Тақырыбы: «ҚР мемлекеттік рәміздері»

71

 

Бағыты: Азаматтық құқықтық тәрбие.

Тақырыбы: «ҚР мемлекеттік рәміздері»

Мақсаты: Балалардың бойындағы азаматтық-патриоттық сезімін ояту, туған жерін,елін сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу.Сөздік қорын дамыту, еркін сөйлеуге, әңгімелеуге үйрету.

Түзету мақсаты:Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын бақылап түзету.

Көрнекілігі: Елтаңба суреттері, альбомдар.

Барысы : Балалар, біздің Республикамыз қалай аталады?

Біз елімізді жақсы көреміз бе?

Осы өзіміздің елімізге, жерімізге қандай тілектер білдірер едіңдер?

  • Елімізде тыныштық болсын!
  • Еліміз бай болсын!
  • Соғыс апаты болмасын!
  • Бейбітшілік болсын!
  • Бас қаламыз қай қала?
  • Республикамыздың қандай рәміздері бар?
  • Қазақстан жалауының авторы кім?
  • Елтаңбамыздың авторы кім?

Балалар, әнұран бізді Отансүйгіштік сезімге бөлейді. Өйткені еліміз, жеріміз туралы сезімдер осы әнұранда жырлаған. Елтаңба мен Туды көзбен көріп, қолымен ұстауға болатын болса , ал Әнұранын естисін.

Әнұранымыз мемлекет басшылары бір- бірімен кездескенде, үлкен жиналыстардың ашылуын да және мектебімізде айтылады.

         Қазақстан Республикасының жалауының түсі көк, ашық тартымды, табиғатқа жақын, көніліне сенім ұялататын кемпірқосақтағы жарқыраған жеті түстің бірі, аспан мен судың түсі

Көк түс шындықты, тазалықты, адалдықты белгілейді. Жалаудағы күн – Әмір күші . Күннің жылжуымен уақыт, апталар мен айлар өлшенеді. Қыран құс бүркіт- еркіндіктің , тәуелсіздіктің белгісі, алға қойған мақсатқа , шырқар биікке , болашаққа самғайды.

                    Жалауға деген құрмет- әрбір мемлекеттің маңдайында. Ал, мемлекетіміздің Елтаңбасы- дөңгелекке ұқсас. Елтаңбаның ортасында шаңырақ , бұл әрбір отбасының бірлігі, тыныштығы тәріздес, киіз үйге жарық сәулені шашыратып тұрғандай . Көкпеңбек көгілдір таза аспан жарқырап тұр. Бей         бітшілік шаңырағын көтерген уықтар, төгілген күн сәулесі, киелі қос тұлпар, адам баласының досы. Алтын қанаттар елдің болашағын қорғаған , достықты ұстап тұр

         Ал , бес жұлдыз- барлық жер шарына құшағымыздың ашықтығын білдіреді. «Қазақстан »деген жазу «Қош келдіңіз, бізге» дегенді айтып тұрғандай.

 

 

Қорытынды: Қазақстан Республикасының рәміздерін әрдайым құрметтеп  қастерлейік , бағалай біліп құндылығын жоғалтпайық,балалар.