Агентомания ( агенттің пайдасы мен зияны)

77

Тақырыбы: Агентомания ( агенттің пайдасы мен зияны)

Мақсаты: Қазіргі «ХХІ ғасыр білім мен ғылымның ғасыры болады» -деп Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев айтқандай, қоғамымыз, жастарымыз заман талабына сай жаңа ақпараттық технологиямен жұмыс жасауға бет бұрып келеді. Соның ішінде Интернет пен агенттің алатын орны жоғары көрсеткіште тұр. Бүгінгі мектеп алды даярлық тобымен жасөспірім оқушылар және үлкенді кіші адамдар интернет және агент арқылы хат алысып, танысып, тіпті агент арқылы үйленіп, отбасын құрып жатыр. «Таяқтың екі ұшы бар» дегендей интернет пен агенттің де жақсы- жаман жақтары бар. Біз осы жайында өз ой- пікірімізді  таразыға салып көрейік.

                                         Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру

ІІ. Көрініс

Оқушылардың барлығы қолдарында ұялы телефон,агентте отырады.

Мұғалім:

Оқушы мына жастардың,
Келешегін ойланам.
Зейінді алғыр жастар аз
Білімге терең бойлаған
Интернет пен агент тұр
Бар әлемді жайлаған
Алыстатып білімнен
Жастардың жолын байлаған
Оқып білім алмаған
Дей ме екен жастар «қой бағам»

Тосқауыл қойып агентке
Ден қою керек білімге
Өмірге керек қорегің
Ойлаңдар жастар білімде
Көп оқыңдар кітапты
Өзіңнің ана тіліңде
Агентке алданып
Тегіс жерде сүрінбе
Кітаптан алсаң білімді
Жарқырап сенің тұрады
Аспандағы күніңде

 

Оқушы:
Керекшіні өмірге
Агентен аламыз
Мұхитың өзен теңізің
Ішінде барлық қаламыз
Іздегеннің барлығын
Агенттен табамыз
Оқыңдар дейді кітапты
Мұғалім ата-анамыз
Кітапты оқи күндіз -түн
Қатардан қалай қаламыз
Агентке біздердің
Уланып қалған санамыз

Ата-ана:
Интернет агент бұл күнде
Жаулайды жастар санасын
Кітаптан емес керегін
Агентен болды табатын
Қатаймайды қанатың
Ой санаңды аздырып
Жастарым қайда боласың
Ұстаздан білім алмасаң
Робот болып қаласың
Жасалу керек бір жагдай
Агентке жоқтау салатын.

 

Мұғалім: Көріністі көріп тамашаладыңыздар. Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы да белгілі сыңайлы. Агентомания . Ал сабағымыздың мақсаты: Қазіргі «ХХІ ғасыр білім мен ғылымның ғасыры болады» -деп Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев айтқандай, қоғамымыз, жастарымыз заман талабына сай жаңа ақпараттық технологиямен жұмыс жасауға бет бұрып келеді. Соның ішінде Интернет пен агенттің алатын орны жоғары көрсеткіште тұр. Бүгінгі мектеп алды даярлық тобымен жасөспірім оқушылар және үлкенді кіші адамдар интернет және агент арқылы хат алысып, танысып, тіпті агент арқылы үйленіп, отбасын құрып жатыр. «Таяқтың екі ұшы бар» дегендей интернет пен агенттің де жақсы- жаман жақтары бар. Біз осы жайында өз ой- пікірімізді  таразыға салып көрейік.

Мail.ru Агент – онлайн жүйесінде қарым-қатынас жасауға арналған ресейлік танымал бағдарлама. Мобильді агент – сол майл ру агенттің телефонға қондырылған нұсқасы. Бұл ұғымдар артық жарнаманы, түсіндіруді қажет етпейді. Өйткені оны қазір екінің бірі біледі. Білгені сондай, мобильді агент қосылған телефонын құшақтап ұйықтайды, соны құшақтап оянады. Әсіресе, жасөспірімдер. Ғайыптан тайып, «сеть» жоқ болып қалса, не телефонындағы бірлігі бітіп қалса, болмаса, қуат көзі таусылып қалса, бейнебір дүниеден бөлініп жалғыз қалған Робинзон Крузодай хал кешіп, көңілі нілдей бұзылып, жынынан айырылған бақсыдай сенделіп кетеді. Осылайша «жұртта қалған» жасөспірім үйдің бұрыш-бұрышын қуалап, «сеть» іздейді, қалай «онлайн» жүйесіне кіреді, солай көзі бал-бұл жайнап, қашқан берекесін қайта табады. Әсіресе, жасөспірімдер мобильді агент қосылған телефонын жастап ұйықтайтын болды. Қараңғыда тәспі санағандай сытырлатып әріп теріп жатады. Оқушылар сабақ уағында партаның астында әлдебіреумен саусағы арқылы сөйлесіп отырады. Тіпті, үйінде отырып, майл-агент арқылы болашақ жарын да тауып алуға болады… Қойшы әйтеуір бәрі алақаныңда. Сөйлесем десең ернің де жыбырламайды, саусағыңды сайлай бер. Пайдасы қайсы, зияны қайсы ажырату қиын.

Мail.ru компаниясының мәліметінше, Мail.ru агентті айына 11 миллион адам пайдаланса, бір минутта бір мезгілде оны 2 млн. адам қолданады екен.  Әрине уақытымен, орынды қолданса қажетіне жаратқаны болар. Ал, мөлшерінен асырса – ауру. Осы дертке шалдыққандардың не ұйқысы қанбайды, не жұмысы өнбейді, айналасымен, кәдімгі ата-ана, туыс-туғандарымен қарым-қатынасы өзгешеленіп кетеді екен.

Телефон және компьютер клавиатураларын үздіксіз әрі көп пайдалану жүйке жүйесімен қоса, қол буындарының ауруын туғызады. Қолмен бір қимылды күн сайын қайталау буындардың ортасындағы жүйкенің қыстырылуына әкеліп соқтырады, соның салдарынан саусақтар ауырып, кейде тіпті жансыздануы мүмкін. Францияда жылына осындай 80 адамға ота жасалады екен. Ал телефонды өте көп қолданатындардың жүйке жасушалары өзгеріске ұшырап, ми жұмысы өзгереді екен.

Осы орайда оқушылардың ой-пікірін ортаға  салсақ. Және де оқушыларға қойылар ортақ сұрағым да бар.

  1. Өзіңізге М-агенташар кезде кері жағын, яғни зиянды жағын ойладыңыз ба?
  2. Mail.ru агентте бірінші жазатын сөзіңіз?

3.Күніне қанша уақытыңды агентте өткізесің?

  1. Қаншалықты сауатты жазасың?

 

 

ІІІ. АГЕНТ жане ЖАСТАР

 

                 Агенттің пайдасы мен зияны:

Агенттің пайдасы Агенттің зияны
Интернеттің әр сайты тың жаңалықтарға толы, агент ешқашан құнын жоймайды.
. Интернетке кіру мәдениеттіліктің негізі.Сайт беттерін жаңарту керек, агент алыс-жақын адамдардың бір-бірімен танысуын, хат алмасуын, ой бөлісуіне қажет бірден-бір жаңа технология.
Интернетпен байланысын тоқтатқан адам ойлауды да тоқтатады.

Бір мезгілде бірнеше адаммен хаттасуға, хабарласуға.

агент тиімді әрі бағасы да арзан қарым-қатынас жасауға арнайы шығарылған пайдалы дүниелер

агентте достарыңмен қарым-қатынасың үзілмейді,үнемі байланыста боласың.

Жаңа достар табасың.

Уақыттың құр босқа кетуі
Таңды таңға атыру
көздің нашарлауы
компьютерде  көп отырып мойныңа тұз жиналады.
соткамен отыратындарға еденицаның соры
қатып қалғанда кейбіреулер жүйкесін сол үшін жұқартады.
кейбіреулер осы өмірді ұмытып өтірік мир ашып алып виртуалды өмірде өмір сүретіндер де бар.
кейбірулер алданып та қалып жатыр ғой.
бір сөзбен айтқанда денсаулық үшін өте зиян

Агент  адамның миын  жейді.
Агенттегілердің көбі сені алдайды.

Агент сабақ оқуыңа кедергі келтіреді.

Агент – сауатсыз  жазу  ммен  сауатсыз сөйлеудің айқын кепілі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. «АГЕНТОМАНИЯДАН» ҚАЛАЙ АЙЫҒАМЫЗ?

 

Қазіргі жастар «агенті бардың күні – жарық, агенті жоқтың күні – қаріп» дегеннің кебін киіп отыр.

Психолог Төреғали Батырханұлы жастар майл-агентке әуестеніп, мания сынды психикалық ауруға душар болуы мүмкін. Интернетке таңылғанша жастардың көзбе-көз қызу әңгіме өткізетін арнайы клубтарға жазылғаны дұрыс дейді. Психологтың сөзінің жаны бар. Түрлі тақырыптар төңірегінде ой бөлісіп, жастардың бір-бірімен тікелей қарым-қатынас жасауына мүмкіндік тудыратын арнайы пікір клубтары көбейсе, шіркін! Олар қызықты тақырыптар көтеріп, агент тәрізді жастарды тарса ғой. Сонда бәлкім біздің жастар агент «ауруынан» айығар ма еді…

Көзқарақты кісілер: алғаш келген әр қандай жаңалық (зат болсын) елді бір дүрліктіп алатыны секілді, бұл да жаппай етек алып барады. «Қой көрмеген қуалап өлтіреді» дегендей тегін байланыстың да тиімсіз тұсын сезінгендер селт етіп өзін тартып алады, сөйтіп адамдар керекті кезінде ғана ашып, сосын жауып тастап жүре береді, үнемі ашып қоятын дүние емес екенін түсінеді дейді.

  1. Ұрысамын деген адамдарға себеп табылады, агенттің кесірінен ұрысып қалыпты, ажырасып кетіпті-міс дегендер баланы уатуға жарайтын әңгіме болар, салмақты аргумент демес ем.
    2. Ал, оқу процесінде оқушылардың ұялы телефонды пайданалану-пайдаланбауы мұғалімдердің талап қоюына тікелей байланысты. Талап дұрыс қойылған жерде тәртіп қалыпты болады.
  2. Менің ойымша, бала-шағаның көшеде бейберекет жүріп, арақ, сыра ішіп, темекі шеккенінше, агентке шұқшиғаны әлдеқайда оң іс. Әлбетте, асыра сілтеп “манияға” ұрынбай, орнымен ұйықтап, орнымен адамдармен қарым-қатынас жасағаны ләзім.

Санасы бар адам баласы саралап тура жолдан таймай өзіне қажеттісін алып, қалғанын сызып тастап отырса ұрпағымызды мәңгүрттік жазылмас ауруға ұшыратпас деп ойлаймыз. Айта берсек мысал да көп, сын да көп. Тек бір нәрсені ұққанымыз жөн! Әр нәрсенің шегі бар. Біздің өмірімізге еніп жатқан ай-ти технологиялар біздің игілігіміз үшін жұмыс істеуі қажет…

 

 

  1. Қорытынды:

Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» атты өлеңінде осы заман айғағы ретінде бейнелеген.
Тау суындай гүрілдеп,
Айбынды алаш елім дер
Алтын арқа жерім дер
Мен жастарға сенемін!
Қажу бар ма сұңқарға
Талу бар ма тұлпарға
Иман күшті оларда
Мен жастарға сенемін!
Алаш айбынды ұраны,
Қасиетті құраны.
Алаштың олар құрбаны,
Мен жастарға сенемін.
Мен сенемін жастарға
Алаш атын аспанға
Шығарар олар бір таңда
Мен жастарға сенемін – дегендей ,

ХХІ ғасыр – жастардың, жаңа ақпараттық технологиялардың ғасыры. Ендеше ғасырдың сыйынан қалыс қалмайық. Еңсесі биік, егеменді еліміздің адалдықты ту еткен алғыр ойлы адал азамат ұл- қыздары көп болғай.