Тәрбие сағаты. Алтын күз

Тәрбие сағаты. Алтын күз

Мақсаты.

1.Оқушылардың күз мезгілі туралы түсініктері мен білімдерін кеңейту.

2.Ой – өрістерін, жан – жақты білімдерін, танымдық қабілеттерін, талғамдарын дамыту.

3.Еңбекке, табиғатты сүюге, қорғауға, адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: күз туралы мазмұнды суреттер, оқушылардың салған суреттері, күзгі жапырақтар.

Барысы.

І Қызығушылығын ояту.

Мазмұнды суреттер бойынша күз мезгілін табу.

Сұрақ  — жауап.

Күз мезгілінің ерекшеліктері қандай?

Күз айларын кім айтады?

ІІ Мағынаны тану.

Қыркүйек, қазан, қараша айлары – күз айлары. Күз дегеніміз – байлық, молшылық, қауырт еңбек кзеңі. Олай дейтін себебіміз – күзде егін, астық, көкөніс, жеміс – жидектер көп піседі. Неліктен күзді «Алтын күз» дейміз?

Біздің дала – бай дала,

Алтын астық айнала.

Астық – дала сәулеті,

Астық – Отан дәулеті.

-Алтын күз деп,

Біз айтамыз сол үшін де,

Сары алтындай  сары қауын,

Көп піскен соң бау ішінде.

Қараңдаршы сары алтындай,

Жапырақты қайың талға.

Мұны көріп, күзді қалай,

Теңемессің сары алтынға.

Қараңдаршы қандай сұлу,

Бидай басқан мына дала!

Әрбір адыр, әрбір жота

Алтын жайып тастағандай.

ІІІ Ой толғаныс.

Бұл қай мезгіл?

Көк те, жер де көкпеңбек,

Салды бұлттар көкке өрнек.

Аспан жерге көк, жасыл,

Бояу нұрын төккен бе? (көктем)

Жасыл шалғын, жапырақ,

Жасыл барлық атырап.

Қыздырындық күнге біз,

Жағажайда жатып ап. (жаз)

Жаз да жылдам өтіпті,

Күн суытып кетіпті.

Киейін деп сондықтан,

Алып қойдым етікті. (күз)

Есік алды сырғанақ,

Боран жатыр қарды орап.

Жауған қарға ақ мысық

Терезеден тұр қарап.(қыс)

ІV Қорыту.

Оқушылардың салған суреттерін тамашалау. Әр оқушы өзінің салған суреті туралы әңгімелейді. Күзді неліктен «Алтын күз» дейміз деген сұраққа жауап айтады.

Қарашы далаға,

Іреңі сары ала.

Пісті алма балбырап,

Сарғайды бал құрақ

Аспанда қаптаған

Бұлт тыным таппаған

Жөңкіліп көшеді,

Суық жел еседі.