Тақырыбы: «Бағдаршам»

Бағыты :  Еңбек және экономикалық тәрбие .

Тақырыбы:  «Бағдаршам»

Мақсаты: Балаларды жол ережелерімен таныстыру. Бағдаршам арқылы  

                  үш   түрлі түсті ажыратып, жолға шыққанда өздерін қалай   

                 ұстау  керектігін үйрету.Балаларды сақтыққа, жол ережелерін         

                орындауға   үйрету.балаларды еңбекке баулу. Еңбек ету қабілетін, қол шеберлігін арттыру.

 

Түзету мақсаты: Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын бақылап түзету.

Көрнекілігі:  суреттер.

Барысы: Ұйымдастыру.

Жол заңы дұрыс жүріп , абай  болуды  талап етеді. Жол тәртібін  бұзба , ол  қатер  тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп  қуалайтыны , шаңғы  тебетіні , жүріп  бара жатқан машинаға  жабысатыны ,қалтарыстан жолға  шығып  келетін салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан  кейбіреулер машина  дөңгелегіне ілініп қаза тауып , кейбіреулері  жарақат алады . Ал кейбіреулері өмірлік  мүгедек болып қалады.

Қызыл көзін ашқанда,

Сынық сүйем баспа алға!

Сары көзін ашқанда,

Қарап қалма аспанға.

Жасыл көзін ашқанда,

Өте бергін, жасқанба!

 Көзін ашып- жұмады.

Бағыт сілтеп тұрады.

 

-Балалар, мына макетке қараңдаршы не бейнеленген?

— Бағдаршам.

-Ол неше түстен тұрады?

— Үш.

-Түстерін атаңдар?

-Сары,қызыл, жасыл.

Пішіндері қандай?

-Дөңгелек.

 

 — Балалар, мен сендерге «Бағдаршам» атты ойын ойнатқым келіп тұр.

Ойын шарты: Барлық бала дөңгелене тұрады.Қызыл түсті көтергенде, бір адым артқа, сары түсті көтергенде, сол орында тапжылмай тұрады, жасылтүсті көтергенде, бір адым алға жылжу керек.

 

Сергіту сәті.

         Қане, сапты түзейік,

         Тіземізді  бүгейік.

         Ыршып алға  түсейік,

         Ыршып артқа түсейік.

         Көбелекше  ұшамыз,

         Отырамыз, тұрамыз.

         Сергітуге  мың  алғыс!

Қорытынды:

— Балалар, жол жүру ережелері туралы білімдеріңді жинақтадыңдар.