Жасушаның құрамындағы органикалық заттар. Көмірсулар. Липидтер

1244

Сыныбы: 9 сынып  Пәні: БиологияМұғалім:Инсенова Қ.Ш.

Сабақтың тақырыбы: Жасушаның құрамындағы органикалық заттар. Көмірсулар. Липидтер.

Сабақтың мақсаты: Жасушаның органикалық құрамы туралы білім алады. Көмірсулар мен липидтер құрамын салыстыра біледі.

Сабақтың міндеттері: Оқушылар  өз бетінше ойланады,  проблемалардың шешімін табу құзіреттілігі дамиды, мәтінге талдау жасауды үйренеді, белсенді тыңдайды, сұрақ қоюға  дағдыланады, ауызекі сөйлеу дағдылары қалыптасады.

Әдіс-тәсілдері: Ой шақыру стратегиясы, кластер, Іnsert Венн диаграммасы. Топтық жұмыс.

Сілтеме:  Мұғалімге арналған нұсқаулық, интернет.

Ресурстар:,флипчарт,маркер,стикер,кестелер.

Сабақ

кезеңдері

Уақыты Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті Күтілетін

нәтиже

Бағалау
1. Ұйымдастыру 3мин Психологиялық ахуал:бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп,әр оқушының жақсы қасиеттерін айту арқылы сыныпта оқушылар арасында еркіндік атмосферасын орнату.Топқа бөлу.(тәтті конфеттер шашу арқылы топқа бөлу)

Бағалау парағын тарату.

Оқушылар жылы лебізбен бір-біріне жақсы қасиеттерін айтады.Оқу құрал жабдықтарын дайындайды.

.

 

Оқушының сабаққа деген ынтасы артады

2 Үй тапсырмасын сұрау 5мин Әр түсті стикерге оқушылардың деңгейлеріне байланысты ашық сұрақтар жазып тақтаға жабыстыру арқылы сұраймын. Қызыл стикердегі сұрақтар

1. Тірі организмдердегі бейорганикалық заттарды ата.

2. Макроэлементтер тобын атаңдар.

3. Биоэлементтер деп қандай элементтерді айтады

4.Организмде  су және тұздардың мөлшері қандай

Жасыл стикердегі сұрақтар:

1. Микроэлемнттердің организм үшін қандай маңызы бар?

2. Макроэлементтердің организм үшін маңызы қандай?

3. Жасушадағы  судың алатын орны қандай?

4.Минералды тұздар организмде қандай күйде кездеседі?Сары стикердегі сұрақтар:

1. Микроэлементтердің кейбір түрлері организмде жетіспегенде қандай өзгерістер болуы мүмкін?

2. Макро және микро элементтердің жетіспеуіне байланысты болатын өзгерістерге мысал келтір.

3. Судың химялық қасиетіне сипаттама бер.

4. Жасушадағы минералды тұздардың қызметін түсіндір.

 

Оқушылар стикердегі балдық ұпайға қарап, сұрақтарға жауап береді. Оқушы өз мүмкіндіктеріне қарай тапсырма орындайды,тілі дамиды,проблеманы шеше біледі Бағалау критерийлері

Сары-3 балл

Жасыл-2балл

Қызыл-1балл

 

3 Жаңа сабақ 25мин

 

1.Ой шақыру стратегиясы. Жасуша құрамы туралы  жалпы түсінік қалыптастыру. Кластер құру.

2. Тақырып бойынша білгендерін топта бірлесе отырып постермен жұмыс жасау.

3.Іnsert стратегиясын пайдалана отырып оқушыларға мәтінге белгі  қойып оқуға тапсырма берем.

4.Оқығаның түйіндеп, дәптерге жаздыру.

5.Топта талқылай отырып,постерге өз түсінгендерін,өз ойларын жазып талқылау.

6.Әр топқа тапсырма беру.

Ітоп Жасуша

ІІтоп Көмірсулар

ІІІтоп Липидтер.

ІVтоп Бақылаушылар

 

 

1.Кластер әдісі арқылы оқушылардың ойы мен бұрынғы білімі анықталады..

3.Мәтінге белгі қойып оқиды.

4.Кесте құрып,ойларын түйіндеп,дәптерге жазады.

5.Топта талқылай отырып,өз ойларын постерге түсіріп,қорғайды

6.Тақырыпты толықтыра отырып ізденеді.

7. Бақылаушы топтар арқылы білімдерін толықтырады.

7.Оқушылар топ болып бірлесе жұмыс атқарады.

Оқушылар жеке өз бетімен ойланады,проблемалардың шешімін табу құзіреттілігі дамиды,мәтінге талдау жасауды үйренеді,белсенді тыңдайды.Постермен жұмыс жасау дағдысы қалыптасады.

 

Бағалау критерийлері:

Кестенің толық болуы:

1-4балл

Тақырыпқа сәйкес 2пікір:

1-2балл

Жоғары дәрежелісұрақ

2сұрақ:1-2 б

Ойын нақты жеткізу:1-4б

 

Топ бірін-бірі бағдаршам арқылы бағалайды

4 Бекіту 8мин Венн диаграммасы арқылы жануар жасушасы мен өсімдік жасушасының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстырады. Әр топ өз жұмыстарын ортаға салады, басқа топтар  қатесін тексереді,сұрақ қояды. Талқылау дағдылары дамиды. Салыстыру , бағалау дағдылары қалыптасады. Бас бармақпен

бағалау

5

 

 

 

Қорыту

 

 

 

2мин

 

 

 

Сабақты талқылап қорытындылайды

Кері байланыс

 

 

Ойларын жүйелейді,қорытындылайды,кері байланыс парағын толтырады

 

Тақырыпты жүйелеп,жинақтап қорыту дағдысы дамиды Кері байланыс тарату
 

 

6

 

 

 

 

 

Үйге тапсырма

 

 

 

2мин

 

 

 

Үй тапсырмасын тақтаға жазу ,нұсқау беру.

 

 

Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазады