Тақырыбы: «Отбасындағы қуаныш»

Бағыты :Отбасы тәрбиесі.

Тақырыбы:  «Отбасындағы қуаныш»

Мақсаты:«Бақыт», «қуаныш» құндылықтарының мәнін түсіндіру. Отбасындағы үйлесімді қарым-қатынас жасауға үйрету; отбасы мүшелеріне қамқорлық ,жанашыр сезімдерін дамыту; отбасындағы өзара сыйластыққа тәрбиелеу.

Түзету мақсаты: Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын бақылап түзету.

Барысы: Ұйымдастыру.

Атамнан басталар,

Әжемнен қосталар,

Отбасым мыналар

Ең жақын адамдар

Әкем мен анам бар

Бір туған ағам бар

Бір туған апам бар

Бәрін жақсы көремін

Еркелеймін еремін!

 

  • Отбасыларыңды бір-бірлеріңді қалай еркелетіп атайсыңдар?
  • Ал, олар сендерді қалай еркелетеді?

Балалардың жауаптары тыңдалады.

Ойын

Баларға өз отбасына сүйіспеншіліктерін білдіріп, айтқызу мақсатында «Менің отбасым» ойынын жүргізеді.

Балалар шеңберге тұрып, кезекпен өзінің отбасы туралы жағымды сөздер айтады.

Менің отбасым көңілді, өйткені ………..

Менің отбасым мейірімді, өйткен ………

Менің отбасым бақытты, өйткені…….

Менің отбасым тату, өйткені………….

Менің отбасым қайырымды, өйткені…..

Менің отбасым қонақжай, өйткені………

Менің отбасым сыйласымды, өйткені…….

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық

Қарлығаш боп ұшайық

Бір отырып, бір тұрып

Жақсы сергіп қалайық.

Балалар сабақта үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтып шығады.

Менің отбасым бақытты,

Отбасымдағы әрбір сәт қуаныш сыйлайды

Менің отбасым тату.

Қорытындылау

  • Балалар, бүгінгі сабағымыз сәтті өтті. Өйткені біз өзіміздің сүйікті отбасымыз туралы әңгімелестік. Оларды жақсы көруге, сыйлауға, құрметтеуге, оларға көмектесуге үйрендік.