Тақырыбы: «Табиғат-Ана»

32

Бағыты :Әлеуметтік мәнді және жеке қасиетін қалыптастыру.

Тақырыбы:  «Табиғат-Ана»

Мақсаты: «Табиғат» құндылығының маңыздылығы туралы түсінік беру.

Табиғат пен адамдар арасындағы байланысты түсіндіру;

Табиғатқа деген танымдық қызығушылықтарын дамыту;

Табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

 

Түзету мақсаты: Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын бақылап түзету.

Көрнекілігі:  суреттер

Барысы: Ұйымдастыру.

Жарқырап күн де ашылды,

Айналаға нұр шашылды.

Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз!

Қайырлы күн! Біз сүйкімді баламыз!

 

  • Балалар суретте не көріп тұрсыңдар?

Балалардың жауаптары тыңдалады.

  • Дұрыс айтасыңдар балалар, біз табиғаттың жомарттығы мен сұлулығы жайлы біліп, оны қорғау мен, аялауды үйренеміз.
  • «Табиғат» дегенді қалай түсінесіңдер?

Балалардың жауаптары.

Табиғат –Ананың сұлулығын сақтау үшін адамдар не істеуі керек?

Балалардың жауаптары тыңдалады.

Балалар! Табиғат пен адам бір-бірімен байланыста. Адамның Табиғатсыз тіршілігі жоқ.

Бізді қоршағанның бәрі-табиғат, ол жазира дала, биік таулар, көгілдір көлдер, мөлдір өзендер мен бұлақтар, сондай –ақ жан-жануарлар, аңдар, құстар мен жәндіктер.

  • Неліктен табиғатты анаға теңеп «Табиғат-Ана» деп айтады?

Балалардың жауаптары.

Күтілетін жауаптар:

  • Ауаны жұтамыз.
  • Күн жылулығын, жарығын береді.
  • Жер-Ана азықпен қамтамасыз етеді.
  • Сусыз тіршілік жоқ.
  • Ағаш айналаға көрік беріп, көлеңкесін тосады.

 

Қорытынды:

«Табиғат қорғау-Отанды қорғау» деген нақыл сөзді бүгінгі сабақтың дәйексөзі.