Тақырыбы: «Заттың атын ата?»

ағыты : Интеллектуалды мәдениетті қалыптастыру.

Тақырыбы:  «Заттың атын ата?»

Мақсаты:

Оқушылардың  ой-өрісін дамыту, ойлау қабілетін арттыру. Адамзатқа керекті түрлі заттар  туралы түсініктерін кеңейту. Заттардың  адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру.

 

 

Түзету мақсаты: Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын бақылап түзету.

Көрнекілігі:  суреттер

Барысы: Ұйымдастыру.

Адам ақыл —  ойдың иесі. Кез-келген адам ақыл-оймен ізденіп дүниені таниды. Адам барлық нәрсені ақыл-оймен істеу керек.

  • Балалар, күзде нелер піседі?
  • Көкөністер -, жемістер дегеніміз не?
  • Жемістерге нелер жатады?
  • Көкөністерге нелер жатады?

Дидактикалық ойын:

Шарты: Қоржынға салынған көкөністер мен жемістер қолдарына алып, қатты, дәмді, тәтті, ащы-қышқыл зат екенін ажыратып атау.

Пішіндерін айту.

Мысалы: алма – тәтті, домалақ; сәбіз-қатты, сопақша; бұршақ-ащы, сопақша.

Сергіту сәті.

         Қане, сапты түзейік,

         Тіземізді  бүгейік.

         Ыршып алға  түсейік,

         Ыршып артқа түсейік.

         Көбелекше  ұшамыз,

         Отырамыз, тұрамыз.

         Сергітуге  мың  алғыс!

 

Қорытынды:

Балалар көзбен көрмей –ақ қолмен ұстап,  сол заттың не екенін білуге болады екен және аттарын айтып бере аламыз.