Мінез-адам көрсеткіші

337

Тақырыбы: Мінез-адам көрсеткіші

Сыныбы: 4 сынып
Мақсаты:

  • Оқушылардың мінез-құлық туралы түсініктерін кеңейту.Мінездегі жетістіктер мен міндерді ажырата білуге үйрету;
  • Жақсы мінез қалыптастыруға ықпал ету;
  • Адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: әңгімелесу, сұрақ-жауап , ойын

Сабақтың көрнекілігі: проектор, адамның мінез-құлқын жылдар, тағам, айлар  арқылы салыстыру суреттері, т.б. ).

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

Шаттық шеңбері:  «Сені көргеніме қуаныштымын, себебі…»

Жақсы мінез, жылы сөз-жан дәруі,

Жігіттің керек мұны аңғаруы.

Бейпіл сөйлеп, тік мінез танытқанның

Тіптен оңай адасып, сандалуы.

Мінездер бар жақсы-жаман, әр алуан,

Әдептілік әділдіктен нәр алған.

Кең болғанның кем болғанын көрмедім,

Теңізге ұқсап тасып жатқан шараңнан.

ІІ. Негізгі бөлім

Мінез –адам бойындағы қасиеттер мен ерекшеліктердің жиынтығы. Осы қасиеттер мен ерекшеліктер әр кезде әртүрлі қатынастарға байланысты байқалады. Мінез грекше-характер деген мағынаны білдіреді.Өзіне деген қатынас: өзімшіл, сыншыл,заттарға ұқыпты, қызметіне адал болуы мүмкін.

 

Ойланайық, пікірлесейік

  • Неліктен «Мінез-адам көрсеткіші» болады деп ойлайсыз?
  • Адамның жақсы мінезіне нелер жатады?
  • Мінезі жаман адамда жақсы қасиет бола ма?
  • Жаман мінезді қалай түзеуге болады деп, ойлайсыз?

 

Осы берілген сұрақтарға оқушылар шынайы түрде жауаптарын айтып, мінездің жақсы-жаман түрлерін, жаман мінездің адамның іс-әрекетіне кедергі келтіретінін, жақсы мінездің әрдайым жақсылыққа апаратынын айтып өтеді.

Абай

Ойға түстім, толғандым,

Өз мінімді қолға алдым,

Мінезіме көз салдым,

Тексеруге ойландым.

Өзіме-өзім жақпадым,

Енді қайда сыя алдым?

Бойдағы мінді санасам,

Тау тасынан аз емес.

Жүрегімді байқасам,

Инедейін таза емес.

Аршып алып тастауға,

Аспандағы саз емес.

Бәрі болды өзімнен,

Тәңірім салған наз емес.

Осыншама ақымақ болғаным

Көрінгенге қызықтым.

Ғаділетті жүректің

Әділетін бұзыппын.

Ақыл менен білімнен

Әбден үміт үзіппін;

Айла менен амалды

Меруерттей тізіппін;

Жалмауыздай жалаңдап,

Ар, ұяттан күсіппін;

Қулық пенен сұмдыққа

Құладындай ұщыппын;

«Сіз білесіз» дегенде

Күнге күйіп, пісіппін;

Мақтанбасқа мақтанып,

Деп жүріппін «пысықпын».

 

  • Абай айтқандай адам бойындағы міндердің бүгінгі күндегі көріністері қандай?
  • Өз бойыңыздағы мініңіз туралы ойланып көрдіңіз бе?

«Адамның мінезін түзеуге болмайды деген кісінің тілін кесер едім»-деп таусылыпты Абай. Сіздер ше , келісер ме едіңдер?

(оқушылардың пікірлері тыңдалады)

Туған жылыңның әсері
Қазақша жыл қайыру бо-йынша адам жасының он екі жылы бір мүшел болып саналады. Алайда адам өзінің алғашқы мүшеліне 13 жасында толады да, келесі мүшелін оған он екі жылды қосу арқылы анықтап, қалған мүшелдерін әрбір мүшел жасқа он екі жылдан қосу арқылы біліп отырады. Қазақша жыл қа-йыруға сәйкес 12 жыл 12 жануардың атымен аталған. Жұлдызнамашылардың айтуынша кім қай жылы туды, оның мінез-құлқы сол жыл аталған жануардың мінез-құлқына ұқсайтын болады. Әлқисса, ендігі әңгіме адамның туған жылына тұспа-тұс келетін мінез- құлық нышандары хақын-да.
1. Тышқан жылы туылғандар
Олар үсті-басын таза ұстап, сақ жүреді. Думан-той, ырду-дырдудан бойын аулақ салуға тырысады. Мінезі – тәкаппар, сәл нәр-сеге өкпелегіш.
2. Сиыр жылы туылғандар
Ұстамды келеді. Туғантуыстарының, өзінің қай-ғысына қатты күйзеліп, кім-ге болсын көмегін аямай- ды. Кейде бұл қылығы өзіне зиянын тигізеді. Адамдар бұлардың жақсылығын тез ұмытады, алайда қиыс басса, оған түсіністікпен қа-райды.
3. Барыс жылы туылғандар
Қызба мінезді, ашулан-шақ, басқаға билік жүр-гізгенді ұнатады, ешнәр-сеге көңілі толмайды, бір істі қолға алса, бөгет болған адамдарды ұнатпайды, оларды беттен алып, рен-жітіп тастайды.
4. Қоян жылы туылғандар
Қорқақ. Кез-келген нәр-седен үрейленеді, сыр сақ-тауға олақ. Маңызды істе өз бетінше шешім қабылдай алмайды. Қашанда көңіл-күйіне қарай әрекет ететін жан.
5. Ұлу жылы туылғандар
Тұйық мінезді, барынша қарапайым көрінуге тыры-сатын, байсалды, құпияны сақтай білетін, көбінесе үн-сіз жүруді ұнататын адам. Оның қолынан үлкен істерді атқару келеді, қай істі де өз ақылымен, оңаша шешуге ұмтылады.
6. Жылан жылы туылғандар
Сырт көзге ұяң, маңыз-ды істерден қашқақтап жүреді. Қойылған сауалға нақты жауап қайтармайды. Тайсақтап жауап береді. Басына пәле болып жабы-сатын нәрсе – тілі. Шамы-на тисе, ұяңдығын қойып, шынайы мінез-құлқын көрсетеді. Жаныңды жаралап алғың келмесе жыландар-дан аулақ жүр.
7. Жылқы жылы туылғандар
Олар – «жұмыс аты» сияқты. Жұмыстан ешқашан да жалықпай, таңертеңнен кешке дейін бір тыным тап-пайды. Әйтеуір, күні бойы ты-пырлап, мазасыз күй кешеді.
8. Қой жылы туылғандар
Сәл нәрсеге ашуланады, қисайған бетінен қайтпайды. Сондай сәттерде өзіне де, жанында жүргендерге де қа-уіпті. Өзін жарға жығатын мінезі – шешімді тым асығыс қабылдайтындығы.
9. Мешін жылы туылғандар
Олар — өзіне-өзі ғашық жан-дар. Сәнқой, ырду-дырдуы көп көңілді бас қосуларды ұнатады. Өзін өзгелерден ар-тық санайды.
10. Тауық жылы туылғандар
«Үйкүшік». Үй-үйелменіне қамқор болып, кез-келген адаммен тез тіл табысады, отбасында адал. Ақыл-ойы бір басына жетерлік.
11. Ит жылы туылғандар
Мінезі сөзшең, талас-тартыс, дау-дамайға лезде араласып кетеді. Оны өзі де білмей қалады. Алайда еш-кімге зияны жоқ.
12. Доңыз жылы туылғандар
Оңаша, табиғат аясында, бау-бақшада еңбек еткенді, көңілді кештерге қатысқан-ды ұнатады. Көп нәрсеге ба-сын қатырмайды, ол жөнінде көп ойланбайды. Отбасында бала-шағасы көп болады.

Туған айыңның әсері

Бір жылда он екі ай бар болса, олардың әрқайсы көктем, жаз, күз, қыс мезгілін білдіреді. Соған сәйкес ол кездегі ауа-райы қалай әр-түрлі болса, сол айларда туылғандардың да мінез-құлқы әрқилы. Біз енді сол жөніндегі болжамдарға назар аударалық.
Қаңтар айында туыл-ғандар Олар – шыдамды да жігерлі. Тағдырдың қандай тауқыметін тартса да туған- туыстарына салмақ түсірмейді, барлық ауыртпалықты өзі көтеріп, қайсарлық танытады.
Ақпан айында туылған-дар Олар – тік мінезді, ұстам- сыздық танытатын кездері көп. Мінезі көңіл күйіне бай-ланысты өзгеріп отырады. Жан-дүниесіне тән қасиет: қиындықтардан қорқуды біл-меу, тез шешім қабылдау, қандай шығынға батса да, оны өтеген соң қынжылмай ұмы-тып кету. Бұл айда туылғандар кекшіл, өзін жәбірлегендерді кешіре бермейді, әлсіздерді менсінбейді, үнемі ақкөңілді- лік, мейірімділік таныта қой-майды. Біреудің арамдығын іштей сезіп тұрса да, білме-ген сыңай танытады. Өзі сый- ластық танытқан адамы сый-ластықпен жауап қайтарма-са, ол туысы ма, досы ма, бә- рі бір, кейде онымен қарым-қатынасы «қатып» қалады. Негізінен, мұның бәрі осы айда туылған ер адамдарға тән. Олар сұлулықты, таза-лықты, әсем әуен, суреттерді, табиғатты сүйеді.
Наурыз айында туыл-ғандар Олар — өте сезімтал және әсершіл. Тек сәтсіздіктерге мо- йығыш, бұл қызметтегі өсуі-не басты кедергі. Егерде мойығыш, уайымшылдығын қо- йып, бірбеткейлік, табанды-лық танытатын болса, ал-майтын асуы аз.
Сәуірде туылғандар Көкек (сәуір) айында жа- рық дүние есігін ашқандар-дың мінезі – қатал. Олар өз мақсатына жету үшін батылдық, табандылық таны- тады, шешімді тез қабыл-дайды, өзіне-өзі есеп беріп, қателігін, кемшілігін, жетістігін саралап, салмақтап отырады. Өздерінің тұрмыс жағдайы оларды қатты толғандыра-ды. Бірқалыпты өмір сүргенді қалайды.

Мамырда дүниеге келген әйелдер кекшіл, өзіне жамандық жасағандарды оңайлықпен кешіре алмайды.

Маусым айында туыл-ғандар Олар – уайымшыл, жаны тез жараланғыш, өз істеріне байыппен, сергектікпен қа-рай-тындар. Дарындылық пен алғырлық, мейірімділік мінез- құлқына, бойына тән қа-сиеттер. Жақындары мінез-құлқын көп тани бермеуі, оларды тұйық санауы мүм-кін. Олар туыстарының олай ойлауына жол бергенімен, сырт адамдармен ашық-жар- қын қарым-қатынаста бола-ды, шешіліп сөйлеседі. Дау-дамайды ұнатпайды, одан бойын аулақ ұстайды.

Шілде айында туылған-дар Олар — өзімшіл, ұстамсыз, шыдамсыз болып келеді. Тәкаппар, өзін өзгелерге тәуелді етпейді. Алайда дос, жолдас, құрбыларының айтқанынан шыға алмайтын көнбіс.

Тамыз айында туылған-дар Олар – бірбеткей, қуатты, әсершіл. Жемісті еңбек етеді, кейде аңғал. Бұл айда дүние есігін ашқан ерлер – сезімтал, ай-наласындағылардан мақтау күтетін, өзін сынағандарды жек көретін, көбінесе алғаш-қы отбасысы ұзаққа бармайтын жандар.
Қыркүйек айында туыл-ғандар Олар – қызуқанды, әсершіл, мақсат қойғыш, жанжалқой, ақшаны үнемдеп жұмсайтын, өзін-өзі жақсы көретін, есеп-ке өте жүйрік жандар. Үнемі алдына белгілі бір мақсат қойып, соған жетудің жолын іздестіріп жүреді.

Қазан айында туыл-ғандар Олар – қарапайым. Бұл олардың басты ерекшелігі. Қазанда туылған ерлер өтірікке жақын, оның сөзі- нің қайсы шын, қайсы жал- ған, сезу қиын. Ақылды да достықты жоғары бағалай-тын, қаржымен байыпты жұмыс істейтін, шешімді көп ойланып қабылдайтын, оның алдында ақылды адамдар-мен сөйлесіп алатын, алай-да көбінесе өз көзқарасын дұрыс санайтын адамдар. Қазанда туылған әйел- дер – принципшіл. Сатқын-дық пен екіжүзділікті ке-шірмейтін, есте сақтау қа-білеті жоғары, өмір бойы шаңырағының шайқалмауы үшін күресетін жандар. Үй шаруасына пысық. Өзін сынағандарды жек көреді.

Қараша айында туыл-ғандар Бұлар – есепке жүйрік, өз тұрмыс жағдайы үшін ұнамсыз істерге де бара-тын, қасындағыларға сараң болғанымен, соңғы ақша-сына қыдыруға әзір адам- дар. Содан қаржы тапшы- лығын жиі көреді, бірақта одан қорытынды шығар-майды. Желтоқсан айында ту-ылғандар Олар – сезімтал және кө-ңілшек. Желтоқсанда кіндік қаны тамған ерлер ашуланғанда өзін-өзі ұстап тұра ал-майды. Содан сәл нәрсеге қабақ шытып, айқай-шу шығаруы мүмкін. Мінезінде ұрыншақтық бар. Жағым-сыз жайларға жиі себеп-кер болады. Бірқалыпты өмірден тез жалығады, қы-зуқанды, өте нәпсіқұмар, дос-жолдастарының көп болғанын қалайды.

Тағам арқылы мінез-құлықты анықтау

  1. Тәттіні ұнататындар – стресті игере алатын іскер, мақсат-мүддесі айқын адамдар. Олардың милары ақаусыз жұмыс істейді.
    2. Ет жегіштер – резоноперлер, мейірімсіздер деп те есептеледі. Олар өз мақсаттарына жету үшін неден болса да тайынбайды. Отбасында мазасыз, күдікшіл.
    3. Ұн тағамдары мен ұннан дайындалған әшекейлі оны – мұныларды сүйсініп жейтіндер өзгеге жамандық жасамайды. Құлшынысы кем, болбырлау келеді. Жұрттың әрекеттерін талқылап отыруға бейім. Жұмыс орнын көп өзгертеді. Отбасында момақан, үйдегілердің айтып жатқан сын-ескертпелерін жүре тыңдайды.
    4. Таптыра бермейтін экзотикалық тағамдар мен ащы тұздықтар, дәмдеуіштерге әуестер – ақылсыз, ұшқалақ, кірпияз, өтірікке бейім келеді. Сын көтермейді, өкпешіл, фантастикалық кітаптар оқиды, саяхатшыл. Достыққа өнімсіз. Жақсы басшы емес. Оған қаншама ақша құйылып жатқанымен сусып қолында тұрмайды.
    5.  Картоп жегіштер – флегматиктер, жатыпішерлер, бірақ қолға алған істері өнімді. Бірден шешім қабылдамайды. Бір мәселені шешсе, ол тиянақты. Салиқалы мәнді кітаптар оқиды, философиялық ой айтудан да қашпайды. Ғылыми теледидарларды көреді. 6.  Бәрін де жей беретіндер жан-жақты келеді. Олар еңбекқор. Балаларын да солай тәрбиелейді. Ұзақ өмір сүреді, ауырса тез жазылып кетеді.

Сергіту сәті.

Оқушылар кесте толтырып, ол туралы өз ойларын айтады.

Мінезімнің жақсы жақтары Мінезімнің міндері

 

«Жақсы мінез бітпес байлығың, жаман мінез-өмірлік азабың» деген қанатты сөздермен бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.