Тақырыбы: «Сәлем сөздің-анасы»

Бағыты :Отбасы тәрбиесі.

Тақырыбы:  «Сәлем сөздің-анасы»

Мақсаты:Халқымыздың салт – дәстүріндегі инабаттылық ережесі туралы

                     түсініктерін тереңдету арқылы балаларды сәлемдесу мәдениетіне, үлкенді

                     сыйлауға, имандылыққа тәрбиелеу.

                     Балаларды әдептілікке, кішіпейілділікке, сыпайылыққа, адамдар мен қарым

                     – қатынас жасай білуге баулу.  

Түзету мақсаты: Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын бақылап түзету.

Барысы: Ұймдастыру.

Амандасу.

Қуан, шаттан, алақай!

Қуанатын келді күн

Қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін

Сәлеметсіз бе, амансыз ба?

Бәріміз күндей жарқырайық

Бәріміз тату болайық!

Бүгінгі «Сәлем – сөздің анасы» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

«Сәлем – сөздің анасы» деп аталатын тақырып, яғни ол тегін емес. Неге десеңіздер сәлем — әдептілік белгісі.

Сәлемдесу адамдардың бір – бірінің амандығын біліп, қуанышқа бөлену, тілдесу, яғни ізеттілік пен инабаттылық нышанын білдіреді.

«Сәлем – сөздің анасы» деп неге айтқан?

Үлкен адамдарға сәлем беру – кішінің міндеті. Сәлем беру  инабаттылық, имандылық, көргенділік, мәдениеттілік белгісі.

Ал, балалар енді біз кімге қалай сәлем береді екенбіз.

Бәріміз хормен айтамыз.

Алдымыздан кезіккен

Көп танысты көреміз

Бәрінен де ізетпен

Біздер сәлем береміз

Сәлеметсіз бе, ағай!

Сәлеметсіз бе, әже!

Амансыз ба, атай!

Ұл – қыз сәлем береміз,

Өнегелі өренбіз.

 

Тәрбиеші:   Халқымызда ақ сақалды атаны, ақ жаулықты ананы жалпы үлкенді сыйлап,

алдынан қия өтпей сәлем беру ата – дәстүрімізде бар қасиет.

Енді біз үлкен кісілеріміздің алтын ақылдарын еске түсірейік.

 

Үйде, балабақшада, көшеде : «Сәлем !», «Сәлеметсіз бе!», «Қайырлы күн!»

деген ізгі сөзді айтуды ұмытпа!

 

Жасы кішілер үлкендерге сәлем береді,

ал ұл балалар қыздарға амандасады.

 

Сұрағыңа жауап немесе сыйға ұсынылған затты алып тұрып, «рахмет»

деген ізгі сөзді айтуды ұмытпа!

Егер сен байқамай біреуді қағып кетсең немесе ренжітіп алсаң, сол жерде

кешірім сұра.

 

Тәрбиеші:    Балалар, сәлем беру, әдептілік туралы көптеген даналар өз ойларын айтқан

екен. Өздерің білетін нақыл сөздерді айтайық.

 

Әдепті бала ата-анасын мақтатар

Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар

 

Кеспе жолын үлкеннің, шыдамсыздық үлкен мін

 

Сыйлап үлкен кісіні, аялаған кішіні

 

Ана алдында – құрмет, ата алдында – қызмет

 

Сергіту сәті

Үлкенге де сіз

Кішіге де сіз

Баршаңызды құрметтеп

Бас иеміз біз

 

Енді балалар, мен сендерге әдептілік жайында өлең оқимын, қандай әдепті сөз айту керек екенін айтасыңдар. Мұқият тыңдаймыз.

 

Апаң сенің базардан

Алма сатып әкелді,

Ең үлкенін жақсысын,

Саған таңдап әперді

Не деп барып жеу керек?

                                                                         «Рахмет»  деу керек

 

Әжең сенің түскі асқа,

Қант – кәмпит алды иол

Жұрттан бұрын ыдысқа,

Өз бетіңмен салдың қол

Не деу керек апаңа

«Жеуге болама»  деу керек

 

Естіледі айқай, шу

Сен де шықтың, сөреден,

Қағып кеттің байқамай

Мұндайда не деу керек

                                                                  «Кешіріңіз»  деу керек

Міне, балалар осынау бәрінен қандай түйін шығарар едіңдер?

Сөздің басы сәлеммен басталады. Сәлемдесе білу де өнер. Сәлемдесе білейік.

Сәлем беру өткінші міндет емес, өмірлік міндет.

Сәлемдесуден жалығуға хақымыз жоқ.

Сәлем беру – кішіліктің белгісі

«Әдептілік бергісі – иіліп сәлем бергені»

Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді.

Ешқашан да сәлем беруден шаршамайық.