Тақырыбы: «Тазалықшының кеңестері»

68

Бағыты :Салауатты өмір салтын қалыптастыру  тәрбиесі.

Тақырыбы:  «Тазалықшының кеңестері»

Мақсаты: Дені сау ұрпақ тәрбиелеу жағымсыз нәрселерге қарсы тұру қажеттілігі туралы түсініктерін қалыптастыру. Күн тәртібін сақтау қажеттілігі туралы түсініктерін қалыптастыру. Кір қолдың қандай ауруларға ұшыратынын, жұқпалы аурулардан сақтану жолдарын түсіндіру.

Оқушыларды білімділікке, салауаттылыққа өмір сүруге баулу. Оқушылардың өз ойларын айта білуі, өздері ой-түйін жасай білу дағдыларын дамыту.

Денесін шыңдауда шымыр да шапшаң, ұқыптыда жинақы ,қоршаған ортаны таза ұстап аялауға, өз денсаулығын күте білуге, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Түзету мақсаты: Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын бақылап түзету.

Көрнекілігі:  суреттер

Барысы :  Ұйымдастыру кезеңі.

«Бірінші байлық-денсаулық» деп жайдан –жай айтылмаған. Алдымен адамға денсаулық керек. Адам баласының денсаулығы оның жаны мен тәнінің сұлулығынан құралады. Адам денсаулығының жақсаруы, рухани  жанының тазаруы тіршілікте салауатты өмір салтын ұстануда, салауатты өмір кешумен байланысты.

 

  • Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, адамның дені сау болу үшін қандай шарттар орындау қажет?
  • Денесін, беті-қолын, киімін әрдайым таза ұстау керек.
  • Жаттығу жасап, спортпен айналысу керек.
  • Дәрумені мол тағамдарды, жемістермен көкеністерді жеу керек.
  1. Адамдар не үшін жуынады?
  2. Сендер қолдарыңды беттерінді жуасыңдар?
  3. Жуынбай жүрген баланы қандай бала?
  4. Салақ бала неге ұшырайды?

Балалар тазалық үшін қандай заттар керек?

Сабын, су сабын, тіс щеткасы, тіс пастасы, тарақ. 

-Міне балалар, сендер тазалыққа керек заттарды білесіңдер.

Жеке бас тазалығының ережелері.

—         Күнделікті бір уақытта тұр, бөлмеңді желдетіп ал да, шынықтыру жаттығуын жаса;

—         Ертең ерте тісіңді тазалап, беті-қолыңды, мойның мен құлағыңды жу;

—         Үйықтар алдында жуынып, бөлмеңді желдетіп алуды ұмытпа;

—         Тамақ ішердің алдында, жұмыс істегеннен кейін, әжетханадан соң міндетті түрде қолыңды жу;

—         Бет орамал пайдалан, мұрныңның әрқашан таза болуына көңіл бөл;

—         Түшкірген немесе жөтелген кезде мұрның мен аузыңды беторамалмен жуып, теріс айналып түшкір немесе жөтел;

—         Шашыңды дұрыстап күт: уақытылы тара, буып немесе өріп қой;

—         Төсегіңді жинау, жеңіл-желпі киімдеріңді өзің жуып, үтіктеу, түймеңді қадап, бәтеңкеңді тазалау – бұл әркімнің – ақ қолынан келетін іс;

—         Ұқыпты да жарасымды киінетін бол. Киімнің таза және үтіктелген болсын;

—         Мектепке киетін киімің мен үй киіміңді ұқыпты ұстап, уақытылы ауыстыр. Ал қонаққа барарда жарасымды да сәнді киінген жөн;

—         Үйден шығарда сырт бейнеңді айнаға қарап түзеуге әдеттен;

—         Аяқ киіміңді күтіп киіп үйрен, тазалауға уақыт бөл;

—         Мектепте ұстайтын, үйде пайдаланатын заттарыңды реттеп ұста;

—         Өзің отыратын орынның тазалығын қадағалап, шаңын сүрт;

—         Кітап – дәптеріңді пайдаланып болған соң, орнына қой;

—         Ине-жіп, қайшы, тарақ, кітапша сияқты заттардың өз орнынан табылғаны дұрыс. Алсаң, орнына дереу қой;

—         Сырт киіміңді орындыққа тастай салмай, киімілгішке іл. Мектеп формасы мен үй киімің араласып жатпасын.

—         Ойнасаң, ойыншықтарыңды да жинап, реттеп қой.

 Тері тазалығы. Адам денсаулығының кепілінің бірі – тері тазалығы. Ыстық сумен және сабынмен жуынған жағдайда ғана теріні түрлі микробтар мен лас нәрселерден айықтырып, тазартуға болады.

 

Қорытынды бөлім

Бүгінгі тәрбие сабағымды Сара Алпысқызы Назарбаеваның мынадай сөзімен аяқтағым келеді: «Дені сау сәби әр отбасының, қуанышы, бақыты. Ал денсаулығы мықты сәби халықтың болашағы, Отанының сенімді тірегі» және де «Дені сау адам – табиғаттың ең бағалы туындысы»