Ардақты атамекенім

123

Сабақтың тақырыбы: Ардақты атамекенім

Сабақтың мақсаты:

  • оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін қалыптастырып, білімдерін тереңдету және қазақша дұрыс сөйлеуге дағдыландыру мақсатында өтілді.

 

Әдісі: оқушылар екі топқа бөлініп, сайыс түрінде өтеді.

 

Көрнекілігі: рәміздер, Қазақстан картасы, буклеттер, мақал-мәтелдер, Отан, Жер туралы қанатты сөздер, топтың аты, ұраны.

 

Сабақтың барысы:

 І Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ Жаңа сабақ.

а) кіріспе бөлімі:

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ұстаздар мен оқушылар. Бүгінгі тәрбие сағаты сайыс түрінде өтеді. Екі команда өздерін таныстырады.

1-команда капитаны:

Команданың аты «Жас қырандар»

Команданың ұраны: «Жас қыранның ұланы, үнемі алда тұрады.»

Команданың эмблемасы:: көкке самғап ұшып бара жатқан қыран суреті.

2-команда капитаны:

Команданың аты: «Жас өрендер»

Команданың ұраны: «Арманы биіктің  — алмағы биік»

Команданың эмблемасы: Қолында кітабы бар, тауға өрмелеп шығып бара жатқан бала суреті.

Жүргізуші: Командалар өздерін таныстырып болды. Ендігі кезекте мақал-мәтел сайысы. Бұл жерде екі команда өздері дайындап келген мақал-мәтелдерін айтады. Әр команда 10 мақалды жатқа айтады және алғышқы сыңарын айтып келесісін қарсы топ айтады. Мақал –мәтел Отан, туған жер, салт-дәстүр, әдет-ғұрып туралы болуы керек.

Мысалы: Туған жердей жер болмас

Туған елдей ел болмас

Жүргізуші: Келесі тамашалайтыныңыз әдеби – музыкалық тақпақтар.

1-оқушы: Біз Тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұланымыз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді, әкелеріміз бен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиіс екенімізді естен шығармайық.

2-оқушы: Ел тарихы – жер тарихы, өзіміз.

Болашақтың қасиетті көзіміз.

Барлық ұлтпен бауырласып жетерміз

Ақ-қараны тіліп тұрса сөзіміз,- дегендей ХХІ ғасырда Қазақстанда бейбітшілік, елімізде тыныштықболып, егеменді елдігіміз ұзағынан болсын деп тілейміз.

3-оқушы:

Халықтың енді міне жетілгені,

Құрыштың білінбейді кетілгені.

Аталып Қазақстан ел боп туып,

Үй тігіп, ірге қалап бекінгені.

4-оқушы:

Аялап ару ананы,

Өсірген еркін баланы

Бесігін болып тербеткен

Отаным- Қазақстаным.

5-оқушы:

Толтырған гүлге даланы

Жайнатқан ауыл даланы

Ардақты ата мекенім,

Отаным- Қазақстаным.

6-оқушы: 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы заңы қабылданды. Бұл күн халықаралық мереке күні болып жарияланды. 1992 жылы Қазақстан Республикасының рәміздері бекітілді.

7-оқушы:

Елтаңбасы елімнің

Отбасында шаңырақ

Мемлекеттік туымнан

Күн шығып тұр жарқырап.

(Елтаңба мен туды көрсетеді.)

8-оқушы:

                            Әнұраны елімнің

Шақырады бірлікке

Егеменді халқымның

Болашағы бірлікте.

9-оқушы:

Қазақ жері – Қазақстан

Мөлдіреген ашық аспан

Алыс кетсем сағынамын

Менің Отаным- Қазақстан.

Әнұран айтылады.

Жүргізуші: «Жас қырандар» мен «Жас өрендер» топтарының сахыналық қойылымдарын көруге шақырамыз.

1-топ: «Дүниеде не өлмейді ?» атты қойылымды көрсетеді.

2-топ: «Тапқыр жауап»  атты қойлымды көрсетеді.

Жүргізуші: Сайысымыздың келесі бөлімі «Бабаңнан саған не қалған ?» деп аталады. Бұл сайыста:

1-топ: Жеті санына байланысты Бөлтірік шешенннің сөзін айтады.

2-топ: Жетелі жұрттың жеті белгісін айтады.

Жүргізуші: Келесі бөлімде командалар жарысы болады. Мұнда екі команданың дайындап келген сұрақтары бір-біріне екзектесіп қойылады. Бұл сұрақтарды жүргізуші оқып тұрады. (Жауаптардың немесе бұрысын әділқазылар белгілеп отырады)

Сұрақтар:

  1. Қазақстанның жалпы жер көлемі ? (2717 мың шаршы шақырым)
  2. Қазақстан қанша мемлекетпен шектеседі ? (5 мемлекетпен шектеседі.)
  3. Шекараның жалпы ұзындығы қанша шақырым ? Ол қай теңіздер арқылы өтеді ? (Ұзындығы 15 мың км және 3 мың км. Каспий, Арал теңіздері арқылы өтеді.)
  4. Қазақстан Республикасының елтаңбасының жоғарғы және төменгі жағында не бейнеленген ? (жоғарыда 5 бұрышты жұлдыз, төменде Қазақстан деген жазуы бар)
  5. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін қашан алды ? (1991 жылы 16 желтоқсанда.)
  6. ХҮІІІ ғасырдың орта шенінде жоңғар хандығына қарсы үш жүздің басын қосқан кім ? (Абылай хан)
  7. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ қасырдың басында Қазақстан жерін зерттеген зеттеушілер кімдер ? (Ш. Уалиханов, Семенов-Тянь – Шанский, Н.А. Свертцов, И.В.Мушкетов т.б)
  8. Қақазстандапайдалы қазбалардың қанша түрі бар, кез келген бесеуін ата. (25-26 түрі бар. Олар: көмір, мұнай, алтан, күміс т.б)
  9. Егемендік туралы декларацияға қашан қол қойылды ? (1990 жылы 25 қазанда)
  10. Қазақстанда қанша облыс бар ? (14 облыс)
  11. Тіл туралы заң қай жылы қабылданды ? (1989 жылы 22 қыркүйекте)
  12. Қазақ хандығының негізін құрған хандан ? (Керей мен Жәнібек)
  13. Соңғы Конституция қай жылы қабылданды? (1995 жылы 30 тамызда)
  14. Қазақстан Жер көлемі жағынан дүние жүзінде нешінші орында? (9 орында)
  15. Қазақстанның ең үлкен облысы? (Қарағанды облысы)
  16. Қазақстанның тұңғыш астанасы қай қала? (1920 жылы Орынбор тұңғыш астана болып жарияланды)

ІІІ Қорытынды