Қыз инабаттылығымен әдемі-әдептілігімен сәнді

128

 

Бағыты :  Эстетикалық тәрбие .

Тақырыбы:  «Қыз инабаттылығымен әдемі-әдептілігімен сәнді»

Мақсаты: Жанұядағы қыз тәрбиесінде  ата-ананың рөлі. Қыз баланы

сыйлауға, құрметтеуге, инабаттылыққа , ибалылыққа ,әсемдікке, сұлулыққа тәрбиелеу.

-Қыз баламен ана арасындағы сыйластықты нығайту

-Қыз баланың жеке бас гигиенасына  анасы мен сынып жетекшісінің  көңіл қоюын бағыттау

-Жан ұядағы қыз бала тәрбиесіне ата-анасының жауапкершлігін арттыру.

Түзету мақсаты: Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын бақылап түзету.

Көрнекілігі:  суреттер

Барысы: Ұйымдастыру.

Жалпы қыз баланың отбасындағы тәрбиесі оларды өмірге бейім, еңбекқор, білімді де әдепті, сезімтал да саналы , өнегелі де биік етіп тәрбиелеу ананың міндеті.

Анасына қарап қыз өсер, әкесіне қарап ұл өсер деп айтылған, қыз анасына қолғанат болу керек, қамқоршы болу керек.

Сергіту сәті.

         Қане, сапты түзейік,

         Тіземізді  бүгейік.

         Ыршып алға  түсейік,

         Ыршып артқа түсейік.

         Көбелекше  ұшамыз,

         Отырамыз, тұрамыз.

         Сергітуге  мың  алғыс!

 

Қорытынды:Гүл өссе — жердің көркі, қыз өссе елдің көркі дей отыра бүгінгі арулар – асыл жандарды ардақтайық.