Тақырыбы: «Мен Отанымды сүйемін»

200

Бағыты :Азаматтық құқықтық  тәрбиесі.

Тақырыбы:  «Мен Отанымды сүйемін»

Мақсаты: «Отан»құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

  • Отан туралы түсініктерін кеңейту;
  • Патриоттық сезімдерін дамыту;
  • Отанын сүюге тәрбиелеу.

Түзету мақсаты: Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын бақылап түзету.

Көрнекілігі:  суреттер

Барысы :  Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу

Отан деген- атамекен,

Отан деген- туған жер.

Отан-ана,

Отан-үлкен,

Қазақстан-туған елі.

  • Балалар, біз бүгін сүйікті Отанымыз, яғни отбасымыз, ауылымыз, қаламыз, өскен ортамыз жайлы әңгімелесеміз.

«Отан» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

-Әр адамның өз Отаны болады. Отан-ол біздің туған жеріміз, тұратын жеріміз, отбасымыз.

Отан-біздің атамекеніміз. Отан біздің табиғатымыз, айнала қоршаған ортамыз.

Біздің еліміз өте бай, өте әдемі. Біздің Отанымыз-Қазақстан.

 

                                      Сенің Отаның

Көп аузынан түспейтін,

Отан деген немене?

Оның тұлға,түс, кейпі

Достым білгің келеме?

 

Отан-сенің ата-анаң,

Отан-досың бауырың.

Отан-өлкең астанаң,

Отан-аудан ауылың.

Отан-тарих, Отан-тіл,

Жасаған елің, өз халқың,

Отан-өлкең, Отан-жыр,

Көтерген көкке ел даңқын.

Қорытынды.

-Біз бүгін өзіміздің туған жер –Отанымыз туралы әңгімелестік. Біздің Отанымыз-отбасымыз, өз ауылымыз, қаламыз, өзіміз тұратын көшеміз екенін түсіндік.

Біз отбасымызды, елімізді, жерімізді, Отанымызды мақтан тұтып, қадірлеп, құрметтейміз. Ол үшін жақсы оқып, ақылды азамат болуға тырысамыз.қазақстан елінде тұратынымызды мақтан етеміз.