Тақырыбы: «Жабайы аңдар»

45

Бағыты:Экологиялық тәрбие.

Тақырыбы: «Жабайы аңдар»

Мақсаты:Жабайы аңдар туралы түсініктерін бекіту.Қазақстанның түрлі табиғат аймақтарын мекендейтін жануарлармен таныстыру.Сұраққа толық сөйлем құрап, жауап беруге үйрету. Жабайы жануарлардың кейбір ерекшеліктерін салыстыру мекені, қоректенуі туралы түсінік беру. Балаларға жоспарға сай әңгімелетіп үйрету. Жан-жануарларды қорғау оларға қамқор болуға, неліктен жабайы деп аталатынын түсіндіру. Аңдардың мінез- құлқын бейнелейтін әңгіме арқылы балаларды анық сөйлеуге және оларды қорғауға үйрету.

Жаңа сөздер:

Жабайы аңдар, бөлтірік, көжек, қонжық.

Түзету мақсаты:Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын бақылап түзету.

Барысы:

  • Балалар, жабайы аңдарға нелер жатады?
  • Неліктен жабайы аңдар дейміз?
  • Мына суреттерден не көріп отырсыңдар?
  • Мына суреттерде не бейнеленген?
  • Аю балаларымен не істеп жатыр?
  • Аюдың баласын қалай атайды?
  • Қасқырдың балалары нешеу?
  • Түсі қандай? Олар не жейді?
  • Қасқырдың, түлкінің,қоянның балаларын қалай атайды?
  • Олар қай жерде өмір сүреді?

Осы аңдарды мына суреттерден басқа тағы қай жерлерде көрдіңдер?

Қоян қорқақ-ол сәбізді жақсы көреді, түлкі қу-терісі әдемі.

Тиін жаңғақты шағып жейді, қасқыр батыр.

Аю аңқау- балды жақсы көреді….

Жабайы аңдар мен үй жануарларының айырмашылығы неде?

Жабайы аңдар түзде, орманда өмір сүреді. Ал , үй жануарлары қолда, үйде өмір сүреді.

Сергіту сәті

Ұзын құлақ сұр қоян, естіп қалып сыбдырды,

Ойлы-қырлы жерлермен, ытқып-ытқып жүгірді.

Қарап еді артына, қиығын сап көзінің,

Келе жатқан томпаңдап, көжегі екен өзінің.

 

Қорытынды:

-Біз суреттерден не көрдік?

Қандай жабайы аң түрлері бар?