Тақырыбы: «Отбасы»

Бағыты :Отбасы  тәрбиесі.

Тақырыбы:  «Отбасы»

Мақсаты: А) Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру;

Ә) Халқымыздың тәлім-тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, ата ақылымен берілетін білім, өзіндік ұлттық қасиетімсізід балалардың бойына дарыту;

Б) Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, сыпайы, инабатты болуға тәрбиелеу.

 

Түзету мақсаты: Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын бақылап түзету.

Көрнекілігі:  суреттер

Барысы :  Ұйымдастыру кезеңі.

Отбасы-адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласын шыр етіп дүниеге келген күннен бастап сол ортаның ыстық-суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді.

Отбасы-адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар. «Балапан қыран болу ү.шін оны самғатып ұшыратын ата немесе әке де қыран болу керек» деп отбасылық тәрбиеге ерекше тоқталған. Әр отбасында ата-ананың орын бөлек. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке-шаңырақ иесі. Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен ер-азаматқа жүктеледі. Әйел-отбасының ұйытқысы.

  • Атың кім?
  • Сенің ағаң бар ма?
  • Сенің әпкең бар ма?
  • Нешінші сыныпта оқиды?
  • Әкелеріңнің әкесі сендерге кім болады?
  • Әкелеріңнің анасы кім болады?
  • Ағадан кейін өмірге қыз бала келсе кім дейміз?

-Енді ,балалар, осы «отбасы» деген сөзге әрқайсымыз өзіміздің ең жақсы көретін сөзімізді айтайық. Мысалы: отбасы тату болсын, бір-біріңді ренжітпеңдер, сыйлаңдар т.б

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,

Қарлығаш боп ұшайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Жақсы сергіп қалайық. 

Қорытынды  

  • Балалар , бүгінгі сабақта біз өзіміздің сүйікті отбасымыз туралы әңгімелестік. Оларды жақсы көруге, сыйлауға құрметтеуге. Оларға көмектесуге үйрендік.