Тақырыбы: «Мектеп, оқу құралдары»

178

Бағыты:Салауатты өмір салтын қалыптастыру тәрбиесі.

Тақырыбы: «Мектеп, оқу құралдары»

Мақсаты:Мектеп туралы түсінік беру. Оқу құралдарының атын атауға, әңгіме құрастыруға, жолдастарының айтқанын тыңдап ары қарай жалғастыруға үйрету. Ой-қиялын дамыту, сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру. Мектепті құрметтеуге оны қадірлей, бағалай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі:

Оқу құралдары, суреттер.

Түзету мақсаты: Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын бақылап, түзету.

— Балалар мына суретке қараңдаршы. Не көріп тұрсыңдар?

— Мектептің балабақшадан айырмашылығы не?

— Қандай жақындықтары бар?

— Балабақшадан кейін қайда барасыңдар?

— Сендер онда немен айналысасыңдар?

— Мектепте қандай сабақтар оқиды?

Балалар мектептегі оқу құралдарының мынадай түрлері бар:

Парта, орындық, кітап, қалам, дәптер,қаламсап т.с.с. көптеген оқу құралдары бар.

Ойын шарты:

  1. Мен сендерге доп лақтырамын, сендер допты қағып алып оқу құралдарын атаңдар.

 

  1. – Мен сендердің нені дұрыс есте сақтап қалғандарыңды тексеремін. Әр түрлі заттардың атын атаймын, сендер тек мектепке қажетті затты атағанда ғана, қол соғасыңдар.

Мысалы: портфель, қуыршақ, кітап, шанышқы, парта, жастық, тақта, машина, пышақ, төсек.

Енді мына суретке қараңдар, нені көріп тұрсыңдар? (парта, тақта, терезе, сынып)

Қорытынды:

  • Немен айналыстық мектепте қандай сабақ болады?