Өз елі өз ерлерін ескермесе, Ел тегі қайдан алар кеменгерді

94

Тақырыбы: Өз елі  өз ерлерін ескермесе, Ел тегі қайдан алар кеменгерді

1 – жүргізуші: Беделге бас ию бар… Билікке бас ию бар… Сонымен бірге данаға бас ию бар. Біздің қайраткерлердің ішінде сөзімен де, ісімен де елдің ойынан шығып, елдің жоғын жоқтап, мұңын мұндаған екі адам бар болса, соның бірі, бірі болса, — соның нағыз өзі Нұртас Оңдасынов!

 

2 – жүргізуші: Олай болса, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Нұртас Дәндіайұлы Оңдасыновтың 105 жылдық мерейтойы ұлы тұлғаның кіндік қаны тамған жерінде тойланғалы отыр!

 

1 – жүргізуші:  __ сынып оқушыларының ұйымдастыруымен өткелі отырған мерейтой аясындағы  «Өз елі өз ерлерін ескермесе, ел тегі қайдан алар кеменгерді» атты әдеби – сазды бағдарламаны тамашалауға шақырамыз.

(Би)

 

2 – жүргізуші: Асыл тұлғаның ғұмырнамасы жазылған үнтаспа. Ойында сәулесі бар, ісінде берекесі бар жанның дауысы – немересі Нұртасқа – асыл бейнені елестете отырып, жүрек лүпілін сездіруге тырысқандай.

(Үнтаспа өмірбаян оқылады, бала Нұртас ойға шомып, тыңдайды).

 

1 – жүргізуші: Біз – егеменді елміз. Көлемді жерге иеміз. Халқымыздың тарихына көз салсақ — өте салиқалы көрінеді. Оны көркейткен, ен байлыққа жеткізген халқымыздың зиялы да, кемеңгер азаматтары. Сол азаматтардың бірі – Нұртас Оңдасынов.

2 – жүргізуші: Бар өмірін бағына елдің арнаған,

Сіз секілді жомарт жүрек барма адам?

Мейірленіп бүкпей тура қараған,

Көзіңізден шаттық нұрын, нәр алам.

Басында бұлағы бар өзен ұзақ ағады…

Нұртас атамыздың ұрпақтары  өздерінің балғын жырын, перезенттік тебіреністерін аталарына арнайды.

 

1 – жүргізуші: Кейінгі ұрпақтардың санасына Нұрекеңнің аты аңызға айналған бейне болып сақталса, сол ұлы тұлғаны көзімен көрген, жақсыға жақын жүрген, тағылымын алған ағалар бүгін арамызда отыр. Нұрекең дүниеге келген биік шаңырақтың кейелі дастарханын ұстаған апамыз да отыр. Сөздің кезегі — өздеріңізде.

(Меймандарға сөз кезегі беріледі)

 

1 – жүргізуші: «Өзің білесін менің туған жерім Түркістан қаласына 25 км жерде, «Амангелді» атындағы колхоз. Өткен жылы барғанмын…, жағдайлары өте нашар екен. Өзім қанша лауазымды орындарда жүрсем де ешбір көмек көрсете алмадым, көңіл бөлмедім, кезінде араласпадым. Мойнымдағы борышымды – осы шаруаны – саған тапсырсам деп келдім. Көмек көрсет, қатарға жеткіз.» Бұл  Нұрекеңнің қоғам қайраткері Сағидолла Құбашұлына жазған өтініші еді. Нәтижесінде ауыл орталығына 2 скважина қазылып, су құбыры салынды, 646 орындық жаңамектеп, 12 км асфальтті жол, 2 көше, 1000 га инженерлік жүйедегі егістік дайындалып, су каналы іске қосылды. Нұрекеңнің туған елі алдындағы борышы өтелді.

«Жақсыдан – шарапаттың» дәлелі осы болар.

2 – жүргізуші: Адамға қымбат екен туған мекен,

Жеткізер, шіркін оны тіл бар ма екен?

Алыстан ән шырқасам «Ауылым» деп,

Ел – жұртым сол әнімді тыңдар ма екен?

«Туған жер» әні орындалады

 

1 – жүргізуші: Қазақстан «бас болмақ оңай, бастамақ қиын» деген терең мәнді нақыл бар. «Нұртас тағылымы» деп атауға лайық  құқбылыстың аса өнегелі тұсы осында жатыр. Биік борышын кіршіксіз атқарып, артына сөз ертпей, атағына нұсқан келтірмей, зинеткерлікке жүзі жарқын болып шыққан қазақ  басшыларының бірі – Нұрекең. Нұрекеңнің тікелей ағалық тәрбиесін өргендер ішінде республикаға белгілі адамдар: Сағидолла Құбашұлы, Әбіш Кеклбаев, Қаныш Сәтбаев, Хакімжан Наурызбаев, Манаш Қозыбаев, т.б. бар.

2 – жүргізуші: Қой асығы демей — ақ,

Халық толса – сақа тұт.

Жасы кіші демей – ақ,

Ақылы асса – аға тұт, — дегендей, адам болып туып, адам болып өтіудің өнегесін көрсеткен Нұртас аға болатын. «Ағаларым» әнін қабыл алыңыздар! (Ән шырқалады.)

1 – жүргізуші: Нұрекен шын мәнінде дүниеге періште болып келіп, әулие болып өткен адам. Мен «үш нәрседен тазамын. Біріншіден – сонша жыл ел басқарып отырып, біреуге нақақтан – нақақ жала жауып, қиянатқа барған емеспін. Біреуден бір сомда пара алған емеспін – қолым таза! Екіншіден – 1937 – 1938 жж. қаралы күндерде, боздақтарды атып жатқанда, бір қағазға қол қойған емеспін – Арым таза! Үшіншіден, адамдарды атаға, руға, жүзге бөлген емеспін – Жүзім таза! – деп айтып отыратын.»

2 – жүргізуші: Сол сөздің сездім қазір ұлылығын,

Сол сөзді асқақтатам шақап бірін,

Өйткені, сөз екен ол маған арнап,

Айтылған, сол бабамның ұрпағымын.

Сахна төрінде «Амангелді» орта мектебінің бишілер тобы (Би)

1 – жүргізуші: Зейнеткерлікке шыққаннан кейінгі 20 – дан артық жылының әр күнінде үздіксіз еңбек етіп, артына зор ғылыми мұра қалдыру – «Арабша, қазақша», «парсыша — қазақша» түсіндірме сөздіктерін жасауы – Нұрекеңнің қайраткерлікті қаламгерлікке ұштастырған парасаттылығы. «Жаман – табысқа, жақсы – талапқа құмар» демекші, Нұрекең әлдебіреулер сияқты атақ алуды көздемеген, қалайда халқыма бір ескерткіш қалдырсам деген жанашырлық белгісі бұл.

2 – жүргізуші: Көп арманды көкірекке сый

Маған, сіз секілді кім бар елді сыйлаған.

Ұлы істерге арнап барлық уақытын,

Түнді тәтті ұйқыға да қимаған.

(Ән)

1 – жүргізуші: Хрушевтің үлкен бір жиналыста намысына тиген сөзіне шыдай алмай, зейнеткерлікке жасы жетпесе де өзі арыз беріп, бір күнде жұмыстан кетті. «Малым – жанымның, жаным – арымның садақасы» деп ешқандай ұлт айта алмаған тек қазақтың ғана маңдайына жазылған дана сөздер Нұрекеңнің осы әрекетінен көргендей.

2 – жүргізуші: не жақсылық болса алдымен, елге болсын дегенсің, сондықтан сенің даңқың, сенің салтың көгерсін. (Би)

1 – жүргізуші: Ағыны жойқын тасқынды алақанмен сипап, тоқтатуға бола ма?

Күн сәулесін уысыма қыстым деп кім айта алады?

Құбылғанға сағымға жеттім деген адам бар ма?

Ақ түтек қарлы боранды арқандағанды кім көріпті?

Жаратылыстың ешкімге көндікпейтін осындай заңдылығын өз дегенін жасады. 1989 жылдың 4 қарашасында Нұртас ата өмірден озды.

2-жүргізуші: Қорғамасаң – жүрегің де тоңады,

Біреу тым кеш, біреу ерте солады.

Десек тағы өмір – шатқал, өмір – тау,

Әр адмның өз биігі болады.

 

1 – жүргізуші: Әлі талай еске алып, асқақтаймыз.

Сондықтан да біз сіздермен, көрермен, қоштаспаймыз.