Мүшел жас — мерейлі жас

281

Тәрбие сағатының тақырыбы: Мүшел жасмерейлі жас
Мақсаты:
Мүшел туралы қызықты пікірлермен балаларды таныстыру.
Мүшелде қандай сыр бар, ол қандай сөзден шыққанына түсінік беру.
Балалардың алғашқы мүшел жасына сипаттама беру. Оларды ата-аналарын сыйлауға, мейрімділікке, қайырымдылыққа, әдептілікке, сыйластыққа, достарын сыйлауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта,нақыл сөздер,мақал-мәтелдер..
Тәрбие сағатының жүрісі:
1.Алғы сөз «13 жас-алғашқы мүшел»
2.«Мүшел жас-мерейлі жас» әдеби-сазды бағдарлама.
3.Мүшел жасқа шыққан қонақтарға сөз беру.
4.Мерекелік ән-шашу.

Мұғалімнің кіріспе сөзі «13 жас – алғашқы мүшел»
1- жүргізуші

Құрметті ата-аналар, ұстаздар қонақтар және оқушылар! Бүгінгі болғалы отырған 6- сынып оқушыларының «Мүшел жас-мерейлі жас» атты тойымызды бастауға рұқсат етіңіздер

 

2- жүргізуші: 13 жас-жақсы мен жамандықты, ар мен намысты, дос пен жолдасты айыра білетін кезең. Қазақ халқы жас жеткіншектердің тәрбиесіне көп көңіл бөлген, олардың бойына мейірімдік, қайырымдылық, әдептілік, сыпайылық сияқты жақсы қасиеттерді сіңіре білген. Міне осындай қасиет сендердің бойларыңнан да табылса деймін

 

  • жүргізуші: Құрметті қонақтар,мүшелі жас иелері, қымбатты балалар! Біздің бүгінгі көрсеткелі отырған бастамамыз ата-бабамыздан қалған, бізге жеткен қызықты дерек мүшел жас туралы болмақ. Мүшелдің таралу шеңбері өте үлкен. Мүшел есебіндегі жылдар рет саны бойынша аталмайды. 12 түрлі хайуанның атымен аталады. Әр жылға бір хайуанның аты берілген.
  • жүргізуші Мүшел жасқа дейінгі тойланатын тойлар.

 

Оқушы

Той, той, той!

Ананың құрсағынан басталатын,

Ең бірінші қуаныш басталатын,

Той – «құрсақ той», той!

 

 

 

Оқушы

Анадан шыр етіп туылған күн,

Кінедігі жібек жіппен буылған күн,

Той – туған күн, той!

Рәсім – «кіндік кесу» жарасты ғой,

 

Оқушы

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Жылаған сәбиін әлдилеп жұбатқан.

Жас нәресте бөленсе бесікке –той!

Той – «бесік той», той!

 

Оқушы

40 күнде қырық рет түлеткенде,

40 қасық сумен тәнді нұр еткенде,

Той – « қырқынан шығару», той!

 

Оқушы

Алғашқы қадам басып, қаз тұрғанда,

«Тұсау кесу» айналар той  — думанға,

Той  — тұсау кесер , той!

 

Оқушы

Мұсылман ата- ананың міндет тойы,

Одан кейін жасалар сүндет тойы,

Той –«сүндет той», той!

 

Оқушы

Оқушы атанатын мектепке  барып,

Қуантқан ата-анасын әріп танып.

Тауысып «әліппені»жүрдек оқыр,

Сол күні «тілашардың» болатыны анық.

Той – «тілашар» да той!

 

Оқушы

Өмірдің бір белесін болдырған шақ,

Санасын нұрлы ақылмен толтырған шақ,

«13- те – отауға ие» деген қазақ,

Балиғатқа бас болдырған шақ …

Бүгін міне «Мүшел той» — үлкен той!

 

1 жүргізуші

Мүшел жасың құтты болсын,
Орындалсын ойда жүрген бар арман
Таусылмайтын бақыт беріп басыңа
Отбасыңмен аман болшы әрқашан

Ән « Достық»

 

Оқушы

Адамзат туған анадан,

Ақылы іске жараған.

Адамның жасын атаулы,

Мүшелге бөліп балаған.

Көркейер көңіл батадан,

Үлгі алып өссен атадан.

Он үшке толсаң, қазақта,

Бір мүшел жас деп атаған.

Өнеге қалса данадан,

Өсиетті елге тараған.

Бір мүшел жасты халқымыз,

Есейген шақ деп санаған

2 -жүргізуші: Жыл қайыру туралы аңызды білесің бе?
1 -жүргізуші: Білмеймін, қане мына мүшел жас иелерінен сұрап көрейік!
1 -оқушы:     Аяулым
Ертеде түркі қағандарының бірі өзінен бірнеше жыл бұрын өткен атышулы бір соғыстың тәсілін үйренбекші болады. Бірақ ол соғыс қай жылы өткенін білмей әбден шатасады. Сонда қаған өзінің қауымына былай депті: «Біз тарихымызды анықтауда көп жаңылыстық, ал бұдан кейінгілер бұданда жаман жаңылысады. Біз енді жылдарға ат қояйық. Бұл біздің кейінгілерге қалдырған ескерткішіміз болсын».
Сөйтіп Іле өзенінің екінші басына ау құрғызып, жабайы хайуандарды өзенге қарай қууға бұйрық береді.
Нөкерлер хайуандарды қаумалап үркіте бастайды. Бәрі бірдей өте алмай, он екісі ғана судан аман шыққан екен. Ең алдымен судан өткен тышқан болыпты. Осыдан жыл басы Тышқан аталыпты. Одан кейін судан сиыр, сосын барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз өтіпті. Сөйтіп әр қайсысы бір-бір жылдың атын алыпты. Осылай он екі жыл бір айналып шықса бір мүшел жас екі айналып шықса екі мүшел жас болыпты.
2 -оқушы: Эльдар
Кейбір деректерде «мүшел» сөзінің «мүше» сөзінен екені айтылады, сонда мүшеге ие болған хайуан деген ұғымды береді, яғни барлық хайуан емес, киелі, қасиетті хайуан ғана уақыт өлшеміне ие болған.
Кейбір деректерде «мүшел» сөзі қатар деген ұғымды білдірген, мүшел жылы сол адамда қатерлі жыл болады деп есептеген. Соған байланысты жаратылыстан тыс тұрған күштерге жалбарынып, құдайы беріп, қан шығарып, мүшелден аман-есен шығу үшін деп сол адамның қимас киімін және матадан жыртып жарлы—жақыбайларға таратылады екен.
Мүшел жас күні мал сойып, құран оқыту да мүшел жастан аман-есен шығып, ұзақ сүру үшін, бақытты болу үшін істелетін ырым екен.

 

 

2 Жүргізуші

Балалар барлықтарының 13 жасқа келдіндер. Бұрынғы ата — бабамыз  «13 жас – отау иесі» деп бекер айтпаса керек.

Енді сендерге ата-бабамыздан жалғасып келе жатқан аңыз — әңгіменің бірін айтып берейін.

«Абылай хан бірде қалмақ ханы Қонтайшыға елші жіберіп , соларға атқосшы етіп 13 -14  жасар Қазыбекті аттандырады.қазақ елшілерін қабылдаған қалмақ ханы оларға сөзден дес бермей қояды. Қазақ елшілері

тығырыққа тіреліп тұрғанда, есік жақта атқосшы бала Қазыбек орнынан атып тұрып, Қонтайшыға;

-Біз қазақ деген мал бақан елміз,

Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.

Елімізден құрт- береке қашпасын деп,

Жеріміздің шетін жау баспасын деп,

Найзаға үкі таққан елміз.

Ешбір дұшпан басынбаған елміз.

…Асқақтаған хан болса, хан ордасын таптай білген елміз, -деп әйгілі қаз дауысты Қазыбек би бабалардың сендердей кезінде алмастай өткір сөзбен төпелей келіп, қалмақ ханын састырып, дұшпанын қазақтын алдына жығып беріпті»

Балалар ,сендер де Қазыбек би аталарындай сөзге шешен, батыл ел басқаратын азамат болындар.

Ән    «               »      Данияр

 

—         Мүшел жастың бір боларын білгенбіз,

Жақсы өлеңді соған сақтап жүргенбіз.

Күн жылынып, қар еритін мезгілде,

Көктемде біз дүниеге келгенбіз.

Ойна, ойна осы тойда

Биле, биле осы тойда

Ойна, ойна осы тойда

13 мүшел тойыңда

 

—   Біз атақты Дербісек елденбіз,

Жақсы сөзді мүшел жасқа тергенбіз.

Жаздың шіркін жайма шуақ күнінде,

Әнді салып дүниеге келгенбіз.

Ойна, ойна осы тойда

Биле, биле осы тойда

Ойна, ойна осы тойда

13 мүшел тойыңда

 

 

—       Күз мезгілі бәрінен де жарайды,

Қуат беріп қанымызға тарайды.

Астықпенен дүниеге келгенбіз,

Нұрға бөлеп жатқан кезде маңайды.

Ойна, ойна осы тойда

Биле, биле осы тойда

Ойна, ойна осы тойда

13 мүшел тойыңда

 

—   Әуелгі аты Тоболин деген жерденбіз,

Үлкендердің ізгі ісіне ергенбіз.

Жердің беті ақ көрпеге оранып,

Жатқан кезде дүниеге келгенбіз.

Ойна, ойна осы тойда

Биле, биле осы тойда

Ойна, ойна осы тойда

13 мүшел тойыңда

 

Оқушы

Он үш жасқа толғанда,

Бірінші мүшел болғанда.

Жастықты жарқын сезім көп,

Жас адам «білем өзім» деп.

Шыңына жетер бала шақ,

Шыңдайды жасты болашақ.

 

Ән   «Әке туралы жыр»

1 жүргізуші

Мүшел жасты тойлауымыз, жұртымызға мүшел жастың

кезеңдерін айтып өтейік.

1 жүргізуші:       13 – сәбилік мүшел;

2 жүргізуші         25 – ер жету мүшел;

1 жүргізуші         37 – жігіттік мүшел;

2 жүргізуші         49 – орта жас мүшел;

1 жүргізуші         61 – ақсақалдық мүшел;

2 жүргізуші         73 – қарттық мүшел;

1 жүргізуші        85 – кәрілік мүшел

2 жүргізуші         97  жас  қалжырау

1 жүргізуші        109 жас шөпшек сүю

2 жүргізуші        121 жас немене сүю

 

оқушы

Ал жиырма бес нағыз жігіттік жас деп есептеледі. Бұл кезде бойдағы күш-қуат кемеліне келеді. Тасыған күш-қайратты қайда жұмсарын білмей жалындап тұратын кез.:
Ең тәтті кез жігіттіктің шағы да,
Игіліктің о да берген,
Жиырма бес – енді келмес албырт жассың,
Қайратың қиратқандай таудың тасын .

 

— оқушы:
Отыз жеті жас — өмірдің жақсы-жаманын, оң-солын танып, ақыл тоқтатып, қырыққа жақындаған кез.
Жаста келіп қырықпенен астасар,
Ерттеп қойған құр аттай,
Қырық та бір жас екен, қырдан астым,
Көңілді тасып жүрген әрең бастым.

 

-оқушы
Қырық тоғыз жас-бойдағы күш қайта бастағанымен кәрілікті мойындамаған, ақыл-ойы нағыз кемеліне келген нағыз ердің жасы.
Елу деген жасыңыз,
Ода бір көшкен ел екен,
Елу де бір жас екен есептеулі,
Есептеп елдің жөнін білсек дейді.
Кешегі жиырма бес жас қайтып келіп,
Көңілім бұрынғыдай жүрсек дейді.

— оқушы:
Алпыс бір жас – даналығы артып, өткеніне сын көзбен қарайтын, тәубеге келетін кез.
Алпыс деген жасыңыз
Қайғылы – мұңлы кұн екен,
Алпыстағы жасыңыз
Қоңыр салқын күн екен…
Алпыс жас – бұл бір өткен өмір сәні,
Алпыста бойда қуат тұрмас бәрі.

— оқушы:
Жетпіс үш жас. Бұл мүшелдегі кәрілікті мойындап, бойы еңкіш тартады, аяғы тұсалып, жүріп-тұруы қиындайды
Бұл дүние көздің жауын, нұрын алар,
Жасарып ап жас келіндей ырғалар.
Қуантар да, жалған салар сүргінге,
Теріс қарар мәз қып қойып бір күнге
Жетпіс те жер таянбай тура алмайсың,
Мойыныңды жан-жағыңа бұра алмайсың.

— оқушы:
Келесі мүшел жас – 85 жас. Бұл тіпті қызық. Бұл жаста адам жүріп-тұрудан, ұйқыдан қалады. Бала сияқты өкпелегіш болып, күйбең тірлікке түседі.
Сексен деген жасыңыз
Қараңғы тұман түн екен
Сексенде таяғыңды серіппейсің,
Селт етіп еш нәрсеге елікпейсің .

— оқушы:
Тоқсан жеті жас. Бұл мүшелге жеткен адамдардың кейбірі алжып, жас баладай жаутаңдап, қауқарсыз болып қалады.
Тоқсан, сен таман жастың зоры екенсің,
Сүйегің қартайған соң бор екенсің .
Тоқтының баласына әлің келмей,
Балаңның баласына қор екенсің .

Тоқсан бес тоқайласып жүз келеді,
Көктем, жаз, кезегімен күз келеді.
Күзден соң қаһарлы қыс сияқты,
Денеңе қызу емес, мұз келеді.

Иә, бұл жасқа жеткенде бар, жетпеген де бар. Алладан сол жасқа жеткізсін деп тілейік.

2 жүргізуші
Қазақ халқы табиғат құбылыстарының, атап айтсақ, күн мен түннің алмасуын, айдың жаңалануын, жыл мезгілдерінің қайталанып отыруын аспан әлемін жіті бақылай жүріп, ұшан-теңіз мағлұмат алған. Ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса жинақталған тәжірибесін қорытып, жұлдызды аспан туралы астрономиялық түсінік-ұғымдарымен білім жиған.  Күн, ай, тоқсан, жыл санау есебі мен жұлдыздар қозғалысын білу арқылы жайлауға көшу, күзеу мен қыстауға уақытымен келу, қой қырқу, күйек алу, мал төлдету, шөп шабу, соғым сою, т.б. шаруашылық мезгілдерін белгілеп отырған. Сол секілді ұлан-байтақ кең далада, таулы аймақтарда көшіп-қону, мал бағу, жолаушы жүру, жоқ қарау, аң аулау, қараңғы түнде жұлдызға қарап бағыт-бағдар белгілеп, өткел, суат, қоныс, құдықтарды дәл табуды қазақтар жете білген.

1 жүргізуші  Көрініс

Қазақтың көне күнтізбесінің бірегей көрінісі — мүшел есебі. Халқымыз уақыт есебін мүшел жылы бойынша жүргізген. Әрбір жылды хайуан атымен атайтынын кез келген қазақ біледі.

Көрініс  «Жыл аты»

«Тышқан жылы — тыныштық; Сиыр жылы — сыйлық; Барыс жылы — бірлік; Қоян жылы — қамбалы; Ұлу жылы — үлгілі; Жылан жылы — жайлы; Жылқы жылы — жұтсыз; Қой жылы — құтты; Мешін жылы — мерейлі; Тауық жылы — табысты; Ит жылы — игілік; Доңыз жылы — дүниелі».

 

2 жүргізуші. Жылдың жаманы жоқ екен. Оны жақсы ететін де, бүлдіретін де адамдардың ниет-пиғылы мен іс-әрекеті екенін түсіндік.

түйе бойына сеніп тұрғанда тышқан алтын нұр — жылды бірінші көріп, жыл басы дәрежесіне ие болғаны жайлы жалпымыз білеміз.

Оқушы

Түйе сеніп бойына,

Қалған ұмыт жолдардан.

Жатпа қарап,мойыма.

Тойма именіп ділмәрдан

 

.

1 жүргізуші

. Түйе жылдың басы болмағанымен, он екі жылды бойына сыйғызып тұр. Түйеде он екі жылдың нұсқасы бар. Құлағы — тышқан, бақайы — сиыр, тірсегі — барыс, еріні — қоян, төбесі (қарақұсы) — жылқы, тісі — қой, жүні — мешін, мойыны — тауық, шөккені — ұлу, қабағы — жылан, табаны — ит, құйрығы — доңыз», — дегенде түйенің сыртқы жаратылыс пошымын көз алдымызға келтіріп, қайран қалып едік… Мұны да жастарымыздың біле жүргені дұрыс.

2 жүргізуші
Есебіндегі жылдар рет саны бойынша аталмай, 12 түрлі хайуанаттың атымен аталатынын білдік. Осы сияқты 12 айдың өзіндік жорамал аттары бар екенін білеміз. «Жұлдыз жорамал» тыңдайық.
1 оқушы: 21 наурыз бен 20 сәуір. Тоқты: Қызу қанды, алғыр, ақылды.
2 оқушы: 21 сәуір мен 21 мамыр, Торпақ: Өзімшіл, шындықты сүйетіндер.
3 оқушы: 22 мамыр мен 21 маусым. Егіздер: Кекшіл, жалқау,
4 оқушы: 22 маусым мен 22 шілде. Бүйі: Кекшіл, өзімшіл, өркөкірек.
5 оқушы: 23 шілде мен 22 тамыз. Арыстан: Ержүрек, тік мінезді.
6 оқушы: 23 тамыз бен 23 қыркүйек. Бикеш: алдамшы, алаяқ, бірақ алғыр.
7 оқушы: 24 қыркүйек пен 23 қазан. Таразы: Адамгершілігі мол, бірақ қу.
8 оқушы: 24 қазан мен 22 қараша. Шаян: Кекшіл, ешкімге жақсылығы жоқ.
9 оқушы: 23 қараша мен 23 желтоқсан. Мерген: Батыр, ержүрек, мейірімді.
10 оқушы: 22 желтоқсан мен 20 қаңтар. Тауешкі: Білімді, қайырымды, бірақ алаңғасар.
11 оқушы. 21 қаңтар мен 20 ақпан Суқұйғыш: Ұмытшақ, адал, алаңғасар.
12 оқушы: 21 ақпан мен 20 наурыз. Балық: Өте қу, дарыны аз, бірақ жолы өте жеңіл болады.

1 жүргізуші

Жалын болып жанайық,
Әсем әнге салайық.
Өнерің болса қолыңда
Өнерлінің ырысы
Жарқырап жатыр жолында.
Кешімізде ән салайық, би билейік,
Өнермен өрге басып кідірмейік –дегендей енді кезек оқушыларымыздың билерімен көріністерін тамашалайық .
Би

Көрініс
 Оқушы  Денің сауда жетерсің арманыңа
Жоспарлап алға қойған мақсатыңа,
Денің сауда көрерсің бұл дүниенің.
Бар қызық, рахатын, жарығында.
 Оқушы
Денсаулық-шексіз бақыт,
Досым менің,
Сондықтан көңіл аудар денсаулыққа.
Қолда барда біл оның қасиетін,
Күтіп, баптап, аяла әр уақытта.

2 — жүргізуші:
Өзге халықта сияқты қазақ елінің де бала тәрбиесі жөнінде ата заманнан бері жиып терген мол тәжірибесі бар. Аға буын өз бойындағы ізгілік, қайырымдылық, кішіпейілдік, әдептілік, елін, жерін, Отан сүюшілік секілді ең асыл қасиеттерін жас ұрпаққа күнделікті тұрмыста үнемі үйретіп, қаны мен жанына сіңіріп келеді. Бүгінгі кешімізден осы қасиеттерді бойларыңа сіңіре біліңдер.
1 — жүргізуші: Мүшел жасың құтты болсын,
Орындалсын ойда жүрген бар арман
Таусылмайтын бақыт беріп басыңа
Отбасыңмен аман болшы әрқашан.
2 – жүргізуші:

Бүгінгі кешімізді қорытындылау үшін сөз кезегін сынып жетекшіміз Бибінұр  апайымызға береміз.

Думандатып шәкірттерім тойла бүгін,

Дос сүйінсін,  күйінсін дұшпан қасың.

Он үш жастың оншақтасын атап өтіп,

Бүтін ғасыр жасауға тағдыр жазсын.

Қуаныштан бәріміз жылы шыраймыз,

Мерекеге әсем өлең құраймыз.

Шәкірттерге ұлағатты сөз айтар,

Үлкендерден қол жайып бата сұраймыз

2 – жүргізуші:

Білім —  теңіз, ақыл – біздің кемеміз,

Үлкендердің игі ісіне ереміз.

Құттықтау сөз айту үшін тілекпен,

Апайлар мен ағайларға сөз береміз.

1 – жүргізуші:

Балаларын тағы бір қырдан байқады,

Өнеріне тамсанып бас шайқады.

Құттықтау сөзді бар баланың анасы,

Ата – аналарға береміз.

 

: 2-жүргізуші:                 Ән жырдан көңілдерді қуантыңдар,

                                          Барымен шат-шадымен болыңыздар.

Қоштасайық, келесі кездескенше,

Әрдайым сау-саламат болыңыздар!
2 — жүргізуші: Құрметті қонақтар мен оқушылар «Мүшел жас-мерейлі жас» атты тәрбиелік шарамызды жабық деп жариялаймыз.