Әкем, шешем және мен, Сөз сөйлеймін мәтелмен

95

Тақырыбы: Әкем, шешем және мен, Сөз сөйлеймін мәтелмен

Мақсаты: Қазақ халқының салт-дәстүрін насихаттау, ата-бабамыздан келе

жатқан асыл мұрамыз мақал-мәтелдерді орынды пайдалана білуге

дағдыландыру, қазақ халқының қадір-қасиетін сақтап бағалай білу-

ге тәрбиелеу, мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты нығайту.

 

Әдісі: сұрақ-жауап, баяндау

Көрнекілігі: нақыл сөздер, фотолар

Барысы: І. Ұйымдастыру

Сайыстың шарты: ұлттық киіммен шығып, мақал-мәтелдерді тиімді қолдана білулері шарт.

 

Сайыс бөлімдері:

  1. «Сөздің басы сәлемнен». Әр отбасы топтың атымен, топ мүшелерімен таныстырады.
  2. «Мақал – сөздің мәйегі». Әр топқа берілген тақырыптар бойынша мақал-мәтел құрастырады.
  3. «Салт-дәстүрім – қазынам». Салт-дәстүрден сұрақтар қойылады.
  4. Ситуациялық жағдаяттар
  5. «Өнерлінің өрісі кең». Әр топ өз өнерін көрсетеді.
  6. «Кім жылдам?»

Біліміңді саралап,

Төрелігін айтатын,

Әділ баға беретін,

Әділқазы алқасын.

Көтерейік құрметпен.

Сайыскер топтарға әділ төрелігін беретін әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.

Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар!

Наурыз мерекесіне арналған ата-аналар мен оқушылардың қатысуымен өткізілгелі отырған «Әкем, шешем және мен,

                                    Сөз сөйлеймін мәтелмен» атты отбасылық сайысқа қош келдіңіздер!

1 бөлімге кезек берейік. Әр отбасы өздерін таныстырады.

 

  1. «Тұз астың дәмін келтірсе, мақал сөздің сәнін келтіреді» дегендей, келесі бөлім мақал-мәтелдер сайысы.
  2. Әз бабам азаттықты аңсап өткен,

Ел үшін талай саңлақ шейіт кеткен.

Солардың құдіретті ой-арманы

Таңы боп тәуелсіздік бізге жеткен.

Ал шәкірттер алды-артын аңдасын,

Шешілмеген сұрақтары қалмасын.

Танымдықпен, білгірлікпен

Жауаптары таңдалсын.

Қазағымның салт-дәстүрі жаңғырған,

Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған.

Салт-дәстүрді ардақтайық ағайын,

Қазақ атты үлкен, кіші балдырған.

Салт-дәстүрден сұрақтар қойылады.

 

Ата-аналарға ситуациялық жағдаяттар қойылады.

  1. Анашым мен бүгін сабаққа бармай-ақ қояйыншы, үйге берілген тапсырманы жаттамап едім, апай сұраса «ауырып жатыр» деп айта салыңызшы.
  2. Әке, мен бүгін мектептің терезесін сындырып алдым.
  3. Әке, мен бүгін мектепте жарысқа қатысып, мақтау қағазын алдым.
  4. Анашым, мен бүгін сіздің жақсы көретін құмыраңызды сындырып алдым.

 

Келесі өнер көрсету бөліміне кезек берейік.

Басталады «Кім тапқыр» сайысың,

Бұл сайыста озып шығар қайсысың?

Жылдамдығың, білімділігің сыналар,

Қане, шәкірт көрінесің қайсысың?- дей келе соңғы бөлімге кезек берейік.

 

Әділқазыларға сөз беріліп, ұпай сандары анықталады.

Әр отбасы арнайы дипломдармен марапатталып, әрқайсысына сыйлықтар тарту етіледі.