Тақырыбы: «Құстар әлеміне саяхат»

 

Бағыты :Экологиялық тәрбие.

Тақырыбы:  «Құстар әлеміне саяхат»

Мақсаты:балаларға құстар туралы түсінік бере отырып, білімдерін жетілдіру, құстарға қамқорлықпен қарауға баулу.

Суреттер бойынша тілдік қорын жетілдіру,есте сақтау қабілетін дамыту.

Құстарға қамқорлық жасауға баулу, адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілік: құстардың суреті, құстар туралы тағлым сөздер

 

Түзету мақсаты: Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын бақылап түзету.

Барысы: Ұйымдастыру.

«Шаттық шеңбері»

(құстардың дауысы естіледі)

— Балалар, бұл ненің дыбысы болды екен? Ия, құстардың дыбысы әр түрлі болады екен. Олар түрлеріне қарай әр түрлі сайрайды. Мен сендерге осы құстардың сайрауы туралы бір әңгіме айтып берейін. Сендер жақсылап тыңдаңдар.

Әке құстар ана құстарға ән айтып береді екен. Құстардың да ата-аналары болады. Қауіп төнген кезде аналары шырылдап балапандарына ескертеді екен. Ал балапандары өздерінің тамақ жегісі келетінін шиқылдап аналарына білдіреді. Құстар құрт-құмырсқаға таласқанда айқайлап, шулап кетеді. Басқа дыбыстарды естіген құстар топталып жиналып, жат құстарды өздеріне тиіскізбей қуады. Міне, балалар құстардың осындай қасиеттері бар екен.

Ал, балалар, ортаға шығып, дөңгеленіп тұрып осы құстарға жылы лебізімізді білдірейік. «Егер сенің қолыңа құс қонса….» (балалар алақандарына құсты ұстап тұрып, өз тіллектерін айтады).

ә) «Құстар әлеміне саяхат»

Табиғаттағы көрікті тіршілік иелері, адамдардың достары –құстар. Олардың көпшілігі жәндіктерді, кеміргіштерді, бау-бақша, орман-тоғай, өлекселерді, дала зиянкестерін жеп адамдарға пайда келтіреді.ал сендер қандай құстарды білесіңдер?

Құстар мекен ету орнына қарай дала және үй құстарымен қатар олар орман, өзен-көл, шөл дала, тау құстары да болып бөлінеді.

Балалар, осы құстарға саяхат жасап қайтайық. Қандай көлік түрімен барамыз? Не көріп тұрсыңдар? (самолеттің қонған дауысы естіледі, алдарында самолеттің макеті тұрады).

ә) «Құстар әлеміне саяхатқа» ұшуға дайынбыз ба? Бірінші қону алаңы «Үй құстары» (әтеш, тауық, қаз, балапандар, күркетауық). 2. «Дала құстары» (қарлығаш, торғай, қарға, сауысқан, дуадақ, ақбас тырна,ақсағал шымшық, қара бозторғай). 3. «Орман құстары» (тоқылдақ, кептер, қылаң жапалақ, қырғи, тұрымтай, құр, қаратөс торғай) 4. «Өзен-көл құстары» (жабайы үйрек, жабайы қаз, барылдауық үйрек, сұңқылдақ және сыбырлақ аққу, қоқиқаз, қызғылт бірқазан).

  1. «Тау құстары»(қыран, дала қыраны, жыланжегіш қыран, бүркіт, ителгі, құмай).

Балаларға осы құстар туралы түсіндіріп, қысқаша мағұлмат беремін.

Саяхаттан оралып,балалар орындарына отырады.

 

Сергіту сәті: 

Өткен жылы көктемде,

Бала едім тым кіші.

Кім білсін өкпелеп,

Кетті ме жыл құсы…

Өтті тез он екі ай,

Енді мен үлкенмін!

Келсе ұшып топ торғай,

Өзім –ақ күтемін.

Көлдің көркі-еркесі ,

Қанаттары көрпесі.

Бойын күтіп баптайды,

Ешкім оны атпайды.

Көлдің аппақ кербезі,

Аққу деген мен болам.

Мен торғаймын, торғаймын,

Көк аспанды торлаймын.

Жердегі бар қызықты,

Көкте тұрып барлаймын.

Түнгі қара мақпалдай,

Төсіне ақ сыр жаққандай.

Ұшса оқтай зулайды,

Көктен жұлдыз аққандай.

Ойды кезіп, қырды асып,

Қарлығаштар зырлайды

 

ІІ. «Алма ағашына көмектесу»

(құстың дыбысы естіліп, қарлығаш ұшып кіріп, шар тастап кетеді)

-Балалар, сендерге құстардан хат келіпті: «Сәлеметсіздер ме, қамқоршы достар! Сіздер саяхатқа кеткен кезде, біздің ауламыздың көркі болып жайқалып өсіп тұрған алма ағашын құрт- құмырсқа қаптап кетіп, ағаштың еркін жеміс беруіне кесел келтіруде. Біздің тазалауға шамамыз жетер емес. Құрметті, қамқоршы достар! Сіздер бізге көмектеседі деген үлкен үмітпен хат жазып отырмыз. Бізге көмектесу үшін берілген тапсырмаларды орындауларыңыз керек. Сіздерге сәттілік тілейміз. Сәлеммен, қанатты достар!»Ал, балалар, құстарға көмектесеміз бе?