Тақырыбы: «Мен қамқор боламын»

Бағыты :Рухани адамгершілік тәрбиесі.

 

Тақырыбы: «Мен қамқор боламын»

Мақсаты: Рухани адамгершілік құндылықтар мен білім жүйесін дамытып қалыптастыру. Оқушыларды әдептілікке, адамгершілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу. Тілдерін дамытып, ой-өрісін кеңейту, сөздік қорын байыту , есте сақтау қабілетін дамыту.киімді ұқыпты, таза киінуге тәрбиелеу.

Түзету мақсаты: Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын бақылап түзету.

Көрнекілігі:  суреттер

Барысы :  Ұйымдастыру кезеңі.

— қамқорлық ұғымы  туралы түсінік беру;

— қамқорлық жасай білу дағдыларын дамыту;

— қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу;

«Қамқорлық»  деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Бізге үйде, балабақшада, мектепте кімдер қамқорлық көрсетеді?

Сендер кімдерге қамқорлық жасай аласыңдар?

Жақсылық жасап, бір-біріне көмектесетін адамдарды қамқор адамдар дейміз. Қамқор адамды  сөйлеген сөзінен емес, жасаған қайрймды ісінен танимыз. Балалар,  бүгін біз қамқорлық туралы әңгімелесеміз.

 

Сергіту сәті.

Кел, балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік.

Күлкі көңіл ашады,

Күліп өмір сүрейік.

  • Қамқор бала ағашқа (гүлге) су құяды, топырағын қопсытады;
  • Қамқор бала әжесіне, атасына су ( орындық, таяқ) әкеледі;

 

Жақсылық жасау — әдептілік.

Үлкен кішіге қамқорлық көрсету- жақсылық.

Қорытынды:

  • Біз бүгін үлкендерге, кішілерге, қол ұшын беріп, қамқор болуға үйрендік. Жасаған қамқорлығымыз, қайырымымыз, көмегіміз ешқашан ізсіз кетпейді. Қайта соның бәрі өзімізге жақсылық болып оралады. Жақсылықты риясыз жасаған дұрыс.