Дені саудың- жаны сау

128

1- жүргізуші:     Армысыздар, аман-есен бармысыздар!

2-жүргізуші:     Құрметті ұстаздар, ата-аналар және оқушылар!

1- жүргізуші:    Бүгінгі біздің « Дені саудың- жаны сау.» тақырыбында өткізіліп отырған                       ашық тәрбие сағатына   Қош келдіңіздер!

 

2- жүргізуші:    Денсаулық — өмір жалғасының сәулесі. Өз саулығыңа қамқор болсаң ,

жаныңа үнемі сәттілік серік болады. Әр адам өз денсаулығын сақтауы

шарт.Ал, менің сөзіме нанбасаңыз өздеріңіз тыңдап көріңіздер.

Бауыржан:

Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа.

Өмірде бақыттысың денің сауда.

«Денсаулық- терең бақыт» деген сөзді,

Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да.

Денің сауда күштісің бұл әлемде,

Денің сауда сұлусың жер бетінде .

Сол мықты денсаулықтың арқасында,

Жетерсің әлі талай бақыттарға.

Нұрайым:

Денсаулықты сақта түзу өсесің

Күнәдан пәк жәннат өмір кешесің.

Көрген күнің қараңғы ғой дерт шалса,

Харамменен тәңірді улап не етерсің?

Жаман әдет көп шектірер қасірет,

Сақта өзіңді; жақсылыққа жетерсің.

Сарвиноз:

Денсаулық- ол шынықан

Барлық дене мүшесі:

Ден саулық- ол тыныққан

Жүйке тамыр жүйесі.

Берік:

Денсаулық – ол  күлуің,

Көңіл күйің жадырай.

Денсаулық- ол жүруің,

Ешбір жерің ауырмай.

Рахман:

Болсаң да әлі қаршадай,

Ойнау үшін шаршамай,

Оқу үшін мектепте,

Ашу үшін тәбетті,

Құру үшін сен сауық

Керек мықты денсаулық.

 

1-жүргізуші:           Әсем әнім сырнайды,

Әлем сүйіп тыңдайды.

Тамылжытып ән салмай,

Күнде думан болмайды

 

Ән:                  « Солдат болам мен ертең.»

 

Нұрдаулет:

Шынығамыз, тынығамыз,

Салауатты өмірге.

Қанаттанып, талаптанып,

Болашаққа біз бірге.

Айдана:

Бұл өмірде не керек?

Дұрыс сөйлеп, дұрыс жүру керек.

Ішімдік ішпей шылым шекпей,

Денемізді шынықтыру керек.

Ерте тұрып, кеш жатып,

Есірткеге еліктемей,

Ерінбей еңбек ету керек.

Бәрінен де салауатты өмір керек.

Гюнель:

Сау дене, азат ақыл, адал көңіл

Үшеуімен бақытты болады өмір.

Ербол:

Жатып ішер боп жалқау,

Бойкүйез болма еріншек.

Айналысып спортпен

Талаптан, жаттық еңбектен.

Ержан:

Басты байлық – денсаулық.

Бабам айтқан даналық.

Сақта жолын сен тауып,

Осы шақтан балалық.

Бауыржан:

Дені саудың- жаны сау.

Денсаулық сенің байлығың.

Мықты болсаң досым ау

Жуымас саған қайғы мұң.

Берік:

Ас – адамның арқауы,

Аспен күш артады.

Тағам іш жағымды,

Тазартар жаныңды.

 

1-жүргізуші.         Көрініс:  «Шылым шегудің пайдасы»

 

Автор:             Сахнаға бір топ балалар шығады. Алдарынан темекі шығады.

Балалар:          Сен кімсің? Қайдан шықтың?

Темекі:             Мені танымайсыңдар ма? Мен темекімін. Мен күштімін. Менің пайдам     өте көп. Мені тек мықты балалар  ұстайды. Кәне, менмен кім дос болғысы келеді.

Автор:              Балалардың қолына бір- бір темекі ұстатылады.

Балалар:          —   Дос болайық темекімен,

  • Мықты бала боламыз.
  • Ең бастысы пайдасы оның өте көп екен.

Автор:             Балалар темекіні айнала қоршап қол алысады.

Балалар:           Темекі шегіп үйренейік.

Осыны байқап отырған ақ сақалды қария:

  • Уа, балалар, маған құлақ салыңдар! Темекі шегудің тек үш пайдасы бар.Біріншіден, кімде-кім темекі шексе, ол ешқашан қартаймайды.

Балалар:          Неліктен? Неге?

Қария:             Себебі, ол қартаюға үлгермейді де. Темекі шеккен адам өмірден тым ерте кетеді. Екіншіден, оның үйіне ешқашан ұры түспейді.

Балалар:          Неліктен?

Қария:             Себебі, кімде-кім темекі шексе, оның өкпесі таза болмайды. Түні бойы      төсекте төңкеріліп аударылып жатады, және күндіз – түні күркілдеп   қатты жөтеліп шығады. Ұрылар үй иесінің көкжөтелін есітіп , үйге  жақындай да алмайды. Кімде-кім темекі шексе, оны ешқашан ит      қаппайды.

Балалар:          Қалайша оны ит қаппайды?

Қария:             Себебі, темекі шегетін кісі ерте  жарым — жан болып қалады және жүргенде таяққа сүйеніп жүреді. Ал, таяғы бар адамға қарағым, ең қабаған ит те жоламайды.

Автор:            Қарт қулана күледі.(Балалар темекіге қолын сілтеп кетіп қалады.)

 

1-жүргізуші:       Арақ ішу, темекі тарту, есірткіге бой ұру, мұның бәрі де адамның   денсаулығына    зиянды заттар. Күні кешегіге дейін нашақор деген атау қазақ ұғымында болған емес Маскүнемділік те бізге жат еді.   Ластықтан жиіркенетінбіз.

  • Жүргізуші: Салауатты өмір сүрудің басты шарты- темекі , нашақорлық,  маскүнемділіктен  арылу. Маскүнемдік, темекі, нашақорлық

ұлтымыздың ертеңіне қауіп төндіруде.

Нұрайым:

Боларсың шымыр шынықсаң,

Денің сау болар балғадай.

Түсініп сырын сен ұқсаң,

Темекі досың болмағай.

Рахман:

Улап қоймай өзіңді,

Жұртқа да тиер кесірің.

Жаман әдет жұққышы.

Болмасын шылым жан досың.

  • Жүргізуші:

Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй.-деп  Абай атамыз айтқандай, келесі кезекте           Ән:                     « Қазақстан.»

 

  • Жүргізуші: «Мақал- сөздің мәйегі » Мақал-мәтел айтайық.

.

Рахман:                    «Тісі саудың – іші сау.»

Гюнель:                  « Аурудың бәрі жүрекке тиеді.»

Ербол :                     « Ескі ауруды емдеу қиын.»

Айдана:                   « Тәтті ұйқы , қатты күлкі – денсаулық кілті.»

Бауыржан:               « Дені саудың — жаны сау.»

Сарвиноз:               « Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде.»

Нұрдәулет:              « Ас – адамның арқауы.»

Ержан :                   « Тазалық- саулық негізі , саулық – байлақ негізі.»

 

Нұрайым:                Денің сау болсын десең,

Ербол:                     Ұзақ өмір сүргің келсе

Сарвиноз:               Жаңа достар тапқың келсе

Ержан:                    Көңілің сергек болсын десең,

Рахман:                   Зиянды әдеттен аулақ болғың келсе,

Нұрдәулет:             Салауатты ғұмыр кешем десең,

Берік:                      Арманыңа жетем десең,

Бауыржан:              Үлгілі болам десеең,

Айдана:                   Таза болам десең,

Гюнель                    Өнерлі болғың келсе,

Барлығы бірге:        Өз еркіңе тоқтау салып,

Спортпен шұғылдан!

 

1-жүргізуші:             Күй төсерін төгейік,

Жырдан нөсер төгейік.

Уа, Жамағат, ал енді

Биге кезек берейік.

Би:                   « Қара жорға.»

 

Айдана:                      Атыңнан айналайын егемен ел,

Тәуелсіз күнің бүгін кенеле бер.

Мейірің құтты болсын, Тәуелсіздік!

Ғасырдың тойы болшы келе берер

.

1-Жүргізуші:           Тәуелсіздік бар бақыт, бақ тұмарым,

Ұранымсың, жанымда сақтар әнім.

Сенсің менің кеудемді керіп тұрып,

Айдай әлем алдында мақтанарым!

 

  • Жүргізуші: Иә, төрткүл дүниені дүр сілкіндірген әйгілі желтоқсандықтардың

Арман тілегі орындалып, елімізде тәуелсіздік таңы атты.

 

  • Жүргізуші Бүгінде тәуелсіз Қазақстанды бүкіл әлем таниды. ххі ғасырда

Қазақстанда бейбітшілік , елімізде тыныштық болып,

Егемендігіміз ұзағынын болсын!

Бауыржан :

Қына көктеп қоңыр қырдың тасына,

Бастағандай көгім бүгін ашыла.

Еңсесі тік тәуелсіз ел болдық біз,

Бақыт қонды қазағымның басына.

Нұрайым:

Жалғасып соғыс өрті сан ғасырға,

Біз көрдік қас дұшпанның қалтасын да.

Еліме тәуелсіздік келіп жетті,

Мың жылдық күрестердің арқасында.

Берік:

16-желтоқсан ел мерейі тасыған,

Қазақ деген қайран жұрт бәрін кешті басынан

Естіген ел үніңді, дүние түгел естісін,

Тәуелсіздік туыңды биік көтер жасұлан.

Ержан:

Армандарды жақындатып тым алыс,

Біздің жаққа кеткен екен жылы алыс.

Егемендік- ел бақыты ертеңі,

О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

Рахман:

Әр қазақтың есінде сақталады,

Желтоқсандық өрендер ақталады.

Ел намысын қорғаған сарбаздарым,

Ерліктерің мәңгілік мақталады.

 

2-жүргізуші:            Ән мен биі бой тұмар

Салтанатым сағанар.

Бүгінгі күн қыздардың

Мың бұралған биі бар- дегендей келесі кезекті биге береміз. Би:

.

1- Жүргізуші:         Тарихымызда ерекше орны бар, халқымыздың қасыреті мен

ар-намысына, сонымен бірге мақтанышына айналған -1986 жылғы

«Желтоқсан оқиғасы» қазақ халқын дүние жүзіне танытты.

 

2- Жүргізуші:          Сол бір қаһарлы желтоқсан күндерінен бірталай жылдар өтті

Қазақстан халықтарының өмірінде , яғни мемлекетімізде көптеген айтулы  өзгерістер болғаны белгілі

 

1- Жүргізуші:           1991 жылы 1- желтоқсанда ҚР тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев сайланды.

2- Жүргізуші:         1991- жылы 29- тамызда Семей полигоны жабылды.

1- Жүргізуші:           1991-жылы 21-желтоқсанда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы

(ТМД) құрылды.

2- Жүргізуші:           1992 жылы 4- маусымда ҚР Жоғарғы кеңесі мемлекеттік  рәміздерді қабылдады

1- Жүргізуші:           1992 жылы 2 наурызда Қазақстан БҰҰ мүшелігіне қабылданды .

2- Жүргізуші:          1992 жылы 11- желтоқсанында ҚР әнұраны қабылданды .

1- Жүргізуші:          1995 жылы  30 тамызды  жалпы халықаралық референдумда ҚР     Конституциясы қабылданды.

2- Жүргізуші:         1996 жылы еліміздің астанасы  Ақмола қаласына көшірілді.

 

1- Жүргізуші:          Алдымыздағы   2010-жылы 2-3-желтоқсанда Еуропадағы  қауіпсіздік және   ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ)-саммиті өтті.

 

2- Жүргізуші:          Биылғы 2011-жылдың 30 қаңтарда 7 – қысқы Азия ойындары өтті.

 

1-Жүргізуші:          Кеше ғана яғни 2011 жылдың 3-сәуірінде Қазақстан Республикасының кезектен тыс сайлауы өтті.

 

Көрініс:               « Бақытты жас дәурен.»

 

Айдана:                 ( Көңілді, қуанышты болып шығады.)

О, өмір сен қандай кереметсің, мен, бақыттымын!

Бір топ қыз:         — Айдана сен неге қуаныштысың ?

Айдана:               — Мен бақыттымын себебі мен өте керемет елде, тәуелсіз кең байтақ   елде өмір сүріп жүрмін.

Өмір деген мәңгі гүлдеп жататын

Құштарлықтың толғағы мен көктемі.

Ешкім оған қойа алмайды нүктені,

Өмір деген сөйлем емес өйткені.

— Сендер өмірдің мәнін түсінбейсіңдер.

Барлығы:      Жоқ , жоқ.

Бауыржан:            Иә, мен шынында да түсінбейтін шығармын, мүмкін мен қартайғанда түсінетін шығармын, ұлкен адамдар ақылды ғой өйткені.

Ербол:                  -Дұрыс айтасың Бауыржан менің атам да үнемі біздерге өсиет сөздерін айтып отырады.

Айдана:                 Достар, мен сендерге бір сұрақ қояйыншы. Биыл біздің тәуелсіздігімізге неше жыл толды?

Нұрайлым:           Тәуелсіздігімізге 20 жыл толды. Бірақ бізге тәуелсіздік оңайлықпен келмеді.

Сарвиноз:             Иә, дұрыс айтасың

-Тәуелсіздік оңайлықпен келмеді,

-Бізге оны ешкім аяп бермеді.

-Тәуелсіздік – Кайрат, Ләззәт, Ерболдың

-Тас көшеде тас талқан боп өлгені.

Нұрайлым:          Тәуелсіз ел болғалы елімізде тек жақсы оқиғалар болып жатыр. Кешегі 2010 жылдың 2-3 желтоқсанында 11 жыл үзілістен кейінгі Еуроппалық қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының саммиті   біздің елімізде болып өтті.

Сарвиноз:            Иә, және де кеше ғана Астана мен Алматыда 7 қысқы Азияда ойындары өтті

Бауыржан:           Азияда ойындарының тарихында тұңғыш рет Алау эстафетасы ұйымдастырылды.

Ербол:                   Азияда аламан бәйгесіне 27 елдің спортшылары қатысып, соның ішінде біздің еліміз 32 алтын, 21 күміс 17 қола медальін алып бірінші орынды иеленді

Айдана:                Міне, әрине мен бақыттымын себебі мен осындай керемет Тәуелсіз елде өмір сүріп жүрмін.

Барлығы:             Біз бақыттымыз, өйткені біз өзімізге , өз болашағымызғасенеміз.

Жасасын Қазақстан! Жасасын болашақ!

 

Айдана:

Тойланып мың мереке, ұлыс күні ,

Құрылған шаңырақтан ырыс нұры.

Халқымның бақыты үшін аз байлық па,

Тәуелсіз еліміздің тыныштығы.

Ербол:

Қандай бақыт қуанышты күн бүгін,

Дәлелдеуде Қазақстан елдігін .

Арман еткен қыршын кеткен ағалар,

Елдің алды егеменді теңдігің.

2- жүргізуші:

Республикам күндей күлген шығыстан,

Асыл елім жан жүректі ұғысқан.

Ата-бабам аңсап өткен бақытпен,

Алтын бесік – Қазақстан гүлістан.

 

Ән:                 « Ақ көгершін.»

 

1-жүргізуші:           «Сау дене, азат ақыл, адал көңіл, үшеуімен бақытты болады

өмір » дегендей, дені сау , құрыш білікті, батыл жүректі, салауатты       өмір салтын орнықтыруға дайын ұрпақ болып өсейік.

 

2-жүргізуші:            Құрметті жиналған қауым! Сіздерді Тәуелсіздігіміздің торқалы тойымен құттықтай отырып, мемлекетімізге жарқын болашақ, жер бетінде тыныштық орнасын дейміз.  Осымен 3 ә сыныбының «Дені саудың -жаны сау » тақырыбында өткен ашық тәрбие сағаты аяқталды, көріп тамашалағандарыңызға көп рахмет!