Тәрбие сағаты. Айналайын, абайла

200

Тәрбие сағаты. Айналайын, абайла

Мақсаты. 1.Жол белгілерін оқып – үйрену, ажырату, жол ережелерін сақтауға үйрену.

2.Ой – өрісін, жан – жақты білімін дамыту, танымдық қабілеттерін арттыру.

3.Құқықтық тәрбие беру.

Көрнекілігі: жол белгілері (ескерту, тыйым салу, ақпараттық көрсеткіштік белгілер, алдын ала жазылатын белгілер), бағдаршамның макеті, сигналдық белгілер, түрлі түсті қағаздар, мазмұнды суреттер.

Әдістері: топтық жұмыс, дидактикалық ойындар.

Сабақтың барысы.

І Ұйымдастыру. Сабақтың тақырыбымен таныстыру, оқушыларды топтарға бөлу.

ІІ Қызығушылығын ояту.

Жұмбақ шешу.

Үш көзді батыр тұрады,

Көшеде оның тұрағы. (бағдаршам)

ІІІ Мағынаны тану.

1.Жол белгілері туралы суреттерді көрсету арқылы түсіндіру жұмысы жүргізіледі.

2.Топтық жұмыс.

Жол ережесіне байланысты мазмұнды суреттер таратылады. Әр топ суретке әңгіме құрастырады. Әр топтан бір оқушы сөйлейді.

1- топ. «Артығын тап» Әр түсті дөңгелек қағаздардан бағдаршамға қажетсіз түсті таңдайды.

2-топ. «Ойлан да, жалғастыр»

Айдостың добы жолға домалап кетті…

3-топ. Жандос жолдан өткенде ешқайда қарама жүре берді, бірақ жолдан аман – сау өтті.

Нені ұмытты? Не болуы мүмкін еді?

Дидактикалық ойын. «Кім жылдам?»

Тоқта! Дайындал! Жол ашық! Нұсқаулары беріледі. Әр оқушы қолындағы дөңгелектерді нұсқауларға сәйкес және тез көрсетулері керек.

ІV Ой толғаныс.

Не білдік? Не үйрендік? «Бұл қандай белгі?»

Жол белгілерінің суреттерін көрсету арқылы  қандай белгі екенін оқушыларға айттыру.

V Қорыту.

Көшеде бағдаршам болмаса,

Кісі жоқ жөн сілтер өзіңе.

Кідірме, абыржып онда аса,

Сенгейсің өзіңнің көзіңе.

Көшеде ортаға жеткенше.

Әуелі көзің сал сол жаққа,

Ортадан өткен соң,

Мойның бұр сол жақтан оң жаққа.

Қызыл жарық жанғанда,

Қалт тоқтай қал табанда!

Сары шамы жағылса,

Дайындал жүруге барынша!

Жасыл жарық – жол ашық!

Зымырай бер бел асып.