Тақырыбы: «Жол апатының алдын алу»

77

Бағыты : Әкологиялық  тәрбиесі.

Тақырыбы:  «Жол апатының алдын алу»

Мақсаты: Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің белгілерімен таныстыру. Зейіні мен ойлау қасиеттерін дамыту

Көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.

 

Түзету мақсаты: Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын бақылап түзету.

Көрнекілігі:  суреттер

Барысы :  Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу

 

Тәрбиеші: Жол заңы дұрыс жүріп , абай  болуды  талап етеді. Жол тәртібін  бұзба , ол  қатер  тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп  қуалайтыны , шаңғы  тебетіні , жүріп  бара жатқан машинаға  жабысатыны ,қалтарыстан жолға  шығып  келетін салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан  кейбіреулер машина  дөңгелегіне ілініп қаза тауып , кейбіреулері  жарақат алады . Ал кейбіреулері өмірлік  мүгедек болып қалады.

 Сондықтан әрбір бала «Жолда жүру ережесі » тақырыбындағы дәрісті мұқият тыңдап, әр уақытта қорытынды жасап отыруға міндетті .Үлгілі , тәртіпті бала көшеде, жолда  жүру ережесін ,заңын бұзбайды.

 Сонымен қандай бала  жол ережесін бұзбайды ?

Балалар : Үлгілі , тәртіпті бала .

 Тәрбиеші: Ал енді  «Жол апатының алдын алу»» атты ұйымдастырылған іс-әрекетімізді  ашық деп  жариялаймын .

 ІІ. Негізгі бөлім:

 Жұмбақтарды шешу:

  1. Ала таяқ ұстаған,

Жол тәртібін нұсқаған.  

Өміріңді  күзеткен,  

Ысқырықпен түзеткен.          (Милиционер)                                   

2.Көше бойлап аяңдайды

Адам тасып аялайды. (Автобус)

  1. Көліктің қаншасын үстінен өткізген ,

Іргеден басталып , алысқа жеткізген. (Жол)

  1. Жоқ өзінде бас та , ауызда да , құлақ та ,

Бақырайған  үш көзі  бар бірақ та.              (Бағдаршам)

  1. Арқаным бар тым ұзын,

 Ала-алмайсың бір үзім.

 Табыңдаршы, балалар,

 Бұл жұмбақтың шешуін.  (Жол)

  1. Өзі сөйлей білмейді,

 Бірақ «Тоқта, жүр !» дейді. «Бағдаршам»

Тәрбиеші: Бағдаршам  өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз . Оның сырын  біліп , тіліп алу  баршамызға  керек.

  1. Неге ?Біздің қаламызда , сол сияқты біздің  еліміздің  қала , ауылдарына  бәріне  ортақ көше  қатынас ережесі енгізілген. Бұл  ережені балалар да , үлкендер де , яғни  барлық  жүргізушілер , көлік  жүргізетін  жүргізушілер де  бұлжытпай  орындауы керек.
  2. Балалар, сендер көшеде жүру ережесін  білесіңдер ме екен  , көрейік . Мынадай сұрақтарға  жауап беріңдерші.
  3. Жиек жол деген не ? Адамдар жаяу  жүретін көше жиегіндегі тар жол .
  4. Жаяу адамға қай жермен жүруге болмайды ? Көлік жүретін  көшенің  ортасымен  жүруге  рұқсат етілмейді.

 Тақтада:     Қызыл – Тоқта !Сары  – Сақтан !   Жасыл – Жол ашық!

 1-бала:  Қызыл көзін ашқанда ,

              Сынық сүйем  баспа  алға !

2-бала: Сары  көзін ашқанда ,

               Қарап қалма  аспанға !

 3-бала:   Жасыл көзін ашқанда ,

              Өте  бергін , жасқанба !

Ән: Бағдаршам

  1. Көшеде біз сақ болайық ,

Қаймықпасын ата – ана .

 Жолда сен бол  лайық,

Жас ұлан деген  атқа

 Қ- сы :

 Әрқашан күн  сөнбесін,

 Аспаннан бұлт  төнбесін .

 Қасымда болсын анам,

 Болайын мен де аман !

  1. Жолда жүру әліппесін

 Білген жөн бес саусақтай.

 Сонда ғана жүре  аласың ,

 Сен өзіңді сау сақтап

Тәрбиеші: – Бағдаршам жоқ  көшелерден  қалай  өтеміз ?

 Егер өтетін  жерде  бағдаршам  болмаса  көшеден  өте бере  әуелі  сол жаққа қараймыз. Көшенің орта  тұсына жеткенде , оң жағымызға көз  саламыз. Егер ол  жақтан  машина  келе  жатса , өтіп  кеткенше , сол орында күте  тұрамыз. Ендеше, мына жолдармен бағдаршамсыз, бағдаршам барда қалай жүретінімізді көрейік.\

 Балалар:қалай өтетінін көр сетеді.

 Инспектор: Көреген, дәу қырағы.

                       Көшемізде тұрады.

                      Оның аты – бағдаршам,

                     Жол сілтейді әрқашан.

                        Ол бергенде команда,

Бағынамыз әмәнда.

 Бағдаршам:Тұрамын көшенің қиылысын тұрақтап,

 Қашпаймын  мүдіріп , ешқандай сұрақтан.

 Белгісі жолдардың төрт  топтан тұрады,

 Жарқырап көрінер түнде де жырақтан.

 Бағдаршам: Ашса кезек үш көзін,

 Айтты деп ұқ үш сөзін.

                    «Тоқта, сақтан, жол ашық!»

                        Жүрме жолға таласып.

 4-бала:

 Төрт топтан құралған,

 Белгілер туыстай.

Жол сілтеп тұрады.

 У-шусыз ұрыспай.

 Сақтандыру , ескерту белгісі :

 Қып – қызыл  үшбұрыш,

 Қауіптен сақ бол деп сәт – сапар  жолдаған.

 Аман – сау жүреді  жаяу да , көлік те ,

 Мен берген белгіні  сақтаған , қолдаған.

 Тыйым салу  белгісі:

 Қызылмен боялған , шеңбермін аумақты,

 Тыйымшыл белгімін , қаталмын  салмақты .

 Мен тұрған жерлерде  хақың жоқ жүруге,

 Қауіп  бар , бағдарла  көз салып  жан – жақты.

5-бала Міндеттеу белгісі

 Белгімін  көрсетер  жылдамдық бағытты,

 Міндетті  бұрылыс , әйтпесе  қауіпті.

 Барлығын анықтап тұрамын жолыңда,

 Абай бол , шартыңды міндетті  орында !

6-бала:Ңұсқау белгісі

 Баратын жеріңнің бағытын , тұрағын,

 Үн – түнсіз жол  сілтеп , жол  нұсқап  тұрамын.

 Күндіз де  , түнде  де от болып жанады,

 Көк  түске боялған төрт бұрыш шырағым.

Тәрбиеші: Балалар, біз әр белгінің не мақсатта қолданылатынын білдік.

 Қорытындылау :

Тәрбиеші Балалар, бүгінгі сабақты қорыта келе «Жас дәуірдің түлегіміз» әнін айтайық. Деніміз сау, еліміз тыныш, жол тәртібін сақтап, аман – есен жүрелік. Қорыта келе:

 Ирек – ирек көшелер,

 Көше деген мың ирек.

 Қиындыққа әйтсе де,

 Үйренесің біртіндеп.

 Барар жерге асықпа,

 Бәйге алмайсың бұрын кеп.