Тақырыбы: «Біздің үй, үй жиһаздары және ыдыстар»

544

Бағыты :  Эстетикалық тәрбие .

Тақырыбы:  «Біздің үй, үй жиһаздары және ыдыстар»

Мақсаты:

Балаларға үй, үй жиһаздары, ыдыстар туралы түсінік беру. Танымын кеңейту, тілін дамыту. Грамматикалық тұлғада жүйелі сөйлеуде, сөйлемді толық, анық айтуға, өз ойын жеткізе білуге үйрету. Достарының, үлкеннің айтқанын аяғына дейін тыңдауға тәрбиелеу. Диалогты сөйлеуге жаттықтыру.

 

Түзету мақсаты: Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын бақылап түзету.

Көрнекілігі:  суреттер

Барысы: Ұйымдастыру.

  • Балалар біз қайда тұрамыз?
  • Қандай үйде тұрамыз?
  • Сендер өздерің нешінші қабатта, нешінші пәтерде тұратындарыңды білесіңдер ме?
  • Үйде қандай бөлмелер болады?
  • Қай бөлмеде қандай зат тұрады?
  • Ас ішетін бөлмені қалай атайды?
  • Ас ішкенде қолданған заттарды не деп атайды?
  • Үйде жатын бөлме, қонақ бөлме болады.
  • Ас ішетін бөлме асхана деп аталады.
  • Ас ішкенде қолданатын затты ыдыс деп атайды.
  • Суреттен қандай үй жиһаздарын көріп тұрсыңдар?
  • Қандай ыдыстар бар екен?

Мынау суреттер бойынша әрқайсыларың өздеріңе ұнаған ұй жиһаздарының, ыдыстардың суретін салайық.

Сергіту сәті.

         Қане, сапты түзейік,

         Тіземізді  бүгейік.

         Ыршып алға  түсейік,

         Ыршып артқа түсейік.

         Көбелекше  ұшамыз,

         Отырамыз, тұрамыз.

         Сергітуге  мың  алғыс!

 

Қорытынды:

Балалар сендер үй жиһаздары , ыдыстар  жайлы білдіңдер, осы заттарды күтіп,  ұқыпты ұстаңдар!