Тақырыбы: «Жабайы аңдар мен үй жануарлары»

 

Бағыты :Рухани адамгершілік тәрбиесі.

Тақырыбы:  «Жабайы аңдар мен үй жануарлары»

Мақсаты:балаларға жабайы аңдар мен үй  жануарларын таныстыру түрлерімен, әдістерін  үйрету.

Зейінділікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сөйлеу тілдерін дамыту.

 

Түзету мақсаты: Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын бақылап түзету.

Барысы: Ұйымдастыру.

 Жаңа сабақ

— Тірі табиғатқа өсімдіктерден басқа тағы жануарлар әлемі жатады. Бүгін сіздермен жануарлар туралы бар білімдеріңізді бекітіп, мектеп жасына дейінгі балаларға жануарларды  таныстыру түрлерімен, әдістерімен танысамыз.

— Жануарлар нешеге бөлінеді?

 

Жабайы аңдар мен  үй  жануарлары туралы негізгі мағлұматтар.

 

Жануарларға өмір сүру үшін не керек?

 

 

 

 

азық        жарық

                                           су         ауа жылу

 

Мысалы: «Мысықпен таныстыру»

балаларға сурет көрсету арқылы «Мынау мысық, ол сүт ішеді» немесе «Мынау балапан, ол дән шоқиды» көрсетуге болады.

 

 

 

 

 

Жануарларға бақылау және сурет бойынша әңгіме жүргізіледі. Балаларға үй жануарларына тән белгілерді: сыртқы түрі, мінез-қылығы, сондай-ақ олардың адамдарға тигізетін пайдасы және адамның оларға деген қамқорлығын да білу керек. Мысалы, келесі тақырыптар бойынша әңгімелер жүргізуге болады: «Үй жануарлары», «Тауықтар», «Ит  және күшіктер» және т.б.

 

 

Мысал: «Тауықтарға бақылау»

«Қандай тауық?»

 «Балапандар  қандай?»

 «Тауық балапандарын қалай шақырады?»

 «Балапандар қалай шиқылдайды?»

Әңгіме барысында  жұмбақтар, мақал-мәтелдер, тақпақтар қолдануға болады.

 

 

Балалаларға өздері тұрған жерде аса көп кездеспейтін үй жануарларымен /түйе, бұғы, есек – олардың сыртқы түрі, мінез-қылығы, адамдарға келтіретін пайдасы/таныстырып, жабайы аңдар /қасқыр, кірпі, қоян, түлкі , аю – олардың мекендейтін жері, қорегін аулау әдісі/ туралы түсініктерін кеңейту жөнінде талаптар қойылады. Жануарларды қарағанда оның дене мүшелерін / бас, арқа, құрсақ, аяқ, табан, қанат, көз , құлақ және т.б./ ажыратып,  дұрыс атауға жәнеде жүрістерін сипаттап /қасқыр жүгіреді, қоян секіреді/ айта білу керек.