Тақырыбы: «Досыңның аты кім?»

30

Бағыты : Рухани адамгершілік тәрбиесі

 

Тақырыбы: «Досыңның аты кім?»

Мақсаты: «Дос», «Достық» құндылығы туралы түсінік беру. 

-достарға деген мейірімді қарым-қатынасқа үйрету;

-достаса білуге тәрбиелеу.

Тілдерін дамытып, ой-өрісін кеңейту, сөздік қорын байыту , есте сақтау қабілетін дамыту.

Түзету мақсаты: Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын бақылап түзету.

Көрнекілігі: кітап, сурет

Барысы :

Балалар, суреттен не көріп тұрсыңдар?Кәне, осы  суретке қарап әңгіме құрастырайық .

  • Балалар , бұл суреттен бір-біріне қамқор, тату адал достардың суреттерін көріп тұрмыз. Біз осы достық аялдамасында дос , достық туралы біліп бір- бірімізбен достасуды үйренеміз.

Ал сендер достық дегенді қалай түсінесіндер?

Балалар , достық дегеніміз екі адамның арасындағы силастық. Достар бір- бірін жақсы түсінеді, бірге жүргенді ұнатады. Топтағы барлық балалар бір- бірлерімен доссындар  Балалар, барлығымыздың да достарымыз бар. Олар сүйкімді, әдемі, мейірімді, қайырымды. Өз достарыңды естеріңе түсіріп, суретін салып көріңдер.

-достық бір-біріне деген сүйіспеншіліктен, мейірімділіктен, көмектесуден туындайды, сондықтан да достықты адам бойындағы асыл қасиетке теңеген.

Қорытынды:

Бүгін біз достар туралы әңгімелестік. Достарымызға үнемі жақсы, жылы сөздер айту керектігін үйрендік. Достықты тек сөздер арқылы ғана емес, жақсы істер арқылы тануға болады. Достар әрқашан бір-біріне көмектеседі. Достықтарын  ұзақ, тұрақты болу үшін бір-бірлеріне көмектесіп адал болуларың керек. Сонда ғана достықтарың берік болады.