Тақырыбы:«Менің туыстарым»

47

Бағыты: Отбасы тәрбиесі.

Тақырыбы:«Менің туыстарым»

Мақсаты: «Өзара сыйластық» ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін түсіндіру. Туыс, туысқан ұғымы жайлы түсінік беру;

-туыстарға деген сыйластық қарым-қатынастарын дамыту;

-өзара сыйластыққа тәрбиелеу.

Түзету мақсаты:Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуынбақылап түзету.

Көрнекілігі: кітап, сурет

Барысы:Балалармен бірге шеңбер құрып тұрамыз,бір-бірімізбен сәлемдесіп, бір-бірімізге жақсы сөздер айтамыз.      

  • Сен әдептісің,
  • Сен мейірімдісің,
  • Сен қамқорсың,
  • Сен ақкөңілсің,
  • Сен шыншылсың.

Балалар туыс деп кімді айтамыз?

Өздеріңе ең жақын адамды туыс деп айтамыз. Олар әке, ана, ата, әже, аға, әпке, іні, сіңлі.

-барлық адамдардың өздерін жақсы көретін, жанашыр жақындары бар. Олар біздің туыстарымыз. Туыстар әрқашан да бір-біріне көмектеседі.

Өз туыстарың жайлы әңгімелеп беріңдер.

  • Әжең үйге қандай көмек береді?
  • Анаң үйде қандай шаруамен айналысады?
  • Өзің үйде қандай жұмыстар істейсің?
  • Үйлеріңде гүлдер өсіресіңдер ме?
  • Гүлдерді қалай күтесің?
  • Енді, балалар, осы «туыс»деген сөзге әрқайсымыз өзіміздің ең жақсы көретін сөзімізді айтайық. Мысалы: менің туыстарым тату болсын, бір-біріңді ренжітпеңдер,сыйлаңдар т.б.

 

Қорытынды:

Туысқандарыңмен қандай қарым-қатынас жасайсыңдар?

Отбасындағы сыйластық туыстарға деген сүйіспеншіліктен туындайды. Өзара түсіністік, сыйластық болғанда ғана туыстар арасында татулық орнайды. Туыстарды сыйлауымыз керек. Олар біздің жақын адамдарымыз.