Астың ауыз қуысында қорытылуы. Тістің құрылысы мен қызметі. Тістің күтімі.

79

Сабақтың тақырыбы: Астың ауыз қуысында қорытылуы. Тістің құрылысы мен қызметі. Тістің күтімі.

Зертханалық жұмыс №13. Қайнатылған крахмалға сілекейдің әсері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: астың ауыз қуысында қорытылуы. Тістің құрылысы, қызметі, күтімі және сілекейдің бөлінуі жайлы түсініктерін  қалыптастыру.

Дамытушылық: оқушыны өздігінен оқып, ой-өрісін тереңдетуге баулу, ізденіске жетелеу.

Тәрбиелік: ауыз қуысының гигиеналық талабы, тіс күтіміне көңіл бөлу. Өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап, жуан-жіңішке сұрақтар, Венн диаграммасы, Синвейн, зертханалық жұмыс, тест тапсырмасы

Сабақтың көркемділігі:

Ауыз қуысында тістердің орналасуы. Тістің құрылысы. Сілекей бездері

І кезең. Қызығушылығын ояту.

Ұйымдастыру

а) амандасу, танысу, топқа бөлу

б) оқушыларды түгендеу

в) сабаққа дайындықтары

 

Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

І топ

  1. Асқорыту мүшелерін атаңыз. Жауабы: ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, аш ішек, тоқ ішек.
  2. Организмнің құрылыс материалы. Жауабы: нәруыздар
  3. Адам денесіндегі судың орташа мөлшері. Жауабы: 60-65%
  4. Ұзындығы 11-13 см бұлшық етті мүше. Жауабы: жұтқыншақ

 

ІІ топ

  1. Ас қорыту жолының едәуір ұзын бөлігі. Жауабы: аш ішек
  2. Организмнің энергия көзі. Жауабы: көмірсулар
  3. Адамға тәулігіне қажет су мөлшері. Жауабы: 1,5-2,5 литр
  4. Ұзындығы шамамен 25 см бұлшық етті түтік. Жауабы: өңеш

(Оқушыларға болжау парағын, бағалау парағын тарату)

 

Ой шақыру

  1. 32 қайрақ

Бірін-бірі шыңдайды (тіс)

  1. Қызыл түлкі ықпайды

Өз інінен шықпайды (тіл)

 

ІІ кезең

Жаңа сабақ

Ауыз қуысына түскен тағамды тістер майдалайды, ұнтақтайды, сілекеймен дымдайды, тіл арқылы қозғайды. Тағам тіл түбіріне ауысқанда жұту рефлексі пайда болады.

Тістер пішіні мен қызметіне қарай күрек тіс, ит тіс, үлкен және кіші азу тістер деп ажыратылады. Адамның тісінің жалпы саны-32. Үстіңгі және астыңғы жақ сүйектің әрбір жартысында 2 күрек тіс, 1 ит тіс, 2 кішкентай және 3 үлкен азу тістер орналасқан. Сүт тістер саны – 20. Олардың аламасуы 6-7 жаста басталып, 15 жасқа келгенде аяқталады.

 

 

Ауыз қуысында тістердің орналасуы               Тістің құрылысы

 

Сілекей бездерінде сілекей түзіледі. Адамда үш жұп (шықшыт, жақ асты, тіл асты) бездері және микроскопиялық ұсақ бездер бар.

 

Сілекей бездері

 

Топтық жұмыс

1-тапсырма. «Жуан-жіңішке сұрақтар»

Берілген «жуан-жіңішке сұрақтарынан» тақырыпқа байланысты сұрақтар құрастырып, оған жауап беру.

Кім?

Не?

Қанша?

Неше?

Қалай?

Не себепті?

Неліктен?

Дүрыс па?

Келісесіз бе?

Анықта?

3-тапсырма. «Синвейн» (5 жол өлең әдісі)

Бірінші жол – зат есім, 1 сөз

Екінші жол – сын есім, 2 сөз

Үшінші жол – етістік, 3 сөз

Төртінші жол – сөйлем, 4 сөз

Бесінші жол –  тақырыпқа байланысты синоним, бір сөз

 

Сергіту сәті

 

Зертханалық жұмыс №13. Крахмалға сілекейдің әсері.

Мақсаты: сілекейде крахмалды ыдырататын фермент бар екеніне көз жеткізу.

Керекті құрал-жабдықтар: крахмалданған құрғақ дәке, йодтың әлсіз ерітіндісі бар ыдыс, басына мақта оралған сіріңке.

Барысы:

  1. Сіріңкедегі мақтаны сілекейге батырып алып, крахмалданған дәке ортасына әріп жазыңдар.
  2. Дәкені алақандарыңа алып, 2-3 минут қысып, содан кейін йод ерітіндісіне салыңдар.
  3. Дәкенің қалай боялғанын бақылаңдар.

 

 

 

ІІІ кезең

Қорытындылау

 

Тест тапсырмасы

  1. Асқазан мен тоқ ішекті жалғастыратын түтік пішінді бұлшық етті мүше

А) аш ішек

В) тоқ ішек

С) соқыр ішек

Д) ұлтабар

Е) өңеш

  1. Астың иісіне сілекейдің бөлінуі

А) шартсыз рефлекс

В) шартты рефлекс

С) жасанды рефлекс

Д) рефлекс

Е) рецептор

  1. Адамда асқорыту жолының ұзындығы

А) 3-5 м

В) 8-10 м

С) 15-18 м

Д) 8-15 м

Е) 5-8 м

  1. Шартты рефлексті зерттеген ғалым:

А) И.И.Мечников

В) И.М.Сеченов

С) Х.Досмұхамедов

Д) И.П.Павлов

Е) У.Гарвей

  1. Сілекей құрамында су мөлшері

А) 40-50%

В) 60-70%

С) 98-99%

Д) 20-25%

Е) 10-15%

  1. Ересек адамның тісінің саны

А) 26

В) 28

С) 24

Д) 35

Е) 32

  1. Сүт тістердің алмасуының басталуы

А) 6-7 жаста

В) 3-4 жаста

С) 10 жаста

Д) 2-5 жаста

Е) 11-12 жаста

  1. Сілемейлі қабықпен жабылған тамырлары мен жүйкелері көп қозғалмалы бұлшық

етті мүше

А) тіс

В) тіл

С) сілекей

Д) ауыз

Е) без

 

Бағалау

Үй тапсырмасы: «Егер сіз тіс дәрігері болсаңыз, не істер едіңіз?» атты тақырыпта эссе жазып келу