«Құрметте алдыменен ата-анаңды

104

Бағыты :  Коммуникативті мәдениетті қалыптастыру.

Тақырыбы:  «Құрметте алдыменен ата-анаңды»

Мақсаты: а) Бала бойына осы тәрбие сағаты арқылы сүйіспеншілікті, жылылықты ұялату.Ата –анасын құрмет тұтып,адал да парасатты ұл мен қыздары болуға тәрбиелеу. Ата –ана берген жақсы тәрбиелерін нәтижелі етуге уағыздау

Түзету мақсаты: Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын бақылап түзету.

Көрнекілігі:  суреттер

Барысы:

Ұйымдастыру.

Балалар ата-ана алдындағы әдептілік –баланың бармақтай кезінен бойына дарыған қасиет болуға тиіс. Ата-ананы сыйлау-елді сыйлау.Ата -әжесін құрметтеу-өмірді құрметтеу.

-Біздің ең жақын тұтатын адамымыз кім?

-Қызығыңды да бұзығыңды да көтеретін кім?

-Үнемі жаныңда періштедей қорғаштап,демеу беретін кім?

Ендеше бүгінгі «Құрметте алдыменен ата-анаңды» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.Бүгінгі тәрбие сағатымыз ата-ананы қалай сыйлау,құрметтеу керек сол жайлы мағлұмат аласыңдар.

Әке-шешенің бала алдындағы борышын санасақ сан жетпейді.

Ата-анасы баласы шақырған кезде қандай жұмыспен айналыссаң да , олардың әміріне жүгіну керек.Ата-анаң саған ашуланып айқайласа да ,сен оларға ешнәрсе айтпа.Әке –шешеңнің дұғасын ,рахметі мен батасын алғың келсе,саған берген міндеттерін жылдам және жақсылап істеуге тырыс.Сенің бұл ісің олардың көңілінен шықпай,саған теріс дұға етулерінен қорық..Ата-анаң сырқат болса ,олармен бірге болып,жәрдем ет.Олардың тірі кезінде қадірін біл деп жазылыпты.

Үлкендердің алдынан кесіп өтуге болмайды.

Кішкене баланы жылатуға болмайды.

Құстарды атуға болмайды.

Қыз баланы ренжітуге болмайды.

Сабаққа кешігуге болмайды.

Сыныпта айқайлауға болмайды.

Сергіту сәті.

         Қане, сапты түзейік,

         Тіземізді  бүгейік.

         Ыршып алға  түсейік,

         Ыршып артқа түсейік.

         Көбелекше  ұшамыз,

         Отырамыз, тұрамыз.

         Сергітуге  мың  алғыс!

 

Қорытынды:Балалар,бүгінгі тәрбие сағатымызда ата-ананы қалай сыйлау,құрметтеу керек сол жайлы мағлұмат алдық. Балалар ата-ана алдындағы әдептілік –баланың бармақтай кезінен бойына дарыған қасиет болуға тиіс. Ата-ананы сыйлау-елді сыйлау.Ата -әжесін құрметтеу-өмірді құрметтеу.