Тақырыбы: «Мен елімнің кішкентай азаматымын»

220

Бағыты : Азаматтық құқықтық тәрбие.

Тақырыбы:  «Мен елімнің кішкентай азаматымын»

Мақсаты: Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

  • Отан, туған ел туралы түсініктерін кеңейту;
  • Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру;
  • Отанын сүюге тәрбиелеу

Түзету мақсаты: Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын бақылап түзету.

Көрнекілігі:  суреттер

Барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Балалар тәрбиешімен бірге төмендегі өлең жолдарын қайталайды.

Жалауымдай жазықпын.

Өзенімдей өршілмін,

Гүлдерімдей нәзікпін.

Қуат алған өзіңнен,

Туған елдің ұлымын.

Бақытты етіп өсірген,

Отанымның гүлімін.

  • Сенің атың кім?
  • Бекжан
  • Кімнің баласысың?
  • Атамның баласымын
  • Өзің кімсің?
  • Қазақпын
  • Қайда тудың?
  • Ленгір қаласында
  • Отаныңды білесің бе?
  • Білемін, менің Отаным-Қазақстан
  • Сен қай елдің азаматысың?
  • Қазақ елінің азаматымын
  • Отаныңды жақсы көресің бе?
  • Отаным – жаным-тәнім.
  • Ержеткенде Отаныңа қызмет етесің бе?
  • Барлық күш жігерімді Отаныма арнаймын!

Сергіту сәті

Өлең мазмұнына  сәйкес қимылдар жасайды.

Біз кішкентай баламыз,

Өсіп-өніп толамыз.

Күнге қарай талпынып,

Көкке қолды созамыз.

Қанат қағып ұшамыз,

Қарлығаштай самғаймыз.

 

Қорытынды:

Менің Отаным – Қазақстан.

Мен елімнің азаматымын.