Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік жоспар «ОТАН ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ»

131

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік жоспар  «ОТАН ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ»

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік жоспар  « Отан отбасынан басталады»

Обасылық сайыс. Үш топ. Топ үш адамнан: анасы, баласы, әкесі немесе ағасынан (әпкесінен) құралады.

 

 

Жоспар:

  1. Жүргізушілер
  2. Қонаттармен таныстыру
  3. Аяжан. Мирас. Ақбаян
  4. Би: «Отаныма арнау»
  5. Жүргізушілер
  6. Сайыскерлерді шақыру
  7. ән: «Айналайын » хор
  8. 1 сайыс «таныстыру»
  9. ән: «Отаным» ұлдар тобы
  10. 2 сайыс «викториналық сұрақтар»
  11. ән: «Туған жер»
  12. 3 сайыс «мақал–мәтел» сайысы
  13. ән: «Елім менің»
  14. 4 сайыс «Балам, саған айтарым»
  15. ән: «Ақ тілек»
  16. 5 сайыс «жырымды саған арнаймын»
  17. қорытынды, әділ‑қазыларға сөз
  18. соңғы ән, фейерверк.

 

 

І жүргізуші: Сейтбатталов Диас

 

ІІ жүргізуші: Нуркенова Адель

 

Қатысушылар:

 Жігер тобы: Зілкенов Бекзат

әкесі Саниял Оразбайұлы

анасы Алтын Айтмағамбетқызы

 

Атамұра тобы: Бораш Ерасыл

әкесі Ертарғын Борашұлы

анасы Ләйлә Ғазизқызы

 

Жерұйық тобы: Әлібай Мирас

әкесі Қуаныш Әлібайұлы

анасы Ләйлә Ғалымқұмарқызы

 

І жүргізуші:

Пай,пай,пай!

Киелі неткен жер!

Батырлар дүрілдеп өткен жер,

Тұлпарлар дүрілдеп төккен жер,

Сарылып сал сері кеткен жер,

Бас иіп, иіскеп топырағын,

Тағзым жасамай өтпеңдер!

 

Үлкен жүректі, ұлы сезімді, шалқар шабытты ақын Мұқағали жырына арқау болған, біздің атамекеніміз, қазақ даласы – бабаларымыздың ұрпағына қалдырып кеткен асыл мұра Отанымыз‑ Қазақстан!

 

ІІ жүргізуші:

 

Елім менің! Бұл өз үйінің табалдырығынан басталады. Содан шетсіз, шексіз қияға өрлеп кете барады. Оның жұпар атқан жусаны, кеудеңе құйылған мөлдір ауасы, жотаға өрлеген жалғыз аяқ жолдары, осының бәрі – туған елің бір бөлшегі.

 

Желбіреп көкке байрағың,

Артта қап тартқан азабаң,

Аман боп ауыл‑аймағым,

Айбарың ассын, қазағым!

 

І жүргізуші:

Қош келіпсіздер құрметті қонақтар, ұстаздар, ата‑аналар!

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Отан‑отбасынанбасталады» атты мерекемізді бастауға рұқсат етіңіздер!

 

ІІ жүргізуші:

Ал, Диас көрермендерімізді құрметті қонақтарымыз және де бүгінгі сайысымыздың әділқазыларымен  таныстырып өтейік:

Мектеп психологі:

І жүргізуші:

Мектеп директоры:

ІІ жүргізуші:

Тәрбие ісінің меңгерушісі:

 

 

Аяжан:

Аңсап халық көп күткен,

Егеменді ел болдық

Көңіл‑күйі  тоқ жұртпен,

Тереземіз тең болды.

 

Мирас:

Асқақтатып саз әнге,

Сал өнерпаз күл дүл‑дүл.

16-желтоқсан

Тәуелсіздік ‑ күні бұл!

 

Ақбаян:

Елімнің атым айтсам‑(хор)Қазақстан.

Жерімнің атым айтсам‑(хор)Қазақстан.

Қойнауы қазынаға толған мекен,

Байлығымның атын айтсам‑(хор)Қазақстан.

 

БИ: «Отаныма арнау»

 

Диас:

Төрт түлігі төсін сүйіп емген жер,

Алтын астық аясына өнген жер.

Миллион жыл қазына сақтап бауырына,

Жиып – теріп ұрпағына берген.

 

Адель:

Гүлдерімен анам белін буған жер,

Бала қиял қырларында туған жер.

Қойнында жатқан ата-бабамның,

Қасиетті зираттары тұрған жер.

 

 

Д:Балалар, бүгін біз қай мерекені атап отырмыз?

А:Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін қай жылы алыпты?

Д:Балалар, Отан неден басталады?

А:Дұрыс, отан отбасынан басталады екен.

Д:Оны дәлелдеу үшін мына сұрақтарға жауап берейікші.

 

А:Республикамыз‑ нелерден құралған?

Д:Облысымыз‑  нелерден құралған?

А:Аудан‑ нелерден құралған?

Д:Ауыл‑ нелерден құралған?

А:Көшелер нелерден құралған

Д:Әр көшеде үйлер бар, ал әр үйде отбасы бар екен.

 

Сондықтан,бүгін біздің мерекемізге ата‑аналарымыз да қатысады,

Адель:

Ендеше біз сайысты бастайық.

Топтарды ортаға шақырайық.

Қарсы ал көрерменім, батылдарды.

Демеп отыр, шапалақ ұр ұран салып!

(Сайыскерлер  кезектесіп ортаға шығады. Топтарды  таныстырып отыру)

 

………………………………отбасы.

Ата-тегі……………………………

Отбасы……..адамнан тұрады.

Отбасы құрылғанына…….жыл.

Отбасының ұстанымы…………………………

Отбасының жақсы көретін мерекесі…………………..

Диас:

Тәуелсіз Мемлекеттің -тәуелсіз отбасымыз,

Таныстырып өтейік өзімізді қаласаңыз.

Ата дәстүр бойынша сәлем беріп,

Бөленейік көрерменнің ықыласына. Демекші1сайыс «Таныстыру».

 

Адель

Туған жер – алтын бесік, асыл анам,

Ауаңмен, ақ сүтіңмен асыраған.

Мен дағы ұлың едім өзің тектес,

Алысқа несібесі шашыраған.

 

Диас:

Туған жердің ауасындай дәру жоқ,

Сол ауадан асқан дәрігер‑ ғалым жоқ.

Шетке шықсақ, сырқатсыз‑ақ ауырып,

Тыпыршимыз сол ауаға зәру боп.

(Сұрақтар таратылады)

 

Ән:

Би:

Адель:

Сайыскерлер таныстырды өздерін,

Білдік аты-жөнін, ата тегін.

Диас:

Енді бар қояр біраз сауалымыз,

Еліміздің тарихын біле ме екен? 2 сайыс: «Викториналық сұрақтар»

 

Адель:

Қазақстан‑ республикам, мақтанышым,

Мен сені мақтамаймын мақтан үшін.

Құдайым маған құттай жүрек берген,

Лүпілдейді сені сүйіп, сақтау үшін.

 

Диас:

Қазақстан бабамнан қалға мұра,

Сенбейсін бе, даламнан бар да сұра,

Қазақстан ұлт атын ұлықты еткен,

Ұлылардың арманын биіктеткен.

 

Ән 

 

 

3сайыс: «мақал – мәтел» сайысы.

Бұл сайысқа тек оқушылар қатысады.

 

Диас:

Кең далалы, кең пейілді қазақпыз,

Құл емеспіз, еркін жанбыз, азатпыз.

Ел намысын ешбір жауға бермейміз,

Өмірді алға бастырамыз, өрлейміз,

Сертің осы азат жігіт, азат қыз!

 

Адель:

Тау шыңы,

Теңіз айдыны…

Қырларың, әнші құстарың,

Бақытым менің барлығы,

Барлығы – Қазақстаным!

Ән: 

 

Диас:

Көк байрақ иілмесін, жығылмасын,

Көзге жас, кеудеге өксік тығылмасын.

Тұрғанда көкшіл Туың көкті тіреп,

Қазағым, сен қашанда тұғырдасың!4 сайыс: «Балам, саған айтарым»

үй тапсырмасы, бұл  сайыста ата-аналар балаларына берілген тақырыпты  ата-ана тарапынан қалай түсіндірер екен? Бір топ қалып қалған топтар шығып кетеді.

 

І топ ‑ балаға ҚР Рәміздерің құрметтеуді үйрету.

ІІ және ІІІ топ ‑ «Тәуелсіздік» деген не? Сұрағына жауап беру.

Отанымызды құрметтеу, мақтан тұту әр азаматтың парызы.

 

Адель:

Қанша ақын Отанға жыр арнаған,

Талай әнші Отанға ән арнаған.

Сен де көрші қабілетінді бір сынап,

Өлең жазшы Отаныңа жырыңды арнап.5сайыс: «Арнаймын саған жырымды»

берілген сөздерді қатыстырып, өлең шығару.

 

Диас:

Ұя деген құтты қоныс мекенің,

Ұмытпайық Ұя деген ұлы Отан екенін.

Сол ұядан самғап ұшып биікке,

Армандаған мұратыма жетемін.

 

Адель:

Ұлағаттың түп-тамыры өзің ұшқан ұяда,

Өскен  ұя жетелейді асқар биік қияға.

Өз  ұясын қорғамаса әрбір құс,

Басқа  ұяға бауыр басып сия ма?

 

Талғат:

Ұя бұзған бұл өмірде оңбайды,

Ондай жанға бақ пен бақыт қонбайды.

Ұя бұзған жандардың өмірі өткен өксікпен,

Өзегін  өртеп жүректе зарлы мұн‑қайғы.

 

Айшолпан:

Аялайық, ұяны ұшқан өзіміз,

Жүректе жүрсін ұяда өскен кезіміз

Ұяның қымбат екенін есте сақтап,

Сағына жүріп, жүрекпен ғана сезіңіз!

 

ән:    

 

Әділқазыларға сөз беру, марапаттау.

Әже бата береді.

 

 

Ән: «Қазақ елім» ор . Баян Даниярқызы  және балалар

 

 

 

Адель:

Халқым менің! Саған қарап жұбанам,

Тарих беті қатар‑қатар бұралаң.

Талай зардап қайғы‑мұңның соңынан,

Егемендік алғанына қуанам!

Диас:

Тәуелсіздік‑ тірлігімнің айғағы,

Татулығым бірлігімнің айғағы.

Сөгілмесің еліміздің іргесі,

Әлде  де бар ұрпағымның айғағы.

 Фейерверк

Осымен мерекеміз аяқталды, сау-саламат болыңыздар!

 

Тапсырмалар:

Сұрақтар:

Қазақстан Республикасы егемендігін қай жылы алды?

Қандай ұлттық аспаптарды білесіздер?

Әр азаматтың, құқығын не қорғайды? Қазақстан азаматының құқығы туралы не айта аласыз?

 

 

 

Республика күнін қай күні тойлаймыз?

Өздеріңіз білетін қазақ батырларын атап беріңіздер.

Мұсылман елдері жаңа жылды қашан тойлайды? Мағлұмат бере аласыз ба?

 

 

Қазақтың үш биін атап беріңіздер.

Ұлттық валютамыз қалай аталады?

Жуырда мұсылмандар қай мейрамды атап өтті? Мағлұмат бере аласыз ба?