Тақырыбы: «Аяулы менің ақ әжем»

Бағыты :Өзін-өзі тану және дамыту тәрбиесі.

Тақырыбы:  «Аяулы менің ақ әжем»

Мақсаты: а) Бала бойына осы тәрбие сағаты арқылы сүйіспеншілікті, жылылықты ұялату.Ата –анасын құрмет тұтып,адал да парасатты ұл мен қыздары болуға тәрбиелеу. Ата –ана берген жақсы тәрбиелерін нәтижелі етуге уағыздау.

Түзету мақсаты: Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын бақылап түзету.

Барысы:Ұйымдастыру.

Балалар ата-ана алдындағы әдептілік –баланың бармақтай кезінен бойына дарыған қасиет болуға тиіс. Ата-ананы сыйлау-елді сыйлау.Ата -әжесін құрметтеу-өмірді құрметтеу.

-Біздің ең жақын тұтатын адамымыз кім?

-Қызығыңды да бұзығыңды да көтеретін кім?

-Үнемі жаныңда періштедей қорғаштап,демеу беретін кім?

Әке-шешенің бала алдындағы борышын санасақ сан жетпейді.

Әке де сол сияқты баласының азық тауып тәрбиелеу үшін ,оймен де денемен де қиыншылықтардан бет бұрмаған.

Міне ата-ананы құрметтеуіміз қажет екенін ақыл-ой парасат тұрғысынан байқасақ,әрбір баланың тегі ата-ана.не үшін ата-анама құрмет жасаймын деген сөзді ойыңа алма.Олар сен үшін өзін өлімге де қиятыны белгілі.

Әке-шешенің осындай жақсылықтарына ие болған бір бала оларға шүкір етпесе,жақсылығын білмесе,басқа біреудің жақсылығын байқамайды.

 О, Ата-анам!

Таянышым,тірегім!

Бар бақытты бір басыңа тіледім

Бізді жақсы болсын деп қашанда

Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің.

Ата-анасы баласы шақырған кезде қандай жұмыспен айналыссаң да , олардың әміріне жүгіну керек.Ата-анаң саған ашуланып айқайласа да ,сен оларға ешнәрсе айтпа.

Кейбір тәрбиесіз,арсыз балалар ата-анасына қарсы сөйлеп,тыңдамай жатады.Ондай қылықтардан аулақ болып ,ата-ана әке апа,қарындас-туыстарыңды  сыйлап жүріңдер.Әке-тірегің,қамқоршың,асқар тауың,Ана-жарық дүниеге әкелуші.

Бала тәрбиесі бесіктен дейді қазақ.Әрбір ата-ана баласына қазақтың ырым-тыйым сөздерін айта отырып тәрбиелейді.

 Үлкендердің алдынан кесіп өтуге болмайды.

Кішкене баланы жылатуға болмайды.

Құстарды атуға болмайды.

Қыз баланы ренжітуге болмайды.

Сабаққа кешігуге болмайды.

Сыныпта айқайлауға болмайды.

Тәрбиеші  адамгершілік,сыпайылық туралы сұрақтар қояды.

Тәрбиеші: Оқушылар,.бүгінгі тәрбие сағатымызда ата-ананы қалай сыйлау,құрметтеу керек сол жайлы мағлұмат алдық. Балалар ата-ана алдындағы әдептілік –баланың бармақтай кезінен бойына дарыған қасиет болуға тиіс. Ата-ананы сыйлау-елді сыйлау.Ата -әжесін құрметтеу-өмірді құрметтеу.