Тақырыбы: «Достық»

34

Бағыты :Отбасы  тәрбиесі.

Тақырыбы:  «Достық»

Мақсаты: Оқушылардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін сыйлауға, адал дос болуға және қоршаған ортамен дос болуға үйрету.

Міндеті: 1. Адам қарым – қатынасындағы достық ұғымы туралы түсінік

                    беру;

  1. Оқушылардың арасында достық сезімдерін дамытуға ықпал

                    ету.

  1. Оқушыларды сыйластыққа, әдептілікке, шынайылыққа,

                    адалдыққа  тәрбиелеу.

Түзету мақсаты: Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын бақылап түзету.

Көрнекілігі:  суреттер

Барысы :  Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылар хормен:  Үлкенге де «Сіз»,

                                   Кішіге де «Сіз».

                                   Бар адамға құрметпен,

                                   Бас иеміз біз.

 Шаттық шеңбері.

— Балалар, бәріміз шаттық шеңберіне жиналайық. Енді бір-бірімізге бүгінгі күніміздің тамаша өтуіне арнап жақсы тілектер айтайық. (Оқушылар «Досыммен бірге» ойыны арқылы бір-біріне бүгінгі күннің көңілді өтуіне арнаған тілектерін айтады.)

 

Кел, ойланайық, пікірлесейік.

  • Енді, балалар, мына өлеңді тыңдап көрелік.

 

Шын достықтың оттары жалындайды,

Дос қамалдар ешқашан алынбайды.

Дос көңілдер есепке бағынбайды,

Дос үректер өсекке бағынбайды.

 

  1. Достық дегенді қалай түсінесіңдер?
  2. Шын досты қалай білуге болады?
  3. «Досы көпті жау алмайды» деген сөзді түсіндіріңдер?
  4. Достары көп болу үшін адам қандай болуы қажет?

 

 

Көмектеседі
Адал
Мейірімді

 

 

 

 

Қамқоршы
Ұқыпты
ДОС
Қайырымды
Шыншыл
Білімді
Жанашыр

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Достық.Бірлік.» үйін салу.

  • Балалар, біздің адал достарымыз әлде де көп болу үшін, үлкен үй салуымыз керек. Сол үлкен үйді бәріміз бірге салып көрейік.

Мақал-мәтелдер

  1. Шын дос үшін қалайда,

Тік қатерге басыңды.

Айыра біл алайда,

Досыңменен қасыңды.

  1. Досы жоқпен сырлас,

Досы көппен сыйлас.

  1. Досың мың болса да – аз,

Дұшпаның біреу болса да – көп.

  1. Досыңменен дос болғанға шаттан

Дұшпаныңмен дос болғаннан сақтан.

  1. Ақылсыз достан, ақылды дұшпан артық.
  2. Дос басқа қарайды,

Дұшпан аяққа қарайды.

  1. Өрге жүзген өнегелі ісіңмен,

Адал дос тап тең құрбыңның ішінен.

  1. Кіммен дос болғың келеді?
  2. Партада кіммен бірге отырғың келеді?
  3. Мерекелерде кімге сыйлық бергің келеді?

 

Қорытынды.

  • Адамдар тек қана бір-бірімен дос болып қана қоймайды, қоршаған ортамен де дос болады екен.

 «Ризамыз» әнін айту

Ризамыз бүгінге біз,

Ризамыз бүгінге біз.

Ризамыз бүгінге біз,

Ризамыз қазірге.

Ризамыз3 бүгінге біз,

Ризамыз3  қазірге.