Тақырыбы: «Саңырауқұлақ»

56

Бағыты : Еңбек және экономикалық тәрбие.

 

Тақырыбы: «Саңырауқұлақ»

Мақсаты:Саңырауқұлақты мүсіндеу әдіс-тәсілдерімен таныстыру. Табиғат көріністерін көре білу және қорғауға үйрету. Ұқыптылыққа мейірімділікке тәрбиелеу.Тілдерін дамытып, ой-өрісін кеңейту, сөздік қорын байыту , есте сақтау қабілетін дамыту.

 

Түзету мақсаты: Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын бақылап түзету.

Көрнекілігі:  суреттер

Барысы :

Балаларға саңырауқұлақ дегеніміз не екенін түсіндіру. Олардың қайда өсетінін, жылдың қай мезгілінде өсіп шығатынын, қандай жерлерде өсіп шығатынын айтып өту. Саңырауқұлақтың адамзатқа пайдасы мен зияны туралы түсіндіру. Саңырауқұлақты адамдар қай кезде, не үшін пайдаланатынын түсіндіру. Суреттерін қолдарына ұстап мұқият қарап шығады.

Сергіту сәті.

Табиғат тіршіліксің тұнып тұрған,

Сен күнсің, көтерілген күліп қырдан.

Сен көлсің, сен ормансың, сен бұлақсың,

Адамды сұлулыққа құнықтырған.

 

Қорытынды:

Саңырауқұлақ қайда өседі?

Бізге пайдасы бар ма?

Саңырауқұлақ теруге кім барды?