Тақырыбы: «Менің есімім»

Бағыты :Рухани адамгершілік тәрбиесі.

Тақырыбы:  «Менің есімім»

Мақсаты: әрбір баланың қайталанбайтынжеке тұлға екендігін ұғындыру.

-адамның есімі, оның адамға қандай міндеттер жүктейтіні туралы түсінік беру;

Өзін-өзі тануға деген қызығушылықтарын арттыру;

Өзара жағымды қарым қатынасқа тәрбиелеу.

 

Түзету мақсаты: Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын бақылап түзету.

Барысы: Ұйымдастыру.

  • Балалар, бүгін тағы да көпшілік қауыммен танысуға мейірімділік, ізгілікті бөлісуге мүмкіндік туып тұр. Әрқайсысың өз есімдеріңді айтып,есімдеріңнің бас әрпінен келетін өз бойларыңдағы жағымды қасиеттерді айтасыңдар, ол біреу немесе бірнеше болуы мүмкін. Ал іске сәт бастайық, балалар.
  • Балалар үлкен шеңбер жасап тұрады да, әр бала өз есімін айтып, есімінің бас әрпіне сай (мысалы: Абзал адал, Дархан-дарынды, Ғазиза-ғибратты, Ардақ-ақылды, т.с.с) жағымды сөз айтып басқа балаларға да осындай жақсы қасиетті тілейді.
  • Балалар , сендер өз есімдерің жайлы ойланып көрдіңдер ме?
  • Есімдерің өздеріңе ұнай ма?
  • Сендерге бұл есімдерді кім қойғанын білесіңдер ме?

Балалардың жауаптары.

Тәрбиеші балаларға адам есімдерінің сырын ұғындыру мақсатында төмендегі мәтіндерді оқып береді .

Мәтін желісі бойынша сұрақтар қояды.

Әйбәт есімдер.

Бақыт,

Бейбіт,

Тынышбек,

Гүлнұр,

Аққу,

Ырысбек,

Қайрат,

Мира,

Еламан,

Сәуле,

Шуақ.

Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрамыз,

Қолды белге қоямыз

Бұрыламыз оңға бір

Бұрыламыз солға бір

Біздер тату баламыз

Гүл,гүл жайнап жанамыз.

Қорытынды: балалар бір-біріне есімдерін айта отырып, жақсы тілектерін білдіреді.