Тақырыбы: «Табиғатқа құштармын»

Бағыты :Өзін-өзі тану және дамыту тәрбиесі.

Тақырыбы:  «Табиғатқа құштармын»

Мақсаты: 1. Балаларға табиғат туралы түсінік беру.

  1. табиғат аясындағы жанды-жансыз заттарға қамқорлық жасауға, туған табиғатқа сүйіспеншілік мақтаныш сезіммен қарауға тәрбиелеу.
  2. Туған жердің экологиясын қорғауға үлес қосу.

 

Түзету мақсаты: Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын бақылап түзету.

Көрнекілігі:  суреттер

Барысы

  Табиғатты  аялап, қорғасақ,өз  денсаулығымызды   қорғағанымыз.

Балалар  өз  денсаулығымызды  қорғағанымыз  дегенді  қалай  түсінеміз?

Біз  табиғатты  қорғасақ,  яғни  өсімдіктерді,ағаштарды  ,гүлдерді  көп  етіп  егіп,  оларды  күтіп  баптай  білсек  олар  біздің  денсаулығымызға   өте  пайдалы. Олар бірігіп,саябақтарды,ормандарды  құрайды.

Әрбір  жыл  мезгілі  өз   сәнімен  ерекшеленеді. Жазда  ыстық,күзде  сары, қыста  қар,  көктемде  жасыл  болады.

         Табиғат-адам баласын дүниеге келтіріп, бойындағы бар махаббат мейірімін шұғылаға шуағын  жүрегімізге ұялатқан аяулы Ана.

         Табиғат-бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы және аялы  бесігі, құтты қонысы мен өсіп-өнер мекені.

         Табиғат-адамның бойына қуат , көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі.

         Табиғаттың көркін ажрландырып, жер бетін саялы баққа айналдыратын  байлық көзі-су. Халқымыз  ежелден-ақ суды қастерлеп, «Сулы жер-нулы жер», «Су-табиғаттың айнасы», «Судың да сұрауы бар» деп ерекше бағалай білген.

         Соңғы жылдары өлкеміздегі көптеген өзен, көл сулары қалай болса, солай пайдаланудың салдарынан олардың  қоры азайып, ластануы өріс алуда. Табиғат байлығының бір тобы, жер бетінің сәулеті, еліміздің дәулеті-жасыл әлем.

         Халқымыз өсімдікті өмір өзегі деп аялап,  одан қамқорлығын еш уақытта аямаған.

         «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» деген өрнекті сөз-соның айғағы.

         Сондықтан да, табиғатты аялайық, қорғайық.

 

Қорытынды