Дос және достық

140

Тәрбие сағатының тақырыбы: Дос және достық

Тәрбие сағатының мақсаты:

  1. Оқушыларға дос, достық туралы әңгімелей отырып, олардың достық қарым-қатынасын нығайту.
  2. Оқушыларды адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу, өзімшілдіктен, менмендіктен тағы басқа жаман әдеттерден аулақ жүруге үйрету.
  3. Оқушылардың адамгершілік қасиетін, бір-біріне деген достық сезімдерін нығайту.

 

Тәрбие сағатының жүру барысы:

1-бөлім

І. Мұғалімнің кіріспе сөзі

ІІ. Достық түрлері және достық туралы әңгіме слайд арқылы көрсету.

ІІІ. Ән тыңдау «Достарым».

 

2-бөлім

Сыныпты екі топқа бөлу. «Достық»  және «Сыйластық» тобы.

Сайыс шарттарымен таныстыру.

Сайыс шарттары:

І.  Топ аты, ұраны

ІІ. Халық айтса, қалып айтпайды.

ІІІ. Менің түсінігімде …

ІУ.Сен не істер едің?

У.Өмірде бәрі болады.

 

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Міне, балалалар! Сендер «Достарым» әнін тыңдадыңдар.

       Досы көптің жаны семіреді

       Асы көптің тәні семіреді, -деген нақыл сөз бар. Сендер дос, достық деген ұғымның мағынасын терең ажырата біліп, өмірде өздеріне сыйлас дос, сырлас дос таба білсін деп, бүгінгі сабағымызды осы тақырып төңірегінде өрбітпекпіз. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Дос және достық»

/Слайд арқылы достық түрлеріне тоқталу. Нағыз достықты көрсететін әңгімелерді тыңдату/

Ал, енді балалар, достыққа қарама-қайшы сезім –ол дұшпандық, сатқындық.

Мәди де өзінің «Қаракесегінде» «Дос болып, қас болғаннан сақта құдай» демей  ме? Сондай-ақ жерлес ақынымыз М.Оспановтың «Сатқын досқа» деген өлеңін тыңдап көрейікші.

Міне, күніне мың құбылып, жеме жемге  келгенде достық сезімді, қара бас қамына айырбастап жіберетіндердің де өмірде кездесетіні анық.

Әрине досы үшін жанын қиярға дайын, адал ниет, ақ көңіл адам жоқ деп айтуға болмайды. Бірақ шын дос табу қандай қиын болса, мәңгілік дос болып қалу одан да қиын.

 

Мен өзімнің сөзімді мына өлең жырларымен аяқтамақпын.

 

Достығымыз достар арылмасын,

Пейіліміз кеңейсін тарылмасын,
Жиі-жиі бас қосып сыр шерітсек
Жүрегіміз қалайша жарылмасын.

Күніміз күлкілі бола берсін,
Қуанышқа көңіліміз тола берсін,
Нұрлы аспан астында, аясында,
Басымызға бақ келіп қона берсін,

 

Зұлымдықтан әрқашан жиренейік,
Адалдықты сүйуді үйренейік,
Бірлікпенен тірлікті ұштастырып,
Бір әдемі ғажайып, күйге енейік.

Берсе берді бермесе санаспайық,
Болмайтынға ұрысып таласпайық,
Арамызда алаяақ біреу болса
Оны қатар ортадан аластайық !

 

 

2- бөлім.

Жағдаят. Достық тобына

Жақсы дос

Қанат конькиін аулаға қалдырды да, өзі тамағын ішуге үйге кетті. Тамағын ішіп отырып ол конькиін Маралдың теуіп жүргенін көрді. Қанат ашуланып, аулаға жүгіріп шықты. «Қазір оның сазайын тартқызамын, біреудің затын сұрамай алушы болмасын» деп ойлады.

Ашулы күйінде жетіп барды, тіпті жұдырығын да түйіп алған.

Ал Марал оны көрді де, «Танысып қой, Айдар, бұл менің ең жақсы досым Қанат» деді. Қанат ұялып қалды,

Сұрақ: Қанат не себептен ұялды.

Сендер қалай ойлайсыңдар? Қанат ендігі жерде балалар сырғанау үшін өз конькиін  бере ме?

 

 

 

 

 

Жағдаят. Сыйластық  тобына

Алғашқы жауын жауғанша

 

Данамен Бота тату дос болатын. Олар мектепке де бірге баратын. Бірде олар мектепке келе жатқанда жаңбыр жауып кетті. Дананың үстінде плащы бар еді, ал Бота көйлекпен ғана болатын.

-Плащынды шеш, екеуіміз бірге жамылайық! — деді Бота.

— Шеше алмаймын, үстім су болады ! –деді Дана.

Мектепке келгенде мұғалім «Дананың үсті құрғақ, сен неге малмаңдай сусын. Неге бұлай? Екеуің бірге келмедіңдер ме?» деп сұрады.

-Дананың плащы болды, ал менде көйлек қана болды»-деді Бота.

-Екеуің бір плащты жамыла алатын едіңдер ғой. Сендердің достықтарыңның  алғашқы жаңбыр жауғанша ғана екені көрініп тұр –деді мұғалім. Екі қыз да ұялғанынан қып-қызыл болып кетті.

 

Сұрақ: Дана мен Бота неліктен ұялды.

Сен Дана туралы не айтар едің?

 

Қорытынды:

  • Қиын кездерде бір-біріне көмек көрсетіңдер.
  • Досыңды алдамай, оған адал бол.
  • Досыңды қорлама.
  • Досыңмен қызықты шақтарды бөлісе біл.
  • Досыңды барда да сына, жоқта да сына.
  • Досыңның кемшілігін кешіре біл.