Тақырыбы: «Үй киім мен мектеп киім»

58

Бағыты :Коммуникативті мәдениетті қалыптастыру.

 

Тақырыбы: «Үй киім мен мектеп киім»

Мақсаты:Балаларға киім, киім түрлері туралы түсінік беру. Мектеп киім мен күнделікті киімдерді ажырата білуге үйрету. Әр мезгілде киетін киімдерді атай білуге үйрету.Тілдерін дамытып, ой-өрісін кеңейту, сөздік қорын байыту , есте сақтау қабілетін дамыту.киімді ұқыпты, таза киінуге тәрбиелеу.

 

Түзету мақсаты: Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын бақылап түзету.

Көрнекілігі:  суреттер

Барысы :

-Қайырлы таң! Бүгін қандай күн? Ауа-райы қандай?

— Жылдың қай мезгілі?

-Ауа райының қандай мезгілінде мына киімдерді киер едіңдер? Аттарын атаңдар.

Костюм, куртка, пальто.

Көйлек, кофта, шалбар, юбка.

  • Киімдерді кигенде қалай киуіміз керек?
  • Киімді қайдан аламыз?
  • Киімдердің қайсысын ер балаға, қайсысын қыз балаға кигізуге болады.

Киімді таза, ұқыпты кию керек. Сабақтан кейін мектеп киімді міндетті түрде ауыстырып,  үй киім кию керек.

 

Сергіту сәті.

Кел, балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік.

Күлкі көңіл ашады,

Күліп өмір сүрейік.

 

Қорытынды:

Киімдерді қалай кию керек?

Мектеп киім мен үй киімнің айырмашылығы неде?