Дигибридті будандастыру және белгілердің тәуелсіз ажырау заңдылығы

470

Сабақтың  тақырыбы: Дигибридті  будандастыру  және  белгілердің тәуелсіз   ажырау  заңдылығы

Сабақтың  мақсаты:  

  1. Білімділік: Моногибридті  будандастыру    бойынша  алған  білімдерін  тиянақтап,  әрі  қарай  дигибридті  буданды  шағылыстыру  заңдылықтарын   оқушыларға  меңгерту;
  2. Дамытушылық: Балалардың  ой – өрісін,  есте  сақтау  қабілетін,  сабаққа  деген  қызығушылығын  дамыту.
  3. Тәрбиелік: Оқушыларды  өз  бетінше  жұмыс  жасай  білуге,  ізденуге,  салт – дәстүрді  сақтай  білуге,  өзін – өзі  бағалай  білуге  тәрбиелеу.

Сабақтың  типі:   Аралас  сипатта  жаңа  білімді  меңгерту.

Сабақтың  түрі:   Дәстүрлі.  Проблемалық  ізденіс  сабақ.

Сабақтың  әдісі:   Жеке  жұмыс,  ынтаны  дамыту,  әңгімелеу,   тест  жұмысы,

тірек  сызба,  түсіндірмелі,  салыстыру.

Оқыту  технологиясы:   Ақпаратты  компьютерлік технология.

Көрнекілігі:     Интерактивті  тақта,  арнайы  құрастырылған  слайдтар,  тірек –

сызба.

Пәнаралық  байланыс:    Математика,  информатика.

Сабақтың  құрылымы:

І.  Ұйымдастыру  кезеңі  (1 мин.)

ІІ.  Үй  тапсырмасын  сұрау   (15 мин.)

ІІІ.  Жаңа  білімді  меңгерту (10 мин.)

ІV.  Бекіту         (10 мин.)

  1. Шығармашылық жұмыс. Тест   (6 мин.)

VІ. Үйге  тапсырма  беру  (1 мин.)

VІІ. Сабақты  қорытындылау. (Бағалау,  қорытынды  жасау.  2 мин.)

 

 

 

 

    Сабақтың  барысы:

І.  Ұйымдастыру  кезеңі  (1 мин.)

Сәлемдесу, оқушыларды сабаққа  әзірлеу.

ІІ.  Үй  тапсырмасын  сұрау   (15 мин.)

Оқушылардың  сабаққа  зейінін  аудару  үшін  ең  алдымен  ауызша  сұрақ

қою.

  1. Қаратпа сұрақ   (ауызша  сұрау)

А.  Генетика  ғылымының  негізін  салушы  кім?

Ә.  Зерттеу  объектісіне  неге  асбұршақты  алды?

Б.   Г. Мендельдің  неше  заңы  бар?

  1. Жеке жұмыс.  (Оқушы – мұғалім  роліне  ене  отырып,  тапсырманы  орындаушы – тексеруші  болады. Әр оқушы өзін – өзі  бағалайды)

1 тапсырма. (1 минут)

Таңбалар  аттарын  атау.

А.  Р –

Ә.  Г –

Б.  ♂ —

В. ♀ —

Г.  Х –

Д.  Ғ1

 

  1. 2 тапсырма. (1,5 минут)    Сәйкестерін  табу.
  2. Доминантты – сыртқы белгілердің жиынтығы
  3. Рецессивті – ата-анасының бір белгісі бойынша шағылыстыру
  4. Фенотип – 2 аллель  (әр түрлі)
  5. Генотип – бірдей  аллель
  6. Гомозиготалы – гендер жиынтығы(АА,  Аа, аа)
  7. Гетерозиготалы – басылыңқы ( 1-ші ұрпақта көрінбей қалуы)
  8. Моногибридті – басымдылық қасиет көрсетуі

 

  1. 3 тапсырма. (2 минут) Есеп.

Гомозиготалы  ақ  қоянды қара  қоянмен шағылыстырғанда  ұрпағында  тек  ақ  қоянның  пайда  болуы.  Бұл  қай  заңға  негізделген?

 

  1. 4 тапсырма. (2 минут)

Гетерозиготалы   ақ  қоянды  өзі  сияқты  қоянмен  шағылыстырғанда, қандай  ұрпақ  алуға  болады?   Бұл  қай  заңға  негізделген?

 

  1. 5 тапсырма. (2 минут)

Шешесінің  қаны  І  топ, әкесінің  қаны  ІV топ болса, балаларының  қан тобы  қандай?  Тұқым  қуалай  ма?

 

Жеке  жұмыс.

Шарты: 1. Берілген  уақытта  орындалып  болу  керек.

  1. Тапсырма жазылған  бетке  орындалады.
  2. Компьютердегі  дұрыс  жауабы  арқылы  өзін – өзі  тексереді.
  3. Өзін – өзі бағалайды.
  4. Тапсырманы жинап  алып,  бағалау  парағына  түсіреді.

 

  1. Сергіту сәті.  Балалар компьютерден қан  тобына  байланысты  болатын адамдардың мінезін оқып  танысады.

Қанының  тобы  О.  Мұндай адамдар мәңгілік қозғалыста болады. Күш-қуаты, ерік-жігері өте мол, қай жерде болсын жарып шығады, елмен тез тіл табысқыш, жұмысты жанын салып істейді.

Қанының тобы А.  Бұл адамдар адал және тындырымды, өз мамандығы бойынша өнімді түрде жоғарылайды. Қалғанының бәрі маңызды емес деп есептейді. Егер бір нәрсені қолға алса тындырмай қоймайды. Олар “иә” деп келсе, оған толық сенуге болады.

Қанының тобы В.  Бұл топтағы адамдар өте сезімтал, сырбаз және кез-келген нәрсені тез үйреніп алуға бейім. Жұмыста өзіне де, өзгеге де қатаң талап қояды. Олар сабырлы, бірақ сол сабырлылықтың астында сезімтал жүректерін “жасырып” ұстайды.

Қанының тобы АВ.  Мұндай адамдар мүлдем сезімге ерігіш. Олардың бойындағы құштарлық жандарына маза бермей, күдік пен үрейдің жетекшісі болады да жүреді.  Алайда барлық қиындықты ешкімге айтпай, жалғыз жеңгенді қалайды.

 

ІІІ.  Жаңа  сабақ.

  • Дигибридті будандастыру  дегеніміз  не?
  • Дигибридті будандастыру  қарама – қарсы  белгілері  бар дараларды  будандастыру.
  • Екі белгілердің  тұқым  қуалауы қандай  заңдылықтарға  бағынады  және  қалай  жүреді?

Г.Мендель жасаған  тәжірибе  арқылы  дәлелдеу.

(Интерактивті  тақтамен  жұмыс)

 

  1. Гамета табуды  үйренейік.  (Дигибридті  буданда  гамета  4 – еу  болады)

Мысалы:                  ААВВ = АВ,АВ,АВ,АВ = АВ(қысқарады)

 

АаВв = АВ,АваВ,ав (қысқармайды)

 

ааВв = аВ,ав,аВ,ав = аВ,ав

 

2.

 

Сары, тегіс асбұршақ                           Жасыл, кедір — бұдыр

Сары – А, жасыл – а, тегіс – В, кедір – бұдыр – в

Р ♀ААВВ  х  аавв ♂                          ААВВ = АВ,АВ,АВ,АВ = АВ

Г       АВ                         ав                   аавв = ав,ав,ав,ав = ав

 

Ғ1                    АаВв

 

♀    ♂ ав

АВ  АаВв  х 4 ) х4 = 16 ұрпақ

Ағылшын   генетигі  Р.Пеннет  ұсынған  торды  пайдаланып,  дигибридті будандастыруды толық бейнелеуге  болады. (Интернеттен  қарауға  болады)

 

Ғ1 – дегі ұрпақ бәрі  бірдей,  дегетерозиготалы  сары, тегіс асбұршақ.

  • Балалар, бұл  қандай  заңға  сәйкес  келіп  тұр?
  • Біркелкілік заңына  сәйкес.

 

  1. Р ♀АаВв х АаВв ♂ АаВв = АВ,Ав,аВ,ав

 

 

 

  1. Мендель зерттеуі бойынша Фенотипі.

 

Барлығы Сары тегіс

АВ

Сары кедір – бұдыр Ав Жасыл  тегіс

аВ

Жасыл кедір – бұдыр

ав

556 315 101 108 32
9:3:3:1 9 3 3 1

 

Түсі бойынша – 416 сары; 140 жасыл = 3:1

Пішініне  қарай – 423 тегіс; 133 кедір–бұдыр = 3:1

Пеннет  торы  бойынша (схема):  12 сары : 4 жасыл = 3:1

12 тегіс : 4 кедір-бұдыр = 3:1

Бұл құбылыстар  белгілердің  тәуелсіз  ажырау  заңы деп  аталады. Мендельдің  ІІІ  заңы.

 

  1. Кітаппен жұмыс. Үлгіде берілген  есепті  ауызша  талдау.

 

ІV. Бекіту  үшін. Кітаппен  жұмыс  жасаймыз. Тақырып  соңындағы  деңгейлік  тапсырмаларды  дәптерге  орындау.

№1 жұмыс.     Гаметасын  табу.    ә) АаВВ           б) ааВВ

№2 жұмыс.   Атын  атау:

Бұршақ  тұқымының сары  түсі – А

Жасыл       —    а

Тегіс          —   В

Бұдыр       —    в

Мысалы:   а) ааВВ  —  жасыл  тегіс

ә) Аавв  —  сары,  кедір-бұдыр.

б)  АаВВ — ?                           в)  ааВВ — ?

 

№3. Үлгі: а)  ааВВ      х    аавв

аВ

аВ                   ав                                ав ааВв

 

ааВв

 

Есеп  шығу  керек.     ә)  Аавв х Аавв

 

№4 есеп.   (174 бет)  Логикалық  есеп.

Тапсырманы  орындап  болған  оқушы  компьютермен  дұрыс  жауабын  тауып  тексереді.

  1. Шығармашылық жұмыс. (Тест)

Осы  тапсырма  бойынша  ҰБТ – те  келетін  сұрақтар.

  1. Г.Мендельдің үшінші  заңы.

а) тіркес  тұқым  қуалау.

ә) толымсыз  доминанттылық.

б) біркелкілік

в) белгінің  ажырауы

е) тәуелсіз  тұқым  қуалау.

 

 

 

  1. Бір – бірінен  екі  жұп белгі  бойынша  ажыратылатын  дараларды… шағылыстыру:

а) дигибридті                 в) моногибридті           с)  гаметалар тазалығы ережесі   д) толымсыз  доминанттылық               е) тіркес  тұқымқуалау  заңы

  1. 3. Дигибридті будандастырудағы  Ғ2  ұрпақта  фенотипі  төрт  түрлі генотипті  көрініс  береді:

а) 9:3:3:1                в) 1:2:1                с) 3:2:1                д)  3:1          е) 1:1

  1. Гомозиготалы доминантты  гендер:

а) АаВв             в) АаВВ               с) ААВВ              д) аавв            е) ааВв

  1. 5. АаВВ генотипін  тап.

а) АВ,АВ,АВ     ә) АВ, аВ       б) АВ,аВ,Ав,ав    в) Ав        е) ав

Тест  жауаптары:   1 (а);  2 (а);  3 (а);    4 (с);  5 (ә)

Үйге  тапсырма: § 39.  4,6 есеп.  Тест  құрау.

Қорытынды. 

  1. Бағалау (Сыныптағы  барлық  оқушы бағаланады)
Р/с Аты — жөні Жеке жұмыс                   (өзін – өзі  бағалау) Сабақты  меңгеру Тест Қорытынды

 

  1. Тәуелсіз ажырау  заңы  деп  бір – бірімен  айқын  2 жұп  белгі  бойынша  ажыратылатын  гомозиготалы  дараларды  будандастырғанда екінші  ұрпақта  белгілер  жұбының тәуелсіз  тұқым  қуалауы  және  олардың ата – аналарына  ұқсамайтын  жаңа  үйлесімдер  түзуі  байқалады.

Өз  бойындағы  ата – анаға  ұқсамайтын  жаңа  белгілердің  пайда  болуын

айқында