Тақырыбы: «Сенің күн тәртібің»

161

Бағыты :Салауатты өмір салтын қалыптастыру  тәрбиесі.

Тақырыбы:  «Сенің күн тәртібің»

Мақсаты: Дені сау ұрпақ тәрбиелеу жағымсыз нәрселерге қарсы тұру қажеттілігі туралы түсініктерін қалыптастыру. Күн тәртібін сақтау қажеттілігі туралы түсініктерін қалыптастыру.

Оқушыларды білімділікке, салауаттылыққа өмір сүруге баулу. Оқушылардың өз ойларын айта білуі, өздері ой-түйін жасай білу дағдыларын дамыту.

Денесін шыңдауда шымыр да шапшаң, ұқыптыда жинақы ,қоршаған ортаны таза ұстап аялауға, өз денсаулығын күте білуге, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Түзету мақсаты: Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын бақылап түзету.

Көрнекілігі:  суреттер

Барысы :  І. Ұйымдастыру кезеңі.

«Бірінші байлық-денсаулық» деп жайдан –жай айтылмаған. Алдымен адамға денсаулық керек. Адам баласының денсаулығы оның жаны мен тәнінің сұлулығынан құралады. Адам денсаулығының жақсаруы, рухани  жанының тазаруы тіршілікте салауатты өмір салтын ұстануда, салауатты өмір кешумен байланысты.

 

  • Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, адамның дені сау болу үшін қандай шарттар орындау қажет?
  • Денесін, беті-қолын, киімін әрдайым таза ұстау керек.
  • Жаттығу жасап, спортпен айналысу керек.
  • Дәрумені мол тағамдарды, жемістермен көкеністерді жеу керек.

 

 

—         Күнделікті бір уақытта тұр, бөлмеңді желдетіп ал да, шынықтыру жаттығуын жаса;

— Балалар,  шынығу жаттығуы адамға не үшін қажет?

— Денсаулығы мықты, шымыр болу үшін қажет.

 

—         Ертең ерте тісіңді тазалап, беті-қолыңды, мойның мен құлағыңды жу;

—  Уақытылы тамақтану.

— Таза ауада серуендеп, тыныстау.

—         Үйықтар алдында жуынып, бөлмеңді желдетіп алуды ұмытпа;

Ерте тұрып күнде мен

Терезені ашамын.

Сәлем! – деймін күнге мен,

Шаттық әнге басамын.

—         Ұқыпты да жарасымды киінетін бол. Киімнің таза және үтіктелген болсын;

—         Мектепке киетін киімің мен үй киіміңді ұқыпты ұстап, уақытылы ауыстыр. Ал қонаққа барарда жарасымды да сәнді киінген жөн;

—         Үйден шығарда сырт бейнеңді айнаға қарап түзеуге әдеттен;

—         Аяқ киіміңді күтіп киіп үйрен, тазалауға уақыт бөл;

—         Мектепте ұстайтын, үйде пайдаланатын заттарыңды реттеп ұста;

—         Өзің отыратын орынның тазалығын қадағалап, шаңын сүрт;

—         Кітап – дәптеріңді пайдаланып болған соң, орнына қой;

—         Ине-жіп, қайшы, тарақ, кітапша сияқты заттардың өз орнынан табылғаны дұрыс. Алсаң, орнына дереу қой;

—         Сырт киіміңді орындыққа тастай салмай, киімілгішке іл. Мектеп формасы мен үй киімің араласып жатпасын.

—         Ойнасаң, ойыншықтарыңды да жинап, реттеп қой.

 

Қорытынды:

 «Дені сау бала әр отбасының, қуанышы, бақыты. Ал денсаулығы мықты бала халықтың болашағы, Отанының сенімді тірегі» және де «Дені сау адам – табиғаттың ең бағалы туындысы»