Тақырыбы: «Әке мен ана»

Бағыты :  Әлеуметтік мәнді және жеке мәдениетін қалыптастыру .

Тақырыбы:  «Әке мен ана»

Мақсаты:  Бала бойына осы тәрбие сағаты арқылы сүйіспеншілікті, жылылықты ұялату.Ата –анасын құрмет тұтып,адал да парасатты ұл мен қыздары болуға тәрбиелеу. Ата –ана берген жақсы тәрбиелерін нәтижелі етуге уағыздау

Түзету мақсаты: Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын бақылап түзету.

Көрнекілігі:  суреттер.

Барысы: Ұйымдастыру.

Балалар ата-ана алдындағы әдептілік –баланың бармақтай кезінен бойына дарыған қасиет болуға тиіс. Ата-ананы сыйлау-елді сыйлау.Ата -әжесін құрметтеу-өмірді құрметтеу.

-Біздің ең жақын тұтатын адамымыз кім?

-Қызығыңды да бұзығыңды да көтеретін кім?

-Үнемі жаныңда періштедей қорғаштап,демеу беретін кім?

Егер сен өзгелерде мені құрметтесін,сыйласын десең алдыменен ата-анаңды сыйла!

Әке де сол сияқты баласының азық тауып тәрбиелеу үшін ,оймен де денемен де қиыншылықтардан бет бұрмаған.

Міне ата-ананы құрметтеуіміз қажет екенін ақыл-ой парасат тұрғысынан байқасақ,әрбір баланың тегі ата-ана.не үшін ата-анама құрмет жасаймын деген сөзді ойыңа алма.Олар сен үшін өзін өлімге де қиятыны белгілі.

Әке-шешенің осындай жақсылықтарына ие болған бір бала оларға шүкір етпесе,жақсылығын білмесе,басқа біреудің жақсылығын байқамайды.

 Құрметте алдыменен ата-анаңды

Үлгілі ұрпақ атадан бата алады.

Бар жақсылық балаға бұл ғаламда

Мейірімінен ананың жасалады.

Ата-анасы баласы шақырған кезде қандай жұмыспен айналыссаң да , олардың әміріне жүгіну керек.Ата-анаң саған ашуланып айқайласа да ,сен оларға ешнәрсе айтпа.Әке –шешеңнің дұғасын ,рахметі мен батасын алғың келсе,саған берген міндеттерін жылдам және жақсылап істеуге тырыс.Сенің бұл ісің олардың көңілінен шықпай,саған теріс дұға етулерінен қорық..Ата-анаң сырқат болса ,олармен бірге болып,жәрдем ет.Олардың тірі кезінде қадірін біл деп жазылыпты.

Кейбір тәрбиесіз,арсыз балалар ата-анасына қарсы сөйлеп,тыңдамай жатады.Ондай қылықтардан аулақ болып ,ата-ана әке апа,қарындас-туыстарыңды  сыйлап жүріңдер.Әке-тірегің,қамқоршың,асқар тауың,Ана-жарық дүниеге әкелуші.

Сергіту сәті.

         Қане, сапты түзейік,

         Тіземізді  бүгейік.

         Ыршып алға  түсейік,

         Ыршып артқа түсейік.

         Көбелекше  ұшамыз,

         Отырамыз, тұрамыз.

         Сергітуге  мың  алғыс!

Қорытынды:

Оқушылар, бүгінгі тәрбие сағатымызда ата-ананы қалай сыйлау,құрметтеу керек сол жайлы мағлұмат алдық. Балалар ата-ана алдындағы әдептілік –баланың бармақтай кезінен бойына дарыған қасиет болуға тиіс. Ата-ананы сыйлау-елді сыйлау.Ата -әжесін құрметтеу-өмірді құрметтеу.