Ер есімі — ел есінде

176

Сыныбы: 7a

Сабақтың  тақырыбы:  Ер есімі — ел есінде.

Мақсаты: Ұлы Жеңісті дәріптеу, өз Отанын, елін, туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Отанын, қорғай білуге тәрбиелеу. Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата – бабаларымыздың ерліктерін қастерлеп, рухын көтеріп үлгі өнеге тұту.

Көрнекілігі: Ұлы Отан соғысы туралы кітаптар,нақыл сөздер, Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлердің суреттері,шар, слайд,  интербелсенді тақта, компьютер.

Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, түсіндіру, көрнекілік, көрініс арқылы баяндау.

Пән аралық байланысы: әдебиет, тарих.

 

Сабақтың жоспары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі
  2. Тақырыпқа дайындық (сұрақ-жауап)
  3. Тақырыпты түсіндіру (интербелсенді тақта, слайд)
  4. Оқушылармен шығармашылық жұмыс
  5. Әдеби монтаж
  6. Сабақты қорытындылау. (көрініс)

 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Құрметті оқушылар! Биыл адамзат баласына зор қайғы қасірет, орны толмас өкініш, жазылмас ауыр жарақат салып кеткен екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына  67 жыл толып отыр. Ұлы Жеңіс мерекесіне  арналған «Ер есімі – ел есінде» тақырыбында ашық тәрбие сағатымызды бастағалы отырмыз. Осы Жеңіс мерекесімен барлықтарыңызды құттықтаймын.

 

ІІ. Кіріспе бөлім.

Сұрақ – жауап.

1.Жеңіс күні қай күні тойланады?

  1. Ұлы Отан соғысы жылдарында елін жерін жаудан азат еткен батырлар кімдер еді?
  2. Бұл батырлар кімдермен шайқасты?
  3. Қай жылы жеңіске жетті?

 

ІІІ.Негізгі бөлім.

  1. Мен Ұлы Отан соғысы және батырлары туралы қысқаша мәлімет беріп өтейін.

Слайдпен жұмыс мұғалімнің түсіндірме жұмыс.

 

2.Оқушылармен жұмыс. Балалар Ұлы Отан соғысы туралы және ардагерлері туралы бір талай мәлімет алдыңдар.Өздеріңнің білімдеріңді тексеру мақсатында топтық жұмыс жүргізейік.

I.топ оқушылары ерлік, батырлық туралы мақал –мәтелдер айту.

 

  1. топ оқушылары «Ер есімі – ел есінде» шағын мәтін жазып мағынасын түсіндіру.

 

III. топ оқушылары «Соғыссыз бейбіт өмір» (сурет салу)

 

 

3.Тақырыптық әдеби монтаж.

 

1 — оқушы.

Мәншүк

Сілкініп зеңбіректер жердің жүзін,

Оқ борап, снарядтар қаққанда ызың,

Қаптаған қалың жаудан тайсалмаған.

Мен көрдім пилоткалы қазақ қызын.

 

Қолында пулеметі «Максим»оның,

Бойында күш-жігері тасқын оның.

Ерлермен тізе қосып шабуылда,

Оғымен қырғын майдан ашты жолын.

 

Көзінен ұшқын өрттей лапылдаған,

Жауына қаһар тігіп қатуланған.

Отан үшін шайқасқан ауыр күнде.

Төнсе де өлім қаупі, жасымаған

 

 

2 — оқушы.

Әлия

Даламыздың даңқысың,

Балауса гүл балғын қыз.

Жанын қиып халқы үшін,

Жанып түскен ақ жұлдыз.

 

Мәңгі жасап жерде енді,

Биік бол деп таулардан,

Сенің балғын бейнеңді

Жасап қойдық мәрмәрдан.

 

Бірге соқсын дүрсілдеп,

Туған жермен жүрегің.

Ауасында жүрсің сен

Әнге қосып жүр елдің

 

3 — оқушы.

Нүркен Әбдіров

 

Ол бұзбаған қамал жоқ,

Жайдай тиіп бүйірден.

Тажал жауға ажал боп,

Төбесінен шүйілген.

 

Байтақ елдің бағына,

Туған қыран ұланы.

Қашанда Отан жауына

Қаһар төгіп тұрады.

 

 

4оқушы

«Жиырма сегіз жауынгер»

Тастар көкке атылды,

Орман құлап тау шулап.

Жиырма сегіз батырды.

Жеңе алмады жау бірақ.

 

5 — оқушы

«Тоғызыншы мамыр»

Алақай – ай! Әйгілі

Тоғызыншы май бүгін.

Алғаш күні шаттықтың

Соңғы күні қайғының

Ұлы күшке сенген күн

Фашистерді жеңген күн

Қырмызы гүл, қызыл гүл

Құшақтарға енген күн.

 

6 — оқушы

«Белгісіз жауынгер зираты»

Белгісіз жауынгер

Басында от пен гүл

Барлығы бауыр дер

Қасынан өткеннің.

Семсердей сермеліп

Сынғанмен батырлар

Гүл болып тербеліп

От болып лапылдар.

IV.Қорытынды бөлім: (көрініс)

Қаншама жылдар өтседе жеңістің жаңғырығы еш уақытта өшпес емес. Ешкімде еш уақытта ұмытылмайды. Біз Отан үшін, жеңіс үшін жанын қиған ерлерімізді мәңгі ұмытпаймыз.Ардагер ата апаларымыздың ерен ерлігі, еңбегі, Отан сүйгіштік асқақ рухы  кейінгі ұрпақ біздер үшін үлгі өнеге болып санамызда мәңгі сақталады. Осыменен Ұлы Отан соғысының 67 жылдығына арналған  тәрбие сағатымыз аяқталды.Отанымызды сүйіп қастерлей білейік. Тәуелсіздігіміздің туы мәңгі желбіреп бейбіт заман болсын деген тілекпен  «Әр қашан күн сөнбесін» әнімен сабағымызды аяқтайық.