма сайын қыз ал»,- деп еді, мен атамның сол өсиетін тұтып, жұма сайын қыз алдым. Екінші өсиет: «Қала сайын үй сал»,- деп еді. Мен бұл өсиетін де орындап, әр күні бал жедім.  Солай етіп, үш жылда барлық ақшамтаусылды, — дейді.

Шал тұрып жігітке:

  • Сен атаңның өсиетін ұқпаған екенсің, өйткені атаңның: « Жұма сайын қыз ал », — дегені: «Әйеліңмен сырлас бол , қадіріңді кетірме . Сонда ғұмыр бойы бақытты өмір сүресің»-дегені. «Қала сайын үй сал»- дегені : «Қала сайын достарың болсын,барғанда түсетін» дегені еді.  «Ас жесең, бал же »- дегені: « Еңбек істеп, ас ішсең, балдан тәтті болады, өмірің бақытқа толады»- дегені еді, -деп , қарт өз жөніне кетіпті.

Жігіт әкесінің терең мағыналы өсиетінен бақытқа жетудің жолын сонда ғана түсініпті.

Өзіммен – өзім:

Әдемі музыка ырғағымен балалар берілген тапсырма бойынша жұмыс жасайды.

I топ:

-Мәіндегі негізгі ойды бір сөзбен түйіндеп көріңдер

II топ:

  • Мәтіннен бақытқа жетудің жолдарын теріп жазыңдар.
  • Өмірде мүмкін емес нәрсе жоқ. Төменде мен сіздерге бақытты адамдардың құпиясын айқара ашатын боламын. Егер де сіздер берілген кеңестерді бұлжытпай орындай білсеңіз, мен сіздің бақытты, сәтті адамға айналатыныңызға кепілдік беремін!

Бақытты адамдар:

  1. Олар жанындағы адамдардың өзі туралы қандай ойда екенін мүлде ойламайды.
  2. Олар барлық нәрседе тек қана жақсы жақтарды көреді.
  3. Достарының көп болғанын қалайды.
  4. Күнін көңілді өткізуге тырысады.
  5. Олар қанағатшыл келеді.
  6. Сәтсіздіктердің бәрі бақытсыздық емес деп ойлайды….

 

Тапсырма:

  • Бақытты адамдардың қатарын өздеріңіз толықтырып көріңіздерші

Қорытындылау:

Құдай адамды саз балшықтан жасап біткен соң оның қолында артық саз балшық қалады.

  • Саған тағы не жасап берейін? -деп Құдай сұрайды.
  • Маған бақыт жасап берші,-дейді адам.

Құдай еш нәрсе айтпастан, қолындағы саз балшықты адамға ұстатады.

  • Осы аңыз әңгімеден өзімізге не түйдік?

( балалардың өз ойларын ашық айтуға ықпал жасау )

 

Бақыт жарылқаушының қолынан даяр алынбайды, күрес нәтижесінде,

әрекет негізінде келеді.

Д.И. Писарев

Тыныштық сәті:  Үн таспадан  М. Шахановтың «Бақыт деген не?»

Атты өлеңін тыңдау. Балалардың ойларымен бөлісу.

Шығармашылық жұмыс:

  • Өздеріңіздің анықтаған бақытқа жету жолдарының моделін көрсетіңіздерші. « Менің бақытты шақтарым» тақырыбына эссе жазу.

Жүректен – жүрекке: балалар  шеңбер құрып тұрып, «Мен бақыттымын, өйткені…» деп сөйлемді толықтырып аяқтайды.