Тақырыбы: «Сиқырлы кемпірқосақ»

99

Бағыты :Еңбек және экономикалық тәрбие.

Тақырыбы:  «Сиқырлы кемпірқосақ»

Сабақтың мақсаты: Балалардың  білімдерін тереңдету, сурет салу дағдыларын жетілдіру, түстерді ажыратып, қолдана білуін пысықтау. Бейнелеу өнеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, ұқыптылыққа баулу.

 

Түзету мақсаты: Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын бақылап түзету.

Қызмет кезендері Тәрбиешінің басқару іс-қимылдары Балалар қызметі

 

 

 

 

1 кезең

уәждік-түрткі болу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Баланың әрекетке кірісуіне түрткі болу:

Шаттық шеңбері.

Қол ұстасып, қане, біз!

Достасайық бәріміз.

Амансың ба, Күн Ана!

Амансың ба, Жер ана!

Амансың ба, достарым!

Сендерді көрсем қуанам!

Топтау әдісі арқылы түрлі-түсті карточкалар таратып, балаларды үш топқа бөліп отырғызу.

Проблемалық жағдай орнату.

Балалардың назарын мультимедиялық тақтаға аудару:

-Балалар, суретке назар аударайықшы. суретте не бейнеленген?

-Иә, балалар. Дегенмен кемпірқосақ көңілсіз екен. Себебі оның түстерін қатігез сиқыршы алып кеткен екен.

-Оған түстерін қайтаруға көмектесеміз бе?

 

Балалар шеңберге тұрып, өлең жолдарын айтады, бір-бірімен амандасады, қонақтармен сәлемдеседі.

Үш топқа бөлініп отырады.

 

 

Балалар суретке назар аударады, суретте не бейнеленгенін айтады.

-Кемпірқосақ.

 

Балалар кемпірқосақтың түстерін қайтаруға дайын екендерін айтады.

 

 

 

 

2 кезең

проблемалық-ізденістік

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балаларды проблеманы шешуге бағдарлау:

-Ендеше, ең алдымен кемпірқосақ түстерін ажыратып алайық.

Ой қозғау:

 -Кемпірқосақ қандай түстерден құралған?

-Балалар, біздің бояулар палитрасында тек қана үш түс қана бар екен. Бұл қай түстер? Қандай түстер деп аталады?

-Негізгі түстерді қосу арқылы біз қандай түстерді аламыз?

-Қосымша түстерге қай түстер жатады?

Баланы қызмет үрдісіне психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу:

-Өте жақсы, балалар! Ендеше қосымша түстерді алу үшін сіздерді мынадай ойынға шақырамын.

Ойын «Қай түс пайда болады?». Тақтада көрсетілген негізгі түс қосындыларынан пайда болатын қосымша түсті көрсету.

-Жарайсыңдар, балалар! Боялар палитрасын кемпірқосаққа қажетті түстермен толтырдық. Кемпірқосақ түстерін қайтардық. Ендеше осындай табиғаттың әсем көрінісін бейнелейік.

Топпен жұмыс.

1-топ. Субояқпен қылқалам арқылы кемпірқосақты бейнелеу.

2-топ. Көз бояғышпен саусақ арқылы суретін салу.

3-топ. Акварель бояуымен картон арқылы сурет салу.

 

 

Балалар кемпірқосақ түстерін ажыратады.

-Қызыл, қызғылт сары, көк, жасыл, сары, күлгін.

 

 

 

-Көк, қызыл, сары

-Негізгі түстер деп аталады.

-Қосымша түстерді аламыз.

-Қызғылт сары, жасыл, күлгін.

 

 

Балалар ойын арқылы негізгі түстерден қосымша түстерді шығарады.

 

 

 

 

Балалар топ бойынша берілген тапсырманы орындайды. Кемпірқосақты бейнелеудің әр түрлі тәсілдерін қолданады.

 

 

 

 

3 кезең

рефлексті-түзетімдеуші

Балалар қызметінің нәтижелерін талдау:

«Галереяны шарлау» әдісі арқылы балалардың жұмыстарын мадақтау, балалармен бірге талдау жүргізу, қорытындылау.

 

 

Балалар өздеріне ұнаған жұмыстарды атап айтады.