«Ойлан тап» өзге ұлт өкілдері оқушыларымен өтікізілген сайыс

«Ойлан тап» өзге ұлт өкілдері оқушыларымен өтікізілген сайыс

   І жүргізуші:    Армысыңдар ұландар,

Бармысыңдар қырандар,

Қазір байқап көрейік,

Кімде қандай дарын бар.

Сынға түсіп екі топ,

Бағаларыңды алыңдар.

   ІІ жүргізуші:   «Адамға екі нәрсе керек тегі:

Бірі – тіл, бірі – ділі жүректегі» деп Жүсіп Баласағұн айтқандай, тіл – адам өмірінің ажырамас бөлігі. Қазақстанда туып, сол жердің суын ішіп, ауасымен дем алған бірден-бір адам, мейлі орыс болсын, неміс, украин, кәріс болсын сол елдің мемлекеттік тілін, салт – дәстүрін, тарихын біліп, соны қадірлеп, сыйлауы керек.

Міне, бүгінгі сыныптан тыс сайыс сабағымыз соның бірден-бір дәлелі. 6,7,8 сыныпта оқитын өзге ұлт өкідері балаларының қазақтың елі, жері, тарихы, тілі, халық ауыз әдебиеті жайлы қаншалықты мағлұмат алғандарын байқаймыз.

   І жүргізуші:      Әр салада барлайық,

Сынды сынға жалғайық.

Әділ баға беретін

Әділқазы сайлайық. (Әділқазылар алқасы сайланады) .

   ІІ жүргізуші:     Ойынымыз 6 кезеңнен тұрады. Олар: «Бәйге», «Сырлы сандар», «Тіл — өнер», «Ділмар», «Мақал – сөздің мәйегі», «Тапқырлық».

 

І кезең  «Бәйге» .

«Бәйге» деген бір сөзге                                        «Келген аттың бәйгесі» —

Үш мағына сияды,                                                Жүйріктің ол жүлдесі,

«Бәйге болды» десе егер,                                     Жүлделердің жебесі-

Ат жарысқа саяды.                                                Қазынангың көмбесі.

Озып келген өренді                                               «Бәйге» сөзін жаттап ал,

«Бәйге ат» дейді тағы да.                                      Сен де аларсың жүлдені.

Нағыз жүйрік ол енді,                                            Бәйгелі боп шаттанар

Жаралған ел бағына.                                              Басқан бала ілгері.

 

   І жүргізуші: Ойынның шарты:  Әр топ бір минуттың ішінде 10 сұраққа жауап береді. Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.

«Тұлпар» тобына:

  1. Қазақ тілі қай жылы мемлекеттік мәртебе алды?

2.ҚР мемлекеттік елтаңбасында нелер  бейнеленген?

  1. Төрт түліктің пірлерін атаңдар.
  2. Ақмола қаласы қай жылдан бастап ҚР астанасы?
  3. Қазақ тілінде неше сөз табы бар?

6.Бие сүтінен жасалатын сусын?

  1. 16 желтоқсан қандай мереке?
  2. Киіз үйдің төбесі қалай аталады?
  3. Қобыз аспабын ойлап тапқан кім?
  4. Наурызкөжені қандай тағамдардан жасайды?

 

«Қыран тобына»:

  1. қазақстан халықтарының Тілдер мерекесі қай күні өткізіледі?
  2. ҚР Мемлекеттік Туында нелер бейнеленген?
  3. Малдардың төлдерін атаңдар.
  4. Ақмола атауы қай жылы Астанп болып өзгертілді?
  5. Қазақ тілінде неше сөйлем мүшесі бар?
  6. Түйе сүтінен жасалатын сусын.
  7. 1 мамыр қандай мереке?
  8. Киіз үйдің қабырғасы қалай аталады?
  9. Қазақтың ішекті музыкалық аспабы?
  10. Ұлыс күні жасалатын тағам.

 

ІІ кезең «Сырлы сандар».

Меруерт:

Қазақ халқында 3,7,9,12,40  сандары қасиетті, киелі сандар болып есепеледі. Оның себебі орта ғасыр ғалымдарының 7күнге 7жұлдыздың атын беруі, 7 металдың атының апта күндеріне берілуі тегін емес. ХҮІ ғасырда өмірге келген Әз Тәукенің  «Жеті жарғысы» да жеті сөзінің қасиетіне, киелі жағына мән беруден туған болуы керек.

Қазақ тілінде 7 септік бар.Аптада 7 күн бар. Жинақтық саен болатын сөздердің саны да жетеу ғана. Алланың сөзі жеті аяттан басталады. Жеті қарақшы шоқ жұлдызына адам жүгінген. Жеті атаға дейін қыз алыспау – келер ұрпақтың денсаулығы мықты болуының басты себебі.

 

   Тоғжан:

12 саны да халқымыздың құрметті саны. Қазақ күнтізбесі бойынша 12 айға арнайы жәндіктер мен хайуанаттардың аты берілген. Осындағы 12 жылды бір мүшел, қауіпті жас деп есептеп, оны адамдар атап өтуі де тегін емес. Мысалы, «Он екі мүшең сау болсын», «Он екіде бір нұсқасы жоқ» деген сөздер де айтылады.

 

   Сымбат:

Халқымыздың қасиет тұтатын тағы бір саны – қырық. Нәрестенің мойын бекіп 40 күн толғанда «Қырқынан шығару» деген ұғым бар. Өлген адамның «Қырқын беру» дәстүрі де бар. Халқымыз келген қонақты «Қырықтың бірі — қыдыр» деген. Міне, осы секілді тағы басқа да сенімдер, ырымдар «қырық» сөзімен байланысты.

 

   ІІ жүргізуші: Бұл кезеңде сендер өздерің таңдап алған сұраққа жауап бересіңдер. Мына сызбаға назар аударыңдар. Жеңіл сұрақ алғыларың келсе, 10 баллдық сұрақты таңдайсыңдар. Ал күрделі сұраққа жауап беру арқылы 20,30 балл жинақтауға болады.

10 Жеті күн  (дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі)

10 Үш би  (Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би)

10 Үш арсыз  (Ұйқы арсыз, тамақ арсыз, күлкі арсыз)

20 Үш байлық (бірінші байлық – денсаулық, екінші байлық – ақ жаулық, үшінші байлық – он саулық)

20 Төрт құбыла (Оңтүстік, солтүстік, батыс, шығыс)

20 Бес асыл, бес дұшпан (Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ;

Талап ,еңбек,терең ой, қанағат, рақым,)

30 Жеті жұт (Құрғақшылық, жұт, өрт,оба, соғыс, топан су, зілзала)

30 Жеті жоқ (Жерде өлшуіш, аспанда тіреуіш, таста тамыр, тасбақада талақ, аллада бауыр, құста сүт, жылқыда өт)

30 Жеті жетім (тыңдамаған сөз жетім, киюсіз қалған бөз жетім, иесіз қалған жер жетім, басшысы жоқ ел жетім, аққу – қазсыз көл жетім, жерінен айырылған ер жетім, замандасы болмаса, бәрінен де сол жетім )

 

ІІІ кезең «Тіл — өнер»

І жүргізуші:  «Тілін білмеген – түбін білмейді» деп Ғабит Мүсірепов айтқандай, адамның адам болып тұлғаланып кемелденуіне сөздің, тілдің рөлі баға жеткісіз. Сөйлей білу – үлкен өнер. Сондай-ақ, Қадыр Мырза Әлі «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» ,- дейді. Олай болса, осы кезеңде оқушылардың өз ана тілін ғана емес, басқа тілді де қалай меңгергендігін көреміз.

   ІІ жүргізуші: Мен жұмбақ жасырамын, сендер шешуін табасыңдар, ол сөзді орыс, ағылшын тілдеріне аударасыңдар. 1 тілде — 10ұпай, 2тілде-20 ұпай,

3 тілде-30 ұпай.

  1. Ащы емес, тәттімін, 2.Көреді бәрін өзгенің,

Жұмсақ емес, қаттымын.                     Көре алмайды өздерін.

3.Көлге жапқан қақпақ,                        4.Өзі кірді ашады,

Сіресіп тұр қатты-ақ.                              Бірақ судан қашады.

  1. Қысы-жазы шешпейтін, 6.Денесі бар, басы бар,

Көйлегі бар жасылдан.                            Үш көзінде жалын от.

Өзгертпейді еш кейпін,                            Кезектесіп ашылар,

Жаралғандай асылдан.                           Кезектесіп жұмылар.

 

ІҮ кезең  «Ділмар».

   І жүргізуші: Мемлекеттік тілде еркін сөйлеу, рған деген көзқарас ең зор адамшылық, мәдениеттілік, тәрбиелілік пен әдептілік өлшемі болып табылады.

Олай болса, осы кезеңде әр топтың ділмарлық өнері сынға түседі. Мұнда әр топ берілген тақырыптар бойынша өз ойын анық та дәл және көркем жеткізе білуі керек. Ең жоғарғы ұпай 20 балл.

Тақырыптар:         «Әсем қалам – Сәтбаев»

«Мектебім – алтын ұям»

«Менің елім – Қазақстан»

«Табиғат – тал бесігің»

«Қазақ тілі – мемлекеттік тіл»

Қазақ халқы «Сөздің көркі мақал» деген, өйткені мақал-мәтелдер сөзді ажарландырып, сөйлеушінің ойын басқаларға айқын да айшықты түрде жеткізеді. Олай болса келесі кезеңді бастаймыз.

 

Ү кезең «Тапқырлық».

   Айгүл:

Адам жатық сөйлеу үшін көп тыңдап, халықтың ауыз әдебиетін, әсіресе тапқырлық пен терең ойдың інжу-маржандары – шешендік сөздерді, мақал-мәтелдерді жетік біліп, сырына үңілу және кітапты көп оқу арқылы жаттығып төселеді. Халықтағы «Ақылды адам сөзді нақылсыз айтпайды» деген тұжырым сөз осыдан шыққан. Олай болса, соңғы кезеңде оқушылардың тапқырлық қабілетін сынға аламыз. Яғни, бұл кезеңде қазақтың би-шешендерінің жауаптарын өздерің ойланып, тауып айтасыздар.

 

Бірде Жиренше шешен жолда келе жатып, алдынан қарсы кездескен бір баладан:

— Дүниеде не тәтті, не жұмсақ, не қатты, балам? — деп сұрапты. Сонда бала: «Бал тәтті, мамық жұмсақ, тас қатты», — деп жауап береді. Бұл баланың жауабын тыңдап тұрған екінші бала:

— Осы сұраққа мен жауап беріп көрейінші,-деп өтінді.

Ал енді сұрақ: Жиренше шешенннің «Дүниеде не тәтті, не жұмсақ, не қатты?» — деген сұрағына екінші бала не деп жауап берген екен?

Жауап:   Ананың сүті тәтті,

Ананың қолы жұмсақ

Атаның жүрегі қатты,-деген екен.

 

Бірде екі адам дауласып Сырым батырға келеді. Олардың «Су атасы не? Сөз атасы не? Жол атасы не?» деген сұрағына Сырым батыр не деп жауап берген екен?

Су атасы – бұлақ,

Сөз атасы – құлақ,

Жол атасы – тұяқ,- деп жауап берген екен.

Төле биден біреу: «Кедейлік неден?» деп сұрапты. Сонда Төле би не деп жауап беріпті?

Кедейлік үш ағайынды.

Оның тұңғышы-кесірлік,

Ортаншысы-еріншектік,

Кенжесі-ұйқы,-деп жауап беріпті.

 

Қазыбек биге бір адам: «Не қымбат?» деген сұраққа жауап беріңізші деп өтінді. Сонда Қазыбек не деп жауап қайтарған екен?

Алтын ұяң – Отан қымбат,

Құт-берекең – атаң қымбат,

Мейірімді – апаң қымбат.

Асқар тауың — әкең қымбат,

Туып-өскен ел қымбат,

Ұят пенен ар қымбат,-деген екен.

 

ІІ жүргізуші:     Жер бетінде адам өмір өткізер,

Бар нәрсеге білім қолды жеткізер,

Бар ізгілік тек білімнен алынар

Білімменен аспанға жол салынар.

 

І жүргізуші:     Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,

Ана тілін білмеу қандай заңдылық.

Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда

Ана тілі жасау керек мәңгілі.

 

Қазір алдарыңызда  Исайко Надежданың орындауында «Сыбызғы,сазсырнай» әні.

Байқауымыздың қорытындысын шығару үшін сөз кезегі әділ өазылар алқасына беріледі.