Биология сабақтарында жаңа әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділігі

88

Биология  сабақтарында   жаңа әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділігі

Қазіргі уақытта елімізде әлемдік білім кеңістігіне бағыт алған жаңа білім беру жүйесі қалыптасуда.Осы бағытта  Назарбаев зияткерлік мектептері мен Кембридж унииерситетінің  бірлесе отырып,білім жүйесіне жаңалық енгізудегі жұмыстар осының дәлелі.Осы бағдарламамен оқыту оқушылардың өзін-өзі бақылау,бағалау,сөйлеу,тыңдау қабілеттерінің артқаны байқалды.Сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары өте көп.Бұл стратегияларды қолдану оқушыларға жан-жақты ізденуге,өз-өздерін бағалауға,топтық тапсырмаларды бірге орындауға,ізденуге,өз ойын еркін жеткізуге көмектеседі.Қазақстан педагогтарының біліктілігін арттыру 3 айлық курсының ІІ деңгейі бойынша мектептегі тәжірибе кезеңіндегі  осы  бағдарламамен  өткізген сабағымды сіздерге ұсынып отырмын.

Мектептегі тәжірибе кезеңінде бағдарламада қамтылған 7 модульді  тізбектелген сабақтар топтамамда мүмкіндігінше  қолдану алға қойған мақсаттарымның бірі болды. Осы мақсатты жүзеге асыру мақсатында «Пияз тұқымдастары» тақырыбындағы сабағымды жаңа технологиялық әдіс-тәсілдер диалогтік оқыту ,сыни тұрғыдан ойлауға үйрету,АКТ-ны пайдалана отырып, топтық жұмыстар арқылы өткізуді жоспарладым.

Сабағымды  Блум таксаномиясы бойынша, яғни, жеңілден күрделіге қарай ойластырып отырып құрдым. Кіріспе бөлімінде оқушыларды шеңбер бойына тұрғызып, амандасып болған соң, қасындағы жолдастарын есімдерінің алғашқы әріптерінен басталатын сын есімдермен таныстыруын өтіндім. Бұл әдіс «Мен сізді таныстырғым келеді…» деген атпен өтті. Оқушылар өздерінің сыныптастарын 2-3сын есім қосып таныстыру арқылы бір-бірлерін жақсы қырларынан көрсете білді. Бұл тәсіл оқушыларды жақындастыра түсті деп ойлаймын. Негізгі бөлімде ,яғни «Білу» бөлімінде «Тайм-аут» ойыны арқылы өткен сабақты қалай білетінін тексердім , Жаңа сабақтың тақырыбын  интерактивті тақтадан жасырылған жұмбақтарды шешу арқылы оқушылар өздері тауып алды. «Түсіну» бөлімінде интербелсенді тақтадан слайдтар арқылы жаңа сабақты түсіндірдім, оқушылар өздеріне қажетті мәліметтерді дәптерлеріне түртіп алып отырды. «Қолдану» бөлімінде жаңа тақырып бойынша бірінші топқа пияздың,оның түрлері,  пайдасы,екінші топқа сарымсақтың түрлері ,пайдасы туралы  шағын әңгіме жазу тапсырылды. Бұл жұмысты қолданудағы мақсатым — оқушылардың өз ойларын жүйелі түрде құрып, және жүйелі түрде дәлелдей алу қабілеттерін дамыту болатын. Ал «Талдау» бөлімінде оқушылар  пияз тұқымдастары туралы алған білімдерін «БББ немесе Маркировка кестесіне» орналастырып шықты. «Жинақтау» бөлімінде сабақты қорытындылау мақсатында интерактивті тақтадан тапсырмалар мен тест тапсырмасын орындатқыздым. «Бағалау» бөлімінде оқушыларды бағалау үшін олардың алдарына алдын ала бағалау критерийлері жазылған парақшалар таратқан болатынмын.Ол критерийлерді ескере отырып, оқушылар өз-өздерін және бір-бірлерін бағалады. Рефлексияны «Ойлаудың алты қалпағы» әдісі бойынша жүргіздім. Алты түрлі қалпақ иесі болған оқушылар бүгінгі жаңа сабаққа,яғни пияз туралы  өз ойларын қалпақтың түстеріне қатысты критерийлер бойынша айтып шықты. «А»оқушым  Тоқтарға қызыл қалпаққа ие болып,пияз туралы ойын,бүгінгі сабақтан алған әсерін эмоциямен жеткізсе, «В» Арай  жасыл қалпақ иесі- бүгінгі сабақтағы шығармашылық ойлар,жаңа идеялар туралы айтып өтті.Ал көк қалпақ иесі «С»оқушым-Асылхан  алты қалпақтың айтқанын  бағалап, ойларын қорытындылады.Ал қалған оқушылар келесі сабақтан не күтетіндіктерін тілек түрінде  стикерге жазып ,тақтаға ілді. Осындай топпен өткізілген сабақтар оқушылардың пәнге қызығушылықтары мен белсенділіктері арта түседі.

 

Оқушылардың сабақтан кейінгі  рефлексия кезі