«Атамекен-ата-бабамыздың мекені»

Сабақ тақырыбы:   «Атамекенатабабамыздың мекені»

                                   Сырмақ шерткен сыр

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:               Қазақ халқының ежелгі қолөнер саласының бір түрі киіз

туралы түсінік беріп, үй жиһазы сырмақтың түрлерімен

таныстыру, ою оюды, жиек бастыруды, астарлауды

үйрету.

Дамытушылық:    Оқушылардың ой-өрісін, қол қимыл шеберлігін, өздігінен

еңбек етуін қалыптастыру. Келер ұрпақтың бойына қазақ

халқының ұлттық намысымен мінезін қалыптастырып,

туған халқының тарихына, мәдениетіне, тілі мен дініне,

мәдениеті мен әдебиетіне, өнеріне сүйіспеншілігін «көзі

ашық, көкірегі ояу» ұрпақты тәрбиелеу.

Тәрбиелік:              Еңбекке, ұқыптылыққа, дағдыландыру туған ұяны ұлттық

өнерді жалғастыруға тәрбиелеу. Оқушылардың бойына

имандылық, адамгершілік,әдептілік қасиеттерін

қалыптастыру.

Сабақтың әдісі:      пікірталас, әңгімелесу

Сабақ түрі:              сайыс сабақ

Пәнаралық байланыс: тарих, бейнелеу өнері, сызу, геометрия

Сабақтың көрнекілігі:  ою-өрнек түрлері, қайшы желім, интерактивті

тақтамен слайд, нақыл сөздер, қолөнер бұйымдары

еліміздің туы, елтаңбасы мен әнұраны, сырмақ

Сабақтың барысы:

I       Ұйымдастыру кезең

        Өрмекші стратегиясы Тақтамен жұмыс

II     Жаңа сабақтың тақырыбын ашу

III   Театрланған көрініс көрсету Қызықты сәт

IV   «Ою ойғанның ойы ұтқыр»  әр топ өз сырмақтың үлгісін қағаздан қиып жасап көрсетеді. Әділқазыларға көрсету.

V     Интерактивті тақтамен екі топ слайд көрсету.

      «Отан» тобы Тәуелсіздігіміздің 20-жылдық жетістіктеріне арналған слайд  «Өнер» тобы Атамекен-ата-бабамыздың мекені сырмақ, ою-өрнек түрлеріне арналған слайд көрсету

VI  «Ой толғау» байқауы екі топ сұрақтар мен сайысады. Яғни «Отан» тобы «Өнер» тобына отан, атамекен жайлы сұрақтар қояды. «Өнер» тобы отан тобына өнер, салт-дәстүр жайлы сұрақтар қояды.

VII  Сабақты қорытындылау.

Ұлттық қолөнерге салт дәстүрге байланысты сұрақтар сайысы. Үлестірме беру.

Әділқазыларға сөз беру. Жеңген топты мараппаттау.

Ескендір Хасанғалиевтің  «Атамекен» хормен орындайды.

 

 

 

Ұйымдастыру кезең:

Оқушылармен сәлемдесу. Тілек тілеу. Оқушылар орындарынан тұрып, оңнан солға қарай қолдарын ұстап, бір-біріне тілек тілейді.

Оқушылар топпен отыру. әр топ өз ұрандарын айту. Эмблемалары жайлы түсінік беру.

  1. «Отан» тобы ұраны:  Бірлігіміз жарасқан, отанымыз Қазақстан!
  2. «Өнер» тобы ұраны:  Ою-өрнек сырын ұқтық жалықпай, көкірегіміз шежірелі сандықтай!

Әділқазылар алқасын сайлау.

«Атамекен-ата-бабамыздың мекені» туралы қысқаша түсінік беру. Интерактивті тақтамен слайд арқылы таныстыру.

Салт-дәстүр, домбыра дастан, наурыз, зергер, төрт түлік, көкпар, бабалар өсиеті, қыз бен жігіт, алыстағы бауырлар, достық, ата ана, сәби, қайырымдылық, ою-өрнек.

«Атамекен» бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған ғылыми тәлімдік әдістеменің нұсқауы мынадай;

 

А-та жолы қашанда тірегіміз

Т-әрбиеші соғатын жүрегіміз

А-қылды бола берсе шәкірттерім

М-ақсатқа жету жолы тірегіміз

Е-лдігіміз танылар ынтымақта

К-елешегім мұрагер ұстаздықта

Е-геменді ел болған Қазақстан

Н-амысымыз көрінер адалдықта.

Өрмекші стратегиясы «Бабалар өсиеті» оқушылар тақтаға шығып жазады.

 

II  Жаңа сабақтың тақырыбын сөзжұмбақ арқылы шешу. Өткенге саяхат

Қалыңдықтың бас киімі? (Сәукеле)

Тігін құралы? (Қайшы)

Бұрғылау аспабы (Бұрғы)

Ұлттық киім  (Қамзол)

Ер адамның сырт киімі (Шапан)

Ашыған, айранды қайнатып, сүзіп, кептіріп әзірлейтін тағам? (Құрт)

 

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

(интерактивті тақтамен слайд арқылы көрсету)

Мөлдірлік пен ізгілікті іздедім,

Қазағымның дарын көңіл келбетін,

Текемет пен киімдерде, тұр керім

Өрнектердің ізін көріп сездім де

Күн шалмайтын мұраларын көрдім де

Сыр шертейін көркем сөзбен толғана,

Апалардың үні қалсын жүректе.

Қай халықтың болса да рухани әлемі, ең алдымен оның дәстүрлі өнерінен бастау алады. Тауқыметі мол күн көріс қамымен көшіп қонған ата-бабаларымыздың негізгі баспанасы киіз үй болған. Ол тез жығып, түйеге артып жүре беруге өте ыңғайлы болған. Киіз үй б. з VII ға да кеңінен пайдаланып, киіз басу өнері белгілі бір еңбек кәсібіне айналған. Оны басу үшін қозы мен қойдың күзде қырқылған тірі жүні пайдаланылады. Киіз үй үш түрге бөлінеді:

  • Қалың шымыр етіп баспана киіз үйді қаптаған
  • Жұқа шымыр етіп басып, сырмақ, түскиіз, текемет түріне пайдаланған.
  • Жұқа жұмсақ етіп басып киім тігуге пайдаланған.

Сырмақ киізден сырып, оюлап, жасалатын төсеніш. «сырмақ» деген сөз  сыру деген сөзден шыққан. Неғұрлым көп сырылса, сырмақ соғұрлым мықты болады. Ол біріншіден, адам денсаулығына пайдалы, екіншіден үйге жиһаз ретінде сән береді. Ұзатылатын қызға жасау ретінде дайындалған. Сырмақтың төрт түрі бар. Ойыстырылған ақ пен қара киіз. Шығыс Қазақстанда киізді басып ойыстырады. Бір түсті киіз бетіне бір түсті матадан ою ойып бастырады. Киіз басар алдында боялған жүннен өрнек салып бастырылады. Ою өрнек көнеден келе жатқанын дәлелдейтін бұйымдар мұражайларда сақтаулы. Адамдар ертеден ақ өздерін қоршаған айнала дүниені тасқа бейнелеген,бертін келе киім- кешектеріне, қолданатын бұйымдары мен ыдыстарға қарапайым сурет ретінде салған, осылай бірте- бірте  ою өрнек пайда болды. Ал, біздің халқымыздың тұрмыс тіршілігінде ою өрнектің алар орны үлкен. Ол ұрпақтан ұрпаққа жалғасып дамып келе жатқан бірден бір өнер. Әр шебер  бұл өнерді өз үлгісінде, әртүрлі дамытқан, өзі жасаған оюға өзі атау берген, оның астарына өзінше терең ұғым сыйғызған, сондықтан ою өрнектің тілін,сырын, тарихын сол шеберден артық ешкім білмейді. Ата бабадан қалған ою өрнекті, мәдени шежіремізді сақтап, барынша ұлықтауымыз қажет. «Атымда менің сырым » дегендей әр ою өрнектің астарында алуан мағына жатыр. Ою өрнектің төрт түрі бар:

  • Зооморфтық ою өрнектер (құс жәндіктердің символдық бейнесі)
  • Космологиялық ою өрнектер (аспан тектес, табиғат құбылыстары)
  • Геометриялық ою өрнектер (сызық түрлері, фигуралар)
  • Өсімдік тектес ою өрнектер (жапырақтар, гүлдер, жемістер) жатады.

III    Театрланған көрініс

Екі топ ізденіс тапсырмаларымен көрініс көрсету.

«Отан» тобы Қазақ елі туралы көрсетеді.

«Өнер» тобы Ою хан мен жою хан аңыз туралы көрініс көрсету.

IV «Ою ойғанның ойы ұтқыр» әр топ сырмақтың үлгісін қағаздан қиып жасайды. Топпен жұмыс. Сарамандық жұмыс. Әділқазыларға көрсету.

 

 

Ою өрнек қарасаң ,

Өңкей мүйіз тігілген

Қайсысын қаласаң,

Қиып ол сызған ізіңмен.

Қию оңай демеңдер,

Оған да өнер, ой керек

Бос мақтанып жүрмеңдер,

Қиюға пысық қол керек.

Салған ою өрнектерін әділқазылар алқасына көрсетіп түсіндіреді.

«Өнерім жақсылардың жан азығы» деп өнердің рухани нәрлілігін халқымыз ерекше атаған. Әжелеріміздің көзіндей болған оюсырларын сыр сандықтай көкірегімізге түйеміз. Талай ғасырдан  сүрінбей бізге жеткен асыл мұраларды берік қойма алтын сандық ойымызда сақтауға тырысамыз. Ою өрнек түрлері мен асыл бұйымдар  бүгінгі өмірде үндесін тапқан.

V    Интерактивті тақтамен екі топ слайдпен топтарының аттарын қорғайды. «Отан» тобы «Өнер» тобы

VI «Ой толғау» екі топ қарама қарсы сұрақтар қояды.

VII Сабақты қорытындылау

Ұлттық дәстүрге салт дәстүрімізге байланысты сұрақтар қою. Үлестірме беру

  1. ұлттық өрнек (ою)
  2. Қалыңдықтың бас киімі (Сәукеле)
  3. Киізден сырып, оюлап жасалған төсеніш (сырмақ)
  4. Іс тіккенде саусаққа киетін құрал (оймақ)
  5. Ең көне ою (Қошқар мүйіз)
  6. Жеңсіз жеңіл киім (Қамзол)
  7. Сәндік үшін төсектің тұсына ұстайтын үй жиһаздарының бірі (Тұскиіз)
  8. Қазақстан Республикасының валютасы қай жылы енгізілді? 1993ж 15 қарашада
  9. Өсімдік аттас құрақ? Жапырақша
  10. Қол өнердің бір түрі? Кесте
  11. Ас қоюға арналған мата төсеніш? Дастарқан
  12. Қыз келіншектердің мойнына сәнге тағатын зат? Маржан, меруерт, алқа
  13. Сырып тігілетін төсеніш? Сырмақ
  14. Қой жүнінен жасалған қазақ үй жиһазы? Киіз
  15. Қазақтың ұлттық аяқ киімі? Мәсі
  16. Мүйіз тектес оюлардың түрлері? Қошқар мүйіз, арқар,.

Ортаға әділқазылар алқасын шақырамыз. Сөз сөйлейді. Жеңген топқа мадақтама қағазын береді.

 

Қорытынды сөз: Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Еліміздің ертеңгі бүгінгі жастардың қолында, ал жас ұрпақ тағдыры ұстаздың қолында»,-деп ұстазға үлкен міндет қойып отыр. Ұстаздық киелі, әрі қасиетті мамандық. Адам ата  мен Хауа анадан бері жұмыр басты пендені басты мәселе бала тәрбиесі. Шыр етіп өмірге келген нәрестені саналы азамат етіп өсіру ата ана ұстаздық парызы.

Қазақтың ұлы ғұламасы Әбу Насыр-әл Фараби сөзімен аяқтағым келеді. «Адамға ең алдымен білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне азап әкеледі».

Қорыта айтқанда, біздің бабаларымыздың қазақ халқы өсіп өркендеуі үшін, балалардың ұлттық дәстүрде білім алып, ұлттық мінез құлықпен әдет ғұрыпты жалғастыруына көп үлес қосқандығы келешек ұрпаққа жеткізу деп ойлаймын.

Е. Хасанғалиев «Атамекен» әні хормен орындалады.

Біздің осымен «Атамекен-ата-бабамыздың мекені» Сырмақ шерткен сыр атты ашық сабағымыз аяқталды. Қатысқандарыңызға көп рахмет айтамыз. Сау болыңыздар!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        Астана қаласы Білім басқармасы

                     №43 орта мектеп

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                      Ашық сабақ

«Атамекен-ата-бабамыздың мекені»

Сырмақ шерткен сыр

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                            Өткізген: Қуандық А

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                  Астана-2011